Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегі № 367 және № 368 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 295 Қаулысы
(2022.09.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2022.09.03. № 114 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде:
6-тармақтағы «Мәдениет министрлігі» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi, төраға
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмірханұлы ақпарат және спорт вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Айталы - Қазақстан Республикасының Парламентi
Амангелдi Әбдiрахманұлы Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша)
Қамзабекұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Дархан министрлігінің Л. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетi
Гуманитарлық институтының директоры
Қасқабасов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Сейiт Асқарұлы министрлігі »М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты»
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының директоры
Оңғарсынова - Қазақстанның халық жазушысы, ақын
Фариза Оңғарсынқызы (келісім бойынша)
Шаханов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Мұхтар Шаханұлы Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша)
мына:
«Омаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бауыржан Жұмаханұлы министрлігі Тілдердi дамыту жөніндегі
департаментінің директоры, хатшы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Омаров - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Бауыржан Жұмаханұлы ақпарат және спорт министрлігі Тiл
комитетiнiң төрағасы, хатшы»;
көрсетiлген құрамнан Қасейiнов Дүйсен Қорабайұлы, Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, Әбдiрахманов Сләмқұл Әбдiрахманұлы, Әбдiлдин Жабайхан Мүбәракұлы, Керiмбаев Есенгелдi, Қалиұлы Жекен, Мұртаза Шерхан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д: Ахметов |