7. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның корреспонденттік шоты бойынша:
1) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе оның клиенттерінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауға (есепке жатқызуға);
2) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе оның клиенттерінің міндеттемелерін орындау мақсатында банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға не үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы нұсқауын орындауға;
3) көрсетілген шартта және осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға корреспонденттік шоттан қолма-қол ақша қабылдауды және оны беруді жүзеге асыруға;
4) корреспонденттік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге байланысты операциялар орындалады.
Корреспонденттік шоттар банктер арасында, сондай-ақ банктер мен «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктер арасында, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында, банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдары арасында ашылады.
Банктердің «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктерге корреспонденттік шоттар ашу және жүргізу ерекшеліктері, оның ішінде валюта мен операциялар тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1. Банктік шоттардан қолма-қол ақша беру кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес және, егер аз мөлшер банктік шот шартында көзделмесе және оны Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі белгілемесе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалған сомалар мөлшері шегінде жүзеге асырылады.
8. Осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген операциялар жүргізілмейтін, сондай-ақ банктегі немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы бухгалтерлік есептің позицияларын көрсететін шоттар, баланстық шоттың құрауыштары болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), оның ішінде несиелік шоттар банктік шоттар болып табылмайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Клиентке «эскроу-шот» режимінде банктік шот ашуға рұқсат етіледі.
Атына эскроу-шот ашылған тұлға клиент айқындаған шарттарды орындамаған және банктік шот шарты бойынша мұндай талаптардың басталу немесе орындалу мерзімі аяқталған жағдайларда, банк эскроу-шот ашқан клиентке ақшаны қайтарады.
Эскроу-шоттағы ақшаға эскроу-шот шартының талаптарына байланысты іс жөніндегі сот актісі бойынша ғана тыйым салуға және өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді
10. Клиенттердің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасына өндіріп алу қолданылған жағдайда, мұндай өндіріп алу клиенттердің банктік шоттарынан ғана жүргізіледі.
Банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдану банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өз міндеттемелері бойынша ғана жүргізіледі.
Мыналарға:
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға;
3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;
4) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатына;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-3) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) төлем талаптары негізінде банктік қарыздар бойынша клиенттердің алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттарындағы ақшасына;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшасына;
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
9) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын жинақ шоттарындағы ақшаға, төлем талаптары негізінде осындай банктік қарыздар бойынша өтелмеген негізгі борыш сомасы мөлшерінде;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
11) өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
12) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
Осы тармақтың үшінші бөлігі 6) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан, 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы тиісті шешімдері және (немесе) өкімдері не терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалар туралы уәкілетті органның ақпараты негізінде ақша жөнелтушінің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, сондай-ақ мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілер негізінде мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, клиенттің ақшасына тыйым салу туралы актілер негізінде ақша жөнелтушінің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттар бойынша, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға, инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ нотариус депозиті шарттарында енгізілген, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатына, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаға, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға, әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына тыйым салуға, шығыс операцияларын тоқтата тұруға, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қоюға, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер қоюға жол берілмейді.
Осы тармақтың екінші бөлігінің ережесі лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары қоятын шектеулерге қолданылмайды.
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операциялары уәкілетті мемлекеттік орган немесе лауазымды адам банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімін және (немесе) өкімін, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актіні кері қайтарып алғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қайта басталады.
Клиент салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген салықтық берешек сомасын өтеген жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді кері қайтарып алғанға дейін клиенттің банктік шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды.
Клиенттің банктік шотындағы ақшаға салынған тыйым клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар тұлғаның ақшаға тыйым салу туралы бұрын өзі қабылдаған актінің күшін жою туралы тиісті жазбаша хабарламасы негізінде не банктік шоттағы ақшаға бұрын салынған тыйымды орындау үшін берілген инкассолық өкімді банк орындағаннан кейін не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда алынады.
Ақша жөнелтушінің банкі осы Заңда айқындалған тәртіппен клиенттің банктік шоты жабылған кезде банктік шотқа қойылатын орындалмаған талаптарды, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілерді, клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін және (немесе) өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар тұлғалардың клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілерін орындамастан қайтарады.
13. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы акт, уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және(немесе) өкімдері, клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілер келіп түскен кездегі банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның әрекет ету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
28-бап. Банктік шотты жабу
1. Клиенттің банктік шотын жабуды клиенттің өтініші бойынша немесе осы Заңның 29-бабында көзделген тәртіппен банктік шот шартының, банктік салым шартының қолданылуы тоқтатылған не оларды орындаудан бас тартылған жағдайларда банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзі дербес жүзеге асырады.
Осы Заңның 29-бабының 3-тармағында көзделген, банктік шотқа қойылған орындалмаған талаптар болған кезде клиенттің өтініші бойынша банктік шотты жабуға жол берілмейді.
2. Банктік шот шартының және банктік салым шартының қолданылуы клиенттің - заңды тұлғаның таратылуына байланысты оның қызметі тоқтатылған жағдайда тоқтатылады. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттің заңды тұлғаның банктік шотын жабуды Бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы енгізілген мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
29-бап. Банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тарту негіздері мен тәртібі
1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:
1) клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) клиенттің банктік шотында (жинақ шотын, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған шоттарды қоспағанда) бір жылдан астам ақша қозғалысы болмаған;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен жасалған шартта көзделген жағдайларда, банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы Заңда және «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тартады.
3. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның:
1) банктік шотқа қойылатын орындалмаған талаптар немесе мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы алынбаған актілер, уәкілетті мемлекеттік органдардың және (немесе) лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері, сондай-ақ клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілер;
2) клиенттің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ұсынатын, экспортты (импортты) көздейтін валюталық шарт бойынша орындалмаған талаптар болған кезде банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартуына жол берілмейді.
4. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған және (немесе) клиент - заңды тұлға таратылған кезде банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда клиенттің банктік шотын жабуына рұқсат етіледі.
5. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда клиенттің банктік шотын жабуына рұқсат етіледі.
6. Егер банктік шот шартында немесе банктік салым шартында өзгеше тәртіп көзделмесе, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тарту туралы хабарламаны банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда бар мекенжай бойынша электрондық нысанда не оны алғаны туралы хабарламамен пошта арқылы жібереді.
7. Егер банктік шот шартында немесе банктік салым шартында өзгеше тәртіп көзделмесе, клиенттің банктік шотында ақша болмаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиентке банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң банктік шот шартын немесе банктік салым шартын бұзады және клиенттің банктік шотын жабуды жүзеге асырады.