4. Кеден органының рұқсатымен АЭА аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге мынадай жағдайларда:
1) АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдық, өзге де негізгі өндірістік құралдар не көрсетілген негізгі өндірістік құралдардың бөлшектері болып табылатын көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне оларды жөндеу (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсету немесе осындай тауарларды қалыпты (жұмыс) күйінде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды жасау үшін әкетілетін;
2) көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне оларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру жөніндегі, оның ішінде өндірістік процесте көзделген операцияларды жасау үшін, сондай-ақ оларды үлгілер ретінде демонстрациялау үшін әкетілетін;
3) көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне осындай тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасауға құқылы кеден органында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жөніндегі кедендік операцияларды жасау үшін әкетілетін;
4) көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өзінің өндірістік және технологиялық мұқтаждықтары үшін әкетілетін жағдайларда жол беріледі. Мұндай жағдайда көрсетілген тауарларды АЭА аумағынан әкетуге жол берілетін шарттар, сондай-ақ мұндай әкетуге жол берілетін Қазақстан Республикасы аумағының бөлігін Комиссия айқындайды;
5) осы АЭА аумағында осындай тауарларға қатысты мұндай операцияларды жасауға жағдайлар мен мүмкіндіктер болмағанда, көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне жинауды, монтаждауды, шақтауды және Комиссия айқындайтын өзге де операцияларды қоса алғанда, тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды дайындау жөніндегі операцияларды жасау үшін әкетілетін жағдайларда жол беріледі. Мұндай жағдайда көрсетілген тауарларды АЭА аумағынан әкетуге жол берілетін жағдайлар мен шарттарды Комиссия айқындайды.
5. Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тауарлар осындай операциялар жасау мақсаттары мен мән-жайлары негізге алынып, кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін АЭА аумағына кері әкелуге жатады. Кеден органы белгілеген мерзім АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) уәжді өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін.
Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін аяқталуға тиіс. Кеден органы белгілеген мерзім АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) уәжді өтініш жасауы бойынша ұзартылуы мүмкін.
6. Кеден органының осы баптың 4-тармағында көрсетілген рұқсатты беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты АЭА аумағында осы тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беруді көздейтін мәмілелер жасалуы мүмкін. Бұл ретте осы баптың 8 және 10-тармақтарына сәйкес көрсетілген тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай беруге жол берілетін жағдайларды қоспағанда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіпте аяқталуға тиіс.
8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай иеленуге және (немесе) пайдалануға:
1) АЭА аумағында құрылыс және (немесе) монтаждау мердігерлік жұмыстарын жүзеге асыру үшін мердігерге (қосалқы мердігерге) немесе өзге де тұлғаға, оның ішінде АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға;
2) оларды тасымалдау үшін тасымалдаушыға;
3) жөндеуді (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және (немесе) осындай тауарларды қалыпты (жұмыс) күйінде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды жасайтын тұлғаларға;
4) өндірістік процесте көзделген, осындай тауарларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру жөніндегі операцияларды жасайтын, сондай-ақ оларды үлгілер ретінде көрсететін тұлғаларға;
5) порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда - порттық АЭА немесе логистикалық АЭА болып табылмайтын АЭА аумақтарында да осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген операцияларды жасайтын тұлғаларға;
6) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, АЭА аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты операцияларды жасайтын тұлғаларға беруге жол беріледі.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген тұлғаларға тауарларды иеленуге және (немесе) пайдалануға беру еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантын осы тарауда көзделген, еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтаудан босатпайды.
10. АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын уәкілетті орган белгілеген жағдайларда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) беруіне жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда тауарларды берудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.
Декларанттың еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі міндеті және осындай кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау жөніндегі міндет АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын осы АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) беруі туралы хабарлама тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органында тіркелген кезден бастап көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген тұлғаларға жүктеледі.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА-ға қатысты қолданылмайды.
11. Тұлға порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда, тұлға осындай мәртебесін жоғалтқан күннен бастап төрт ай ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды АЭА-ның осындай резидентімен (қатысушысымен, субъектісімен) қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан тұлғалар порттық АЭА немесе логистикалық АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) АЭА-ның осындай өзге резидентімен (қатысушысымен, субъектісімен) жасалатын қызметтер көрсету туралы шарттың негізінде беруі не олар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
Егер осындай әрекеттер көрсетілген мерзімде жасалмаса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімнің қолданылуы осы мерзім өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
12. Комиссия еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен жасауға болмайтын әрекеттердің, оның ішінде операциялардың тізбесін айқындауға құқылы.
286-бап. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру
1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер:
1) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртаңбаларды басу, цифрлық және басқа да таңбаларды салу;
2) шетелдік тауарлардың ауқымында егжей-тегжейлі сипаттау, фотосуретке түсіру, бейнелеу;
3) шетелдік тауарлардың және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын және (немесе) үлгілерін салыстыру;
4) тауарларда бар таңбалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түріндегі таңбалауды пайдалану;
5) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың сипатын және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша жасалатын операцияларды негізге ала отырып, оның ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жасаудың технологиялық процесінде пайдалану туралы,
сондай-ақ оларды өндіру технологиялары туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді қамтитын ұсынылған құжаттарды зерттеу жолымен немесе еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау уақытында кедендік бақылау жүргізу жолымен қолданылуы мүмкін өзге тәсілдер пайдаланылуы мүмкін.
2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
287-бап. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы және тоқтатылуы
1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда - АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе осындай шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде;
2) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда - тұлға осы мәртебесін жоғалтқан күннен бастап алты ай ішінде;
3) АЭА аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды:
осы Кодекстің 285-бабының 4-тармағында көрсетілген мақсаттарда;
осы баптың 8-тармағында белгіленген жағдайда кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес оларды бір АЭА аумағынан екінші АЭА аумағына тасымалдау үшін;
егер осындай тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан болса және өздері арналғандай түрде пайдалануға жарамсыз болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою үшін әкету жағдайларын қоспағанда, осындай тауарларды әкеткен жағдайда;
4) тауарлар осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тұтынылған жағдайда;
5) осы Кодекстің 285-бабының 8 және 10-тармақтарында көрсетілген жағдайларда тауарларды беруді қоспағанда, АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын осы баптың 8 және 9-тармақтарына сәйкес АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) не АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға берген жағдайда аяқталуға тиіс.
2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде тауарлардың декларанты ретінде мыналар:
1) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға;
2) осы Кодекстің 285-бабының 10-тармағына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі);
3) порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағындағы тауарларға қатысты - АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) немесе осы Кодекстің 282-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалар;
4) егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасына немесе 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аяқталатын болса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген, АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлға әрекет ете алады.
3. АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 5, 6, 8 және 9-тармақтары ескеріле отырып, оның аумағындағы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге орналастырумен аяқталады не осы баптың 10 және 12-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады.
Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған кезде немесе осындай АЭА аумақтарында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде Комиссия еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтаудың өзге де тәртібін айқындауға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған кезде осы кедендік рәсімнің қолданылуы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзім өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
4. Тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 5, 6, 8 және 9-тармақтары ескеріле отырып, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге орналастырумен аяқталады не осы баптың 10 және 13-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған кезде осы кедендік рәсімнің қолданылуы осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
5. АЭА аумағынан тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы:
1) мыналарды:
еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде әкетілетін шетелдік тауарларды;
егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 290-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылмаса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен;
2) мыналарды:
еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын;
Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған), оның ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған тауарларды;
егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 290-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды экспорт кедендік рәсімімен;
3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан әкетілетін шетелдік тауарларды осы Кодекстің 222-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
6. АЭА аумағынан тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы:
1) осы баптың 7-тармағы ескеріле отырып, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 7), 10), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен;
2) мыналарды:
табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде қалған, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын;
еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан ғана, оның ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары пайдаланылып дайындалған (алынған) тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен;
3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына әкетілетін шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
7. Егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың құрамына ішкі нарықты қорғау шараларының қолданылуына түсетін шетелдік тауарлар кіретін болса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осы тауарларда сәйкестендірілген жағдайда, осындай тауарлар АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын көрсетілген тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) берген кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осындай тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы берілген АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) осындай тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруы арқылы аяқталады.
Егер көрсетілген жағдайда тауарларды бір АЭА аумағынан екінші АЭА аумағына тасымалдау қажет болса, мұндай тасымалдау осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 24-тарауында көзделген тәртіппен және шарттарда кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары бір АЭА аумағынан екінші АЭА аумағына, егер мұндай АЭА-лар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағында орналасқан болса, осындай тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай тасымалданады.
9. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын көрсетілген тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға оларды АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін берген кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмай АЭА аумағынан әкетілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, осындай тауарларды осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру арқылы аяқталады.
10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 12 және 13-тармақтарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
1) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтып және өздері арналғандай түрде пайдалануға жарамсыз болып, АЭА аумағынан көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тәсілмен жою үшін әкетілсе, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады. Бұл ретте еркін кеден аймағы кеден рәсімінің қолданылуы көмілген, залалсыздандырылған, кәдеге жаратылған немесе өзге тәсілмен жойылған тауарлар санына сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бір бөлігіне қатысты көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру жолымен аяқталады, онда көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілі мен орны көрсетіледі. Еркін кеден аймағы кеден рәсімімен орналастырылған тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалған жағдайларда талап етілмейді. Осындай тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау үшін тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою кеден органы белгілеген мерзімдерде, осы тауарларды іс жүзінде көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою үшін қажетті уақыт, оларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілі мен орны негізге алынып, сондай-ақ егер қорытындыда осындай мерзімдер көрсетілген болса, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында көрсетілген мерзімдер ескеріліп жүргізіледі.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты есебінен жүргізіледі.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға бақылауды жүзеге асыратын кеден органы кеден органының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдерінен құратын комиссияның қатысуымен және декларанттың қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға бақылауды жүзеге асыратын кеден органы өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Тауарларды іс жүзінде көмгеннен, залалсыздандырғаннан, кәдеге жаратқаннан немесе өзге де тәсілмен жойғаннан кейін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісі жасалады, онда мынадай негізгі мәліметтер: