3. Талапкер қылмыстық істе азаматтық талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
4. Азаматтық талап қоюдың соттылығы ол берілген қылмыстық істің соттылығымен айқындалады және қылмыстық іспен бірге қаралады.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Азаматтық талап қою азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қойылады.
6. Күдікті адамның анықталмауы қылмыстық iсте азаматтық талап қоюға кедергі болмайды.
7. Азаматтық талап қоюдың негіздерін және талап қою талабының мөлшерін нақтылау қажет болған кезде тұлға талап қоюды толықтыруға құқылы.
8. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтарының немесе иммунитетiнiң болуына байланысты күдікті деп танылуға жатпайтын адамға азаматтық талап азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылуы мүмкiн.
168-бап. Залалды өтеудiң негiздерi, шарттары, көлемi және тәсілі туралы қағидаларды қолдану
1. Қылмыстық iсте қойылған азаматтық талапты қарау кезiнде залалды өтеу негiздерi, шарттары, көлемi мен тәсілі азаматтық, еңбек және басқа да заңнама нормаларына сәйкес айқындалады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
169-бап. Талап арызды қайтару, талап қоюдан бас тарту
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық талапкер қылмыстық процестің кез келген сатысында талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеуге құқылы. Талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында берiледі және қылмыстық iске қоса тiгіледі. Егер талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме сот отырысында мәлімделсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық талапкердің қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгі іс жүргiзу сатысында талап қоюдан бас тарту туралы арызы жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында берiледі және қылмыстық iс материалдарына қоса тiгіледі. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы сот отырысында бiлдiрiлсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.
3. Сот талап қоюдан бас тартуды сот талқылауының кез келген сәтінде, бiрақ сот үкiмді қаулы ету үшiн кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн қабылдайды.
Сот талап қоюдан бас тартуды қабылдағанға дейін азаматтық талапкерге талап қоюдан бас тартуды қабылдау ол бойынша іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соғатынын және нақ осы тараптар арасындағы нақ осы нысана туралы дау бойынша және нақ осы негіздер бойынша, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде, сотқа қайталап жүгінуді болғызбайтынын түсіндіруге міндетті.
4. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы заңға қайшы болса немесе кімнің болса да құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот бұл әрекетті қабылдамайды.
170-бап. Азаматтық талап қою бойынша шешiмдер
1. Сот қылмыстық істегі азаматтық талап қоюды қарау қорытындылары бойынша:
1) азаматтық талап қоюды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;
2) азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) азаматтық талапкердің азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына беру туралы;
4) азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдау және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
5) азаматтық талап қою бойынша татуласу келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
6) азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін шығарады.
Іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы шығарған кезде сот азаматтық талап қоюды толық қанағаттандырады.
2. Сот айыптау үкiмiн қаулы еткен немесе есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарған кезде азаматтық талап қоюды толық немесе iшiнара қанағаттандырады не оны қанағаттандырудан бас тартады.
Азаматтық талап қою толық немесе ішінара қанағаттандырылған жағдайларда сот үкімде оны азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындау үшін мерзімді белгілейді және көрсетеді. Соттың үкімі ерікті түрде орындау үшін берілген мерзім ішінде азаматтық талап қою бөлігінде орындалмаған жағдайда, сот үкімді азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындату үшін жібереді. Мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Сот қылмыстық iстi талқылауды кейiнге қалдырмай азаматтық талап қою бойынша егжей-тегжейлі есеп-қисап жүргiзу мүмкiн болмаған кезде азаматтық талапкердің талап қоюды қанағаттандыру құқығын тани алады және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына бере алады.
4. Сот ақтау үкімін қаулы еткен, сол сияқты есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі істі тоқтату туралы қаулы шығарған кезде, егер қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған іс-әрекет анықталмаса не сотталушының немесе өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе шешiлген адамның қылмыстық құқық бұзушылық немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған іс-әрекетті жасауға қатысқаны дәлелденбесе не кінәсі анықталмаса, азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тартады.
5. Сот татуласу келісімін бекіткен, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізілген не азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдаған жағдайларда, сот азаматтық талап қою бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.
6. Сот талап қоюды:
1) сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталған;
2) жасаған іс-әрекетінiң сипатына және өзiнiң жай-күйiне қарай қоғам үшiн қауiп төндiрмейтiн және мәжбүрлеп емдеуге мұқтаж емес есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негiздер болмауына байланысты iс тоқтатылған;
3) іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5), 7), 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған;
4) азаматтық талапкердің бұл туралы өтінішхаты болған жағдайларда, қараусыз қалдырады.
Азаматтық талап қоюды заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
171-бап. Азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету
Азаматтық талапкер азаматтық талап қойған кезде қылмыстық қудалау органы оны қамтамасыз ету шараларын қолдануға міндетті. Егер мұндай шаралар қолданылмаған болса, сот басты сот талқылауына дайындалу кезінде осы Кодекстің 325-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органын оларды қолдануға міндеттейді. Азаматтық талап сот талқылауы сатысында қойылған кезде сот азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету туралы қаулы шығарады.
172-бап. Соттың үкiмiн және қаулысын азаматтық талап қою бөлiгiнде орындау
Сот азаматтық талап қоюды толық көлемде немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған кезде соттың үкімін, қаулысын азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындау үшін мерзім белгілеуге құқылы, бұл ретте азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген орындауды кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту қағидалары қолданылуы мүмкін. Сот актісін азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры
1. Жәбірленушілердің Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен өтемақы алуға құқығы бар.
2. Мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарына сәйкес өндіріп алады.
3. Өтемақы ретінде төленген ақшаны өтеу жөніндегі міндетті сот «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде:
1) кінәлі адамға;
2) қылмыс жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдеріне;
3) жеке тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылығымен келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болатын заңды тұлғаға жүктейді.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 12) тармақтарында, 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы осы баптың үшінші бөлігінде аталған тұлғалардан «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде Жәбірленушілерге өтемақы қорына азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ақшаны өндіріп алу үшін негіз болып табылады.
5. Жәбірленушілерге өтемақы қорынан жәбірленушілерге төленген ақша олардың өтемақы алу үшін анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделмеген құрамдарға қайта сараланған және қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан қылмыстық іс тоқтатылған не соттың ақтау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, жәбірленушіден өндіріп алуға жатады.
21-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ШЕККЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ӨТЕУ
174-бап. Заң көмегіне ақы төлеу
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың қорғаушысы мен өкілінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, адвокат сотқа дейінгі іс жүргізуге не сотқа клиентпен шарт жасаспай, тағайындау бойынша қорғаушы ретінде не жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) өкілі ретінде қатысқанда адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қылмыстық процестi жүргiзетiн орган бұған негіздер болған кезде күдіктiнi, айыпталушыны, сотталушыны заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы, бұл туралы уәжді қаулы шығарады.
175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы:
1) егер жұмысты қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындаса - жұмыс орны бойынша жалақы;
2) егер орындалған жұмыс олардың лауазымдық мiндеттерiнiң аясына кiрмесе және оны жұмыстан тыс уақытта орындаса - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерлемелер шегiнде бюджет қаражаты есебiнен сыйақы;
3) егер жұмысты тараппен уағдаластық бойынша орындаса - осы тараппен жасалған шартта айқындалған мөлшерде сыйақы алады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көзделген жағдайда, сыйақы аудармашы, маман, сарапшы шотты бергеннен кейiн шығарылған қылмыстық процестi жүргiзетін органның қаулысы негiзiнде төленеді.
176-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын тұлғалардың шеккен шығыстарын өтеу
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, олардың заңды өкілдерінің, қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша қорғаушы немесе жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) өкілі ретінде заң көмегін көрсететін адвокаттардың, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда куәгердің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәнің, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың мынадай шығыстары:
1) қылмыстық процесті жүргiзетін органның шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстары:
темiржол, су, автомобиль (таксидi қоспағанда) көлiгiмен және сол жерде бар басқа да көлiк түрлерiмен жол жүру құны, ал қылмыстық процестi жүргізетін органның келiсімiмен - әуе көлiгiмен жол жүру құны;
қызметтiк iссапарларға ақы төлеу үшiн қабылданған нормалар бойынша ұйым, жұмыс берушi осы шығыстарды өтемейтiн жағдайда тұрғын үй-жайды жалдау құны;
2) қылмыстық процестi жүргізетін органның талабы бойынша бұл адамдардың тұрақты тұрғылықты жерiнен тысқары жерде тұруы қажет болған кезде және тәулiктiк ақыны ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн жағдайда - тәулiктiк ақы;
3) орташа жалақысын ұйым, жұмыс берушi сақтайтыннан басқа жағдайларда, қылмыстық процестi жүргізетін органның талабы бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыт үшiн орташа жалақы;
4) тұлғаның қылмыстық процестi жүргізетін органның талабы бойынша тергеу iсiне немесе басқа да процестік әрекетке қатысуы салдарынан сапасын жоғалтқан немесе жоғалған мүлiктi қалпына келтiруге немесе сатып алуға арналған шығыстар бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.
2. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жәбiрленушiнiң, оның заңды өкiлiнiң, куәгердiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәның, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың қылмыстық процестi жүргiзетін органның талабы бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыты iшiндегi орташа жалақысын сақтауға мiндеттi.
3. Маман мен сарапшыға оларға тиесiлi химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезiнде жұмсалған басқа да шығыс материалдарының құны да, сондай-ақ жұмысты орындау үшiн олардың жабдықты, коммуналдық және басқа да қызметтерді пайдаланғаны үшiн төлеген ақысы өтеледi.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған тұлғалардың қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шеккен шығыстары олардың арызы бойынша қылмыстық процестi жүргізетін орган қаулысының негiзiнде, заңнамада белгiленген мөлшерде өтелуге жатады. Көрсетілген шығыстарды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Көрсетілген шығыстар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған тұлғаларды тергеу әрекетіне қатысуға не осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда тартқан тараптың есебiнен өтелуi де мүмкiн. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақтарында көзделген шығыстарды қылмыстық процестi жүргізетін орган заңнамаға сәйкес өз бастамасымен өтеуi мүмкiн.
22-тарау. ПРОЦЕСТІК ШЫҒЫНДАР
177-бап. Процестік шығындар
Процестік шығындар:
1) куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куәгерлерге осы Кодекстiң 174, 175-баптарында көзделген тәртiппен төленетiн сомалардан;
2) тұрақты жалақысы жоқ куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, куәгерлерге оларды әдеттегі айналысатын кәсібінен қол үздiргенi үшiн төленетiн сомалардан;
3) жұмыс iстейтiн және тұрақты жалақысы бар куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың заңды өкiлдерiне, куәгерлерге олардың қылмыстық процестi жүргiзетін органға шақыртылуына байланысты кеткен барлық уақыты ішінде толық ала алмаған жалақысын өтеу үшiн төленетiн сомалардан;
4) сарапшыларға, аудармашыларға, мамандарға олардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында немесе сотта өз мiндеттерiн қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындағаннан басқа жағдайларда орындағаны үшiн төленетiн сыйақыдан;
«Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 10 Нормативтік қаулысын қараңыз
5) күдіктi, айыпталушы немесе сотталушы заң көмегі көрсетілгені үшін ақы төлеуден босатылған не адвокат анықтауға, алдын ала тергеуге немесе сотқа тағайындау бойынша қатысқан жағдайда, қорғаушының заң көмегiн көрсеткенi үшiн төленетiн сомалардан;
6) жәбірленушінің өкілі (жекеше айыптаушы) заң көмегі көрсетілгені үшін ақы төлеуден босатылған жағдайда, ол төлейтін сомалардан;
7) заттай дәлелдемелердi сақтауға және жіберуге жұмсалған сомалардан;
8) сот сараптамасы органдарында сараптама жүргiзуге жұмсалған сомалардан;
9) тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны iздестiруге байланысты жұмсалған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес есептелген сомалардан;
10) күдікті, айыпталушы, сотталушы тергеушiге немесе сотқа дәлелді себепсіз келмеген жағдайда, оларды күштеп әкелуге байланысты, сондай-ақ сотталушының сотқа дәлелді себепсіз келмеуiне не оның мас күйде келуiне байланысты сот талқылауын кейінге қалдыруға байланысты жұмсалған сомалардан;
11) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шеккен өзге де шығыстардан құралады.
178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу
1. Процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде қарайды. Егер іс бойынша іс жүргізу қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде аяқталса, тергеу судьясы процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені прокурордың ұсынуы бойынша қарайды. Сот процестік шығындарды күдіктіге, айыпталушыға, сотталған адамға жүктеуi мүмкiн немесе олар мемлекет есебiне қабылданады.
2. Сот аудармашыға төленген сомаларды қоспағанда, процестік шығындарды сотталған адамнан өндіріп алуға құқылы. Процестік шығындар жазадан босатылған сотталған адамға да жүктелуі мүмкін.
3. Іске аудармашының қатысуына байланысты процестік шығындар мемлекет есебіне қабылданады. Егер аудармашы өз функцияларын қызметтiк тапсырма тәртiбiнде орындаса, оның еңбегiне ақы төлеудi мемлекет аудармашы жұмыс iстейтiн ұйымға өтейдi.
4. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі (жекеше айыптаушы) ретінде заң көмегін тегін көрсеткен адвокаттың іске қатысуына байланысты процестік шығындар, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, бюджет қаражатының есебіне жатқызылады.
5. Сотталушы ақталған немесе іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақтарына сәйкес тоқтатылған жағдайда, процестік шығындар мемлекет есебіне қабылданады. Егер сотталушы iшiнара ғана ақталса, сот оны ол кiнәлi деп танылған айыптауға байланысты процестік шығындарды төлеуге мiндеттейдi.
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Процестік шығындар өндіріп алынуға тиiс адам мүлiктiк жағынан дәрменсiз болған жағдайда, олар мемлекет есебiне қабылданады. Егер процестік шығындарды төлеу сотталған адамның асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететiн болса, сот сотталған адамды процестік шығындарды төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұйрықты іс жүргізу тәртібімен айыптау үкімін шығарған кезде сот сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып, оны процестік шығындарды төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.
7. Iс бойынша бiрнеше сотталушыны кiнәлi деп тани отырып, сот процестік шығындар олардың әрқайсысынан қандай мөлшерде өндірілуге тиiс екенiн белгiлейдi. Бұл ретте сот сотталған адамның кiнәсiнiң сипатын, оның қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылық дәрежесiн және мүлiктiк жағдайын ескереді.
8. Сот кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша процестік шығындарды төлеуді кәмелетке толмаған адамның ата-анасына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға жүктей алады.
9. Сотталушы жекеше айыптау iсi бойынша ақталған кезде сот процестік шығындарды шағымы бойынша iс жүргiзу басталған тұлғадан толық немесе iшiнара өндіріп алуға құқылы. Іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған кезде процестік шығындар сотталушыдан өндіріп алынады.
10. Күдікті, айыпталушы қайтыс болған жағдайда, олардың мұрагерлері процестік шығындарға байланысты міндеттемелер бойынша жауаптылықта болмайды.
11. Процестік шығындарды өндіріп алу құқығы соттың тиiстi шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл өткен соң ескіруіне орай тоқтатылады.
12. Процестік шығындар туралы деректер болған жағдайда, осы баптың алтыншы бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қылмыстық қудалау органы процестік шығындарды өндiріп алуды қамтамасыз ету шараларын қолдануға мiндеттi.
ЕРЕКШЕ БӨЛІК
6-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ ІС ЖҮРГІЗУ
23-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІҢ БАСТАЛУЫ
179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не кезек күттірмейтін бірінші тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі.
Мынадай:
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар туралы, тексерулер, ревизиялар, аудит актілерімен және олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын басқалармен расталған нұқсан туралы, елеулі зиян не заңсыз кіріс, медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны, медициналық көмек көрсетуге міндетті адамның науқасқа оны көрсетпеуі, клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу туралы мәліметтері жоқ;
2) жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танымаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделген бұзушылықтар жөнінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды.
Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген талаптар шарттық міндеттемелердің жосықсыз орындалғаны туралы ұжымдық, көптеген арыздар беру жағдайларына қолданылмайды.
2. Осы Кодекстің 184-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз және хабар тіркелгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау мен бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізеді. Сонымен бір мезгілде олар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың және хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелуіне, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып тіркелуіне шара қолдануға міндетті.
3. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге міндетті.
4. Келіп түскен арызда, хабарда әкімшілік құқық бұзушылық не тәртіптік теріс қылық белгілері туралы мәліметтер болған кезде жолданым үш тәуліктің ішінде ілеспе хатпен тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға беріледі.
5. Келіп түскен арызда, хабарда олар бойынша қылмыстық қудалау жекеше тәртіппен жүзеге асырылатын мәліметтер болған кезде материалдар соттылығы бойынша тиісті сотқа жіберіледі, ол туралы арыз иесі хабардар етіледі.
6. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу арызды, хабарды осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен қарауға кедергі болмайды.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 180-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер
1. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, атап айтқанда: