442. Комиссия өз қызметін медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған сәттен не медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізілмеді деп танылған сәттен бастап тоқтатады.
443. Комиссия құрамына:
1) медициналық техниканы қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес басшы, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері (келісім бойынша);
2) бірыңғай дистрибьютордың басшылары, қызметкерлері;
3) лизинг берушінің басшысы, қызметкерлері (келісім бойынша);
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган фармацевтикалық немесе медициналық өнеркәсіп бойынша аккредиттеген бейінді қауымдастықтардың басшының орынбасарынан төмен емес өкілдері (келісім бойынша);
5) «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасарынан (келісім бойынша) төмен емес өкілдері кіреді.
444. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және бес адамнан кем болмауға және он үш адамнан артық болмауға тиіс. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
445. Комиссия төрағасы болып бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы, комиссия төрағасының орынбасары болып дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы уәкілетті органның басшысы айқындалады.
446. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
447. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютордың қызметкері болып табылады, ол әлеуетті өнім берушілерден өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, комиссия отырысы өткізілгеннен кейін оның хаттамаларын рәсімдейді, келіп түскен өтінімдерді және өтінім салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналын жүргізеді, онда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ұсыну уақыты мен күні, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің (өтінім салынған конвертті ұсынған және конверттерді ашу рәсіміне қатысатын адамның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Келіп түскен өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілуге, беттері нөмірленуге, соңғы беті бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті адамының қолымен куәландырылуға тиіс.
448. Комиссия отырыстары комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
449. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі
450. Қажет болған кезде бірыңғай дистрибьютор бейінді мамандықтардан сарапшыны немесе сарапшыларды тартады.
451. Сарапшылар ретінде медициналық техниканың сұрау салынған үлгісінің бейіні бойынша мамандар және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының мамандары не медициналық техниканы сараптауды жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшылары тартылады.
452. Сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын медициналық техниканың сатып алынатын медициналық техниканың тізіміне сәйкес техникалық сипаттамалардың талаптарына сәйкестігі бойынша сараптамалық қорытынды береді және комиссия шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сараптамалық қорытынды әлеуетті өнім берушінің өтінімін ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберу туралы мәселені шешу кезінде комиссия қарайды.
453. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн қалғанда өзінің интернет-ресурсына мемлекеттік және орыс тілдерінде медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізетіні туралы хабарландыруды орналастырады.
454. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы мен банктік деректемелері;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бекітілген сатып алынатын медициналық техниканың атауы, әрбір атауы бойынша техникалық сипаттамасы, әрбір атауы бойынша бір бірлігінің және жиынтық бөлігінде шекті бағаны, тауардың әрбір атауы бойынша беру мерзімдері, медициналық техниканы беру кезеңінің ұзақтығын қамтуға тиіс сатып алынуға жататын медициналық техниканың тізбесі (мәліметтер көлемі ауқымды болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген ақпарат бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына ғана орналастырады);
3) берудің ұзақ мерзімді шартын жасау конкурсына қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні, уақыты және орны.
455. Берудің ұзақ мерзімді шартын жасау конкурсына қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін бірыңғай дистрибьюторға өтінімді желімделген түрде ұсынады.
456. Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін алынған, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің уәкілетті адамның қолымен куәландырылмаған өтінім қабылданбайды және оны ұсынған әлеуеті өнім берушіге қайтарылады.
457. Өтінімді өзгерту немесе кері қайтарып алу үшін әлеуетті өнім беруші өтінімді ұсыну мерзімі өткенге дейін бірыңғай дистрибьюторға жазбаша нысанда өтінімді өзгерту немесе кері қайтару туралы хабарлама жібереді.
458. Конкурстық өтінімді әлеуетті өнім беруші беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынады және соңғы парағы уәкілетті адамның қолтаңбасымен куәландырылады.
459. Конкурстық өтінімнің техникалық ерекшелігі (беттері нөмірленіп, тігілген түрде, олардың соңғысы уәкілетті адамның қолымен куәландырылып) конкурстық өтінімге бөлек қосылып беріледі және конкурстық өтініммен бір конвертке салынады.
460. Әлеуетті өнім беруші өтінімді әлеуетті өнім берушінің атауы және заңды мекенжайы көрсетілген конвертке желімделеді. Конверт бірыңғай дистрибьютордың хабарландыруында көрсетілген мекенжайға жіберіледі және мынадай: «Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс» және ______ дейін ашуға болмайды (хабарландыруда конверттер ашылатын күні және уақыты көрсетіледі)» деген сөздерді қамтуға тиіс.
461. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасау конкурсына қатысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкестігін растайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензиясының болуы;
2) жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
3) заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің болуы;
4) төлем қабілеттілігінің болуы, таратуға жатпауы, сатып алуды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрған болмауға тиіс;
5) отандық тауар өндіруші мәртебесінің болуы;
6) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің болмауы;
7) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде тұрмауы.
462. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзiмдi шартын жасауға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер мынадай құжаттар тізбесіне сәйкес өтінім береді:
1) медициналық техниканың (лоттардың) атауы көрсетілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе хабарландыру күнінен ерте берілмеген құрылтай шартының көшірмесі немесе қолданыстағы акция ұстаушыларының тізілімінің үзінді ұсынылады);
заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) рұқсаттардың (хабарламалардың) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады);
конкурсты хабарлау күнінің алдында бір айдан ерте емес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің бар-жоғы туралы құжат;
әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдында әлеуетті өнім берушінің анықтама берген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған және конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);
3) ұсынылатын тауардың нақты техникалық сипаттамалары көрсетілген қағаз және электрондық түрдегі (doc* форматында) техникалық ерекшеліктер;
4) белгіленген үлгідегі «CT-KZ» ішкі айналыс үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;
5) медициналық техниканы өндірудің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен 13485 ISO сапаны бақылау жүйесі стандартына сәйкестігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
6) ұсынылатын медициналық техниканың осы Қағидалардың 463-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
463. Сатып алынатын медициналық техникаға мынадай талаптар қойылады:
1) медициналық техниканың Қазақстан Республикасында тіркелуі немесе Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қорытындысының (рұқсат құжатының) болуы. Тіркеу тіркелуді растайтын құжаттың көшірмесімен немесе электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан алынған үзінді расталады. Тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;
2) медициналық техниканы таңбалау, тұтынушы қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулық және пайдалану құжаты Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптің талаптарына сәйкес келуі;
3) медициналық техника денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;
4) медициналық техника жаңа, бұрын пайдаланылмаған, беру сәтінің алдындағы жиырма төрт айда шығарылған болып табылады;
5) өлшеу құралдарына жататын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізілген. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесімен расталады. Өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу қажеттілігінің болмауы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның хатымен расталады;
6) жылжымалы кешен арнайы автокөліктен, медициналық техникадан, медициналық мақсаттағы бұйымдардан тұратын бірыңғай кешен ретінде тіркелген.
464. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді хабарландыруда көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
465. Комиссия конверттерді ашу кезінде рәсімдерді өткізу орнын, уақытын мен күнін көрсетіп, регламентті әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізеді. Регламент бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына да орналастырылады.
466. Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатыса алады.
467. Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде комиссия хатшысы қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен мекенжайларын, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері ұсынылған лоттардың атауларын хабарлайды және аталған ақпаратты өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында тіркейді.
468. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан сәттен бастап он жұмыс күні ішінде комиссия әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық өтінімдердің біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Әлеуеттi өнiм берушiлердiң банкроттық не тарату рәсiмiне қатысы жоқтығы бөлiгiнде олардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн нақтылау мақсатында комиссия банкроттық не тарату рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды, олардың жосықсыз өнім берушілер тізбесінде болуы бөлігінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
469. Комиссия регламентке сай күні мен уақытына сәйкес, бірақ конкурстық өтінімдерді қараудың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ашу хаттамасын (отырыс өткізу және бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыру арқылы) әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізеді, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген, конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
2) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің мазмұны;
3) конкурстық өтінімдері толықтырулар мен өзгерістерді талап етпейтін әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
4) конкурстық өтінімдеріне ескертулер болған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
5) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдеріне ескертулер;
6) комиссия көрсеткен ескертулерді жою үшін толықтырулар енгізу мерзімі;
7) екі конкурстық өтінімнен аз өтінім ұсынылған лоттардың нөмірлері.
470. Комиссия көрсеткен ескертулерді жою мерзімі ашу хаттамасы жария етілген күнді қоспағанда, үш жұмыс күнін құрайды.
471. Ескертулер жойылғаннан кейін конкурстық өтінімді беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген толықтырулар түріндегі өзгертілген конкурстық өтінім ашу хаттамасында көрсетілген өзгерістер енгізу мерзімдерінде комиссияның хатшысына ұсынылады.
472. Толықтырулар салынған конверттерді ашуды комиссия ашу хаттамасында көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырады. Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері конкурстық өтінімдерге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
473. Өзгерістер енгізу үшін мерзімінде ұсынылған конкурстық өтінімдерге толықтырулар зерделенгеннен кейін комиссия регламентке сәйкес күні мен уақытында, бірақ толықтырулар салынған конверттер ашылатын күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін жариялайды.
474. Әлеуетті өнім берушілерді ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберу хаттамасына комиссия ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін жария еткен күні қол қояды. Бірыңғай дистрибьютор жіберу хаттамасына комиссия мүшелері қол қойған күннен кейін келесі жұмыс күні оны өзінің интернет-ресурсына орналастырады және мынадай ақпаратты қамтиды:
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген конкурстық өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
2) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің мазмұны;
3) конкурстық өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
4) конкурстық өтінімдеріне комиссияның ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атаулары, сондай-ақ өтінімдерге толықтырулар ұсыну туралы ақпарат;
5) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне әлеуетті өнім берушілерді жіберу туралы комиссияның шешімі.
475. Комиссия ұсынылған өзгерістерді зерделегеннен кейін, егер:
1) ұсынылған өтінім осы Қағидалардың 462-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
2) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 461-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) әлеуетті өнім беруші ұсынатын медициналық техника осы Қағидалардың 463-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
4) егер сарапшы әлеуетті өнім беруші ұсынған медициналық техниканы техникалық сипаттамалардың (техникалық ерекшеліктердің) талаптарына сәйкес келмейді деп таныса;
5) ұсынылған техникалық ерекшелікте ұсынылып отырған медициналық техниканың техникалық сипаттамасы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының сайтына орналастырылған тіркеу куәлігінде және (немесе) олардың тіркеу дерекнамасында көрсетілген техникалық сипаттамаға және (немесе) жинақталуына сәйкес келмесе, конкурстық өтінімді толық не лоттар бойынша қайтарады.
476. Конкурсқа лотта тек бір ғана отандық өндіруші қатысқан жағдайда, ол осы тарауда көзделген біліктілік және өзге де талаптарға сәйкес келген кезде соңғысымен автоматты түрде ұзақ мерзімді шарт жасалады.
477. Лот бойынша бәсекелестік орта болған жағдайда, комиссия жеңімпазды ең жоғары бағалық жеңілдік рәсімі бойынша айқындайды.
478. Бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына жіберу хаттамасы орналастырылған күннен бастап екінші жұмыс күні комиссия ең жоғары бағалық жеңілдік рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілерден бағалық жеңілдіктерді қабылдауды бастайды.
479. Әлеуетті өнім беруші бағалық жеңілдікті беруге уәкілетті адамның қатысуын қамтамасыз етеді.
480. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағалық жеңілдігі бірінші басшының немесе осындай бағалық жеңілдікке қол қоюға уәкілетті адамның қолы қойылған лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті көрсетіп, жазбаша түрде ұсынылады.
Бағалық жеңілдіктің ең төменгі қадамы бір пайызды құрайды.
481. Әлеуетті өнім беруші қандай да бір лот бойынша бастапқы бағалық жеңілдікті ұсынбаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті бағалық жеңілдікті ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тиісті лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
482. Егер тиісті лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысудан шеттету нәтижесінде бір ғана өнім беруші қалса, соңғысы жеңімпаз деп танылады.
483. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілер ұсынған барлық бағалық жеңілдіктерді, оның ішінде лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті жариялайды және оларға бастапқы бағалық жеңілдікті ұлғайтуды ұсынады.
484. Түпкілікті бағалық жеңілдіктерді қабылдау уақыты комиссия хатшысының осындай бағалық жеңілдіктерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаған сәтінен бастап бес минутқа дейінгі уақытты құрайды.
485. Егер бастапқы бағалық жеңілдікті ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті бағалық жеңілдікті ұсынбаса, комиссия оның бастапқы бағалық жеңілдігін түпкілікті ретінде қабылдайды.
486. Ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсімі ең жоғары бағалық жеңілдік біреу болған жағдайда түпкілікті болып табылады
487. Лот бойынша бірдей екі түпкілікті бағалық жеңілдік болған жағдайда жеңімпаз «СТ КZ» сәйкес қазақстандық қамтудың ең көп үлесі бойынша айқындалады.
488. лот бойынша бірдей екі бағалық жеңілдік және «СТ КZ» сәйкес бірдей қазақстандық қамту үлесі болған жағдайда, конкурсқа қатысуға арналған өтінімді бірінші берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
489. Бағалық жеңілдігі басқа бағалық жеңілдіктерге қарағанда ең жоғары болып табылатын әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
490. Ұсынылған бағалық жеңілдік берудің ұзақ мерзімді шартының әрекет ету мерзімінде қолданылады. Бағалық жеңілдік ұлғаю жағына өзгереді және азаю жағына қарай өзгермеуге тиіс.
491. Ұсынылған бағалық жеңілдік сатып алу жылына медициналық техниканың бағаларына мынадай формула бойынша қолданылады:
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті баға бағалық жеңілдікті азайтқанда, медициналық техниканың бағасына теңеседі.
492. Комиссия отырыста қорытынды шығарады және хаттамаға қол қояды.
493. Қорытындылар хаттамасында:
1) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімінің күні, басталу және аяқталу уақыты;
2) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен мекенжайлары;
3) лоттардың атаулары мен қысқаша сипаттамасы;
4) бір де бір әлеуетті өнім беруші шықпаған лоттардың атаулары;
5) конкурстың қорытындысы бойынша айқындалған ең жоғары жеңілдік;
6) конкурс жеңімпаздарының атаулары мен мекенжайлары;
7) автоматты түрде берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын әлеуетті өнім берушінің бір ғана өтінім ұсынғаны туралы ақпарат көрсетіледі.
494. Ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімі аяқталған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор лоттар бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу конкурсының қорытындылар хаттамасын интернет-ресурста жариялайды.
495. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу конкурсы мынадай:
1) лот бойынша ұсынылған өтінімдер болмаған;
2) лот бойынша ұсынылған барлық өтінімдер бас тартылған;
3) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімі кезінде барлық әлеуетті өнім берушілердің бағалық жеңілдікті ұсынбаған жағдайларда, тұтастай не жекелеген лоттар бөлігінде өткізілмеді деп танылады.
496. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық техниканы берудің үлгілік ұзақ мерзімді шартына сәйкес оған қол қойылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурс қорытындыларының хаттамасы негізінде медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасайды.
497. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға конкурс қорытындыларының хаттамасын және техникалық ерекшеліктердің көшірмелерін, бір бірлікке және жиынтық бөлінісіндегі құнын, тауардың әрбір атауы бойынша қағаз және электрондық түрдегі (doc* форматында) беру мерзімдерін қоса бере отырып өткізілген конкурстың қорытындылары және конкурс жеңімпаздарының тізімімен ақпараттық хатты жібереді.