3. Мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсеткен кезде дербес деректерді ақпараттық жүйелер арқылы жинауға және өңдеуге дербес деректер субъектісінің келісімі электрондық құжат нысанында не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғау әрекеттерінің элементтерін қолдана отырып өзгеше тәсілмен беріледі.
Дербес деректер субъектісі дербес деректерді жинауға және өңдеуге «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген өзінің ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы, сондай-ақ бір реттік парольді беру жолымен немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабарды жіберу жолымен келісім беруге құқылы.
4. Дербес деректер субъектілері «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген жағдайда, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектілерін дербес деректерді ақпараттық іс-қимыл шеңберінде пайдаланудың, өзгертудің және толықтырудың барлық жағдайлары туралы «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті арқылы автоматты режимде хабардар етуге міндетті.
5. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздерден басқа, мемлекеттік орган мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың нақты қателері және дәлсіздіктері анықталған жағдайларда, оларды жою мақсатында дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің сұрау салуын алғаннан кейін оларды өзгертуді және толықтыруды жүзеге асыруы мүмкін.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1. Жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің Интернетте пайдаланушының ақпаратты орналастыруы бойынша қызметтер көрсетуі «электрондық үкімет» порталында сәйкестендіре отырып, жазбаша (оның ішінде электрондық) нысанда жасалатын келісім негізінде немесе келісім жасасу үшін бір реттік парольды қамтитын қысқа мәтіндік хабар жібере отырып, пайдаланушының жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурста тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Пайдаланушының ақпаратты орналастыруы өзінің атынан немесе бүркеншік аты (ойдан шығарылған аты) арқылы жүзеге асырылады. Дербес деректерді иесіздендіру келісімде айқындалатын негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.
Пайдаланушының Интернетте ақпаратты орналастыруы бойынша қызмет көрсететін электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесі немесе иеленушісі келісім жасалған кезде пайдаланылатын ақпаратты келісімнің қолданысының бүкіл кезеңінде, сондай-ақ ол бұзылғаннан кейін үш ай бойы сақтауға және жедел-іздестіру және қарсы барлау субъектілерінің жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізуі үшін ұйымдастырушылық және техникалық жағдайлар жасауға міндетті.
6. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Электрондық ақпараттық ресурстар функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларға сәйкес оларды иесіздендіру шартымен функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында серверлік үй-жайда орналасқан электрондық базада жүзеге асырады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ» АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІНІҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ
37-бап. Ақпараттық жүйелердiң түрлерi
1. Ақпараттық жүйелер меншік нысаны бойынша - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, қолжетiмдiлiк дәрежесі бойынша - жалпыға бірдей қолжетiмдi және қолжетiмдiлiгi шектелген болып табылады.
2. Бюджет қаражаты есебiнен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ мемлекеттiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк болып табылады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк емес болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау бөлігінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне теңестіріледі.
4. Жалпыға бірдей қолжетiмдi электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады.
5. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетiмдiлiгi шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.
6. Қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер:
1) құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік шифрлау құралдарын және (немесе) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өзге де қорғау құралдарын қолдана отырып қорғалуы жүзеге асырылатын мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелер;
2) құпия ақпараттық жүйелер болып бөлінеді.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелерді құру, өнеркәсіптік пайдалану, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау, өнеркәсіптік пайдаланылуын тоқтату және қорғау, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелер аудиті жүргізілмейді.
38-бап. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік цикліне сәйкес және:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды;
2) «электрондық үкiметтiң» архитектурасын және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды;
3) мемлекеттік органның бекітілген архитектурасын;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) «электрондық үкіметтің» басқа ақпараттандыру объектілерімен интеграциясын (қажет болғанда);
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингі жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылын;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құруды және оның жұмыс істеуін немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;
6) еркін бағдарламалық қамтылымның басымдығын;
7) сақтауға берілген бастапқы бағдарламалық кодтарды, бағдарламалық өнімдерді және бағдарламалық қамтылымды қайталап пайдалану мүмкіндігін;
8) сыныптауышқа сәйкес сынып беруді;
9) мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады, пайдаланылады және дамытылады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі және мемлекеттік емес ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік циклына сәйкес және мыналардың:
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісілген техникалық тапсырманың;
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар сынақтар актісінің;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің мемлекеттік емес ақпараттық жүйемен өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы ғана интеграциялануы талаптары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай талаптарының шарттары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады.
3. Электрондық ақпараттық ресурста қамтылған ақпарат, нормативтік-техникалық құжаттама, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің басқа да ілеспе құжаттары қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады және сақталады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің меншік иесі немесе иеленушісі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен кейін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін жүргізу үшін оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту сыныптауышқа сәйкес берілген сыныпты ескере отырып, мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілмен жүзеге асырылады.
2. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындыларды алу қажет.
3. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырылады.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру және дамыту:
1) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін әзірлеуді;
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалануды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүргізуді, оның ішінде:
тәжірибелік пайдалануды жүргізу рәсімдерін құжаттауды;
оңтайландыруды және анықталған ақаулар мен кемшіліктерді кейіннен оларды түзете отырып жоюды;
тәжірибелік пайдаланудың аяқталғаны туралы актіні ресімдеуді қамтиды.
Тәжірибелік пайдалануды жүргізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс;
3) осы Заңға сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынауды;
4) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін ендіруді;
5) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижесі бар акті болған жағдайда техникалық құжаттама талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді қамтиды.
5. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін дамыту оны осы бапқа сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту осы Заңға және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес осы баптың 3-тармағында көзделген нормаларды қолданбай жүзеге асырылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды
39-1-бап. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйесін құру және дамыту тәртібі
Арнаулы мемлекеттік органдардың міндеттерін іске асыруға арналған ақпараттық жүйе мынадай тәртіппен құрылады немесе дамытылады:
1) ақпараттық жүйені құру немесе дамыту туралы шешім қабылдау;
2) ақпараттық жүйені құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырма әзірлеу;
3) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға не бюджет қаражатын бөлмей, жұмыстарды жүзеге асыруға арналған техникалық ерекшелік пен есеп-қисаптарды әзірлеу;
4) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру не бюджет қаражатын бөлмей, жұмыстарды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес ақпараттық жүйені әзірлеу, тәжірибелік пайдалануды жүргізу, енгізу және өнеркәсіптік пайдалануға беру.
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйесін құру немесе дамыту жағдайларында осы баптың талаптары ескеріле отырып, осы Заңның 39-бабында көзделген нормалар қолданылады.
Арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту шығындары арнайы сарапшылық кеңес қорытындысының негізінде жоспарлайды (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзі дербес).
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 40-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижесі бар акті болған жағдайда техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға берген кезден бастап «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымының барлық нұсқасын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезінде:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуы;
2) электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуы, қорғалуы, олардың іркіліс болған немесе бүлінген жағдайда қалпына келтірілуі;
3) электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік көшіру және олардың уақтылы жаңартылып отырылуын бақылау;
4) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне жасалған өтініштер туралы мәліметтердің автоматтандырылған есебін алу, сақталуы және мезгіл-мезгіл архивтелуі;
5) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) ақпараттандыру объектісін қолдап отыру;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) ақпараттандыру объектісінің пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымына техникалық қолдау жасау;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
8) мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі құжаттардың пайдаланылуын, сондай-ақ оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (болғызбау);
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) кепілді мерзім кезеңінде анықталған қателер мен кемшіліктерді жоюды қамтитын өнім берушінің «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісіне кепілдікті қызмет көрсетуі қамтамасыз етіледі. Кепілдікті қызмет көрсету «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімге қамтамасыз етіледі.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 41-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін одан әрі пайдалану қажеттігінің болмауы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес өнеркәсіптік пайдалануды тоқтатуға және «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі туралы мәліметтерді өзгертуге әкеп соғады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін одан әрі пайдалану қажеттігінің болмауы туралы шешімді «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі интеграцияланған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің меншік иелерін және (немесе) иеленушілерін, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторын пайдаланудың тоқтатылу тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ете отырып, меншік иесі немесе иеленуші қабылдайды.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Есептен шығарылатын «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің электрондық ақпараттық ресурстары, техникалық құжаттамасы және бастапқы бағдарламалық кодтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архивке тапсырылуға жатады.
4. 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 41-1-баппен толықтырылды
41-1-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін есептен шығару
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін есептен шығару Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес, сараптама кеңесінің ұсынымы негізінде немесе мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкес меншік иесі қабылдаған шешім бойынша жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді есептен шығаруды мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иесі жүзеге асырады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау және резервтiк көшiру құралдарына қойылатын мiндеттi талаптар
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс iстеу сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, өңдеу және беру үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің меншік иесі немесе иеленушiсі, сондай-ақ оператор «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде қамтылатын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды сақтауды және қажет болған кезде оларды қалпына келтiрудi жүзеге асырады және мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың жоғалғаны, түрленгені немесе сақталуын өзге де қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында және тараптардың келісімінде белгiленген тәртiппен жауапты болады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың резервтiк көшiрмесiн дайындауды қамтамасыз ету «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің иеленушiсі немесе оператор үшiн мiндеттi болып табылады.
Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын резервтiк көшiрменi дайындау және сақтау тәсiлi келесi резервтiк көшiрменi дайындағанға дейiн электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік көшірудің мерзімділігі «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісіне арналған техникалық құжаттамада белгіленеді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 43-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қорғау бейінімен айқындалатын және ақпараттық қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыстар шартымен ресімделетін «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы қағидаларына сәйкес және ақпараттық қауіпсіздік талаптары сақталған кезде жүзеге асырылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау «электрондық үкіметтің» ақпараттық объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес «электрондық үкімет» шлюзі немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы (төлемдерді жүзеге асыру мақсаты үшін) жүзеге асырылады.