7) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына белгілі болған, таратылуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің оқиғаларын тіркеу журналдарына Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.
3. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Осы баптың 2-тармағының талабы ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының функцияларын өздерінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-3-баппен толықтырылды
7-3-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі:
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары және ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті қауіп-қатерлері туралы ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ оларды жою жөнінде ұсынымдар береді;
2) ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлеріне қарсы іс-қимылға бағытталған ұсынымдарды тұжырымдайды;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне және иеленушілеріне, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздіктің белгілі болған оқыс оқиғалары мен қауіп-қатерлері туралы хабарлайды.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.
3. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Осы баптың 2-тармағының талабы ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің функцияларын өздерінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-4-баппен толықтырылды
7-4-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы
1. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдеседі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары ақпараттық қауіпсіздігінің жедел және салалық орталықтарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
5) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асырады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің мерзімділігін белгілейді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
9) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
10) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады және оларды жою немесе олардың алдын алу жөніндегі ұсынымдарды қалыптастырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады.
2. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-5-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-5-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіретін ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы:
1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына қосылған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлерін талдау, бағалау, болжамдау және профилактикасы жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
2) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына қосылған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарынан келіп түскен ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;
4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қауіпсіздік қатерлері, бағдарламалық қамтылымның, жабдықтар мен технологиялардың осалдығы, ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің іске асырылу тәсілдері, ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты береді;
5) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына белгілі болған, таратылуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді.
1-тармақтың екінші бөлігі 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы қызметін осы Заңның 7-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы.
3. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-6-баппен толықтырылды
7-6-бап. Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган:
1) электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалардың салалық сараптамасын жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде электрондық өнеркәсіп саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
6) электрондық өнеркәсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;
7) электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізіліміне электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымын және өнімін енгізу жөніндегі өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;
8) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Сарапшылық кеңес
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сарапшылық кеңесті уәкілетті органның басшысы басқарады және оның құрамына лауазымды адамдар - мемлекеттік орган қызметінің ақпараттандырылуына жауапты мемлекеттік органдардың басшылары, уәкілетті органның, «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторының, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның және ақпараттандыру саласындағы өзге де ұйымдардың өкілдері аталған органдар мен ұйымдардың келісуі бойынша кіреді.
2. Сарапшылық кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сарапшылық кеңес ақпараттандыру саласындағы мәселелерді қарайды және ұсыныстарды және (немесе) ұсынымдарды тұжырымдайды.
Сарапшылық кеңестің өкілеттіктері мен қызмет тәртібі сарапшылық кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі арнайы сарапшылық кеңес құрады.
Оның ережесі мен құрамы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
Арнайы сарапшылық кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның жұмыс органы болып табылады.
9-бап. Орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi
Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың және мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингілеу және дамыту қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;
4) электрондық ақпараттық ресурстардың толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығы мен жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік органның архитектурасын бекітеді және оны іске асыру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
6) «электрондық үкiметтi» дамытуға қатысады;
7) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органның қарауындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
8) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді;
11) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;
14) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;
15) 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
17) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту кезінде тиісті қызмет салалары мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) операторға «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындайды;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды
17-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлерін, ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік бере отырып, жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 17-4) тармақшамен толықтырылды
17-4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, операторға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;
18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдардың құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде де айқындалады.
10-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi
Жергiлiктi атқарушы органдар:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын және мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларын ескере отырып, «электрондық үкiметтiң» архитектурасын, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;
4) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органның архитектурасын бекітеді және оны іске асыру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) «электрондық үкіметтің» «ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді;
9) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;
11) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастырады;
12) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды;
13) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;
14) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;
15) 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) операторға «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды
16-2) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындайды;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды
16-3) операторға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
11-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтын айқындайды.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты:
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 61-бабына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар береді;
3) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)