61-21) экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту;
61-22) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
61-23) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
61-24) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту;
61-25) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды әзірлеу және бекіту;
61-26) республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту;
61-27) сырттай және кешкі оқу нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту;
61-28) формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
61-29) формальды емес білім беретін ұйымдарды тану қағидаларын әзірлеп, бекіту және формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесін қалыптастыру;
62) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
63) баланың құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және бағыттау;
63-1) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
64) ведомстволық бағынысты ұйымдарды бюджет қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен қаржыландыруды жүзеге асыру;
65) техникалық және кәсіптік білім алу үшін жоғары техникалық мектептерге оқуға қабылдау шарттарын айқындау;
66) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен жасалатын үлгілік шартты бекіту;
67) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген білім алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшеліктерін айқындау;
68) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды айқындау;
69) білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде шағын жинақты мектептер қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту;
69-1) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесін қалыптастыру және бекіту;
70) білім беру ұйымының ғылыми кеңесін сайлау тәртібін және алқалы басқарудың өзге де нысандарын қоса алғанда, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту;
71) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін үйлестіруді жүзеге асыру;
72) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
73) ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
73-1) ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
74) балалар ауылындағы отбасында балаларды күтіп-бағуды және тәрбиелеуді жүзеге асыратын тәрбиеші ананы конкурстық іріктеу тәртібін айқындау;
75) балалар ауылының әкімшілігі туралы ережені бекіту;
76) тәрбиеші аналардың біліктілік санаттарын әзірлеу және белгілеу;
77) балаларды балалар ауылындағы отбасына беру туралы үлгілік шартты бекіту;
78) балалар ауылының, балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың және тәрбиеленушінің (түлегінің) арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде күтіп-бағу туралы үлгілік шартты бекіту;
79) азаматтардың денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың техникалық құралдарына қойылатын нормативтік талаптарды әзірлеу және бекіту;
80) басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау бағдарламаларын ғылыми сүйемелдеуді ұйымдастыру;
81) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну және оны ресми басылымда жариялау;
82) мүгедектерді оқытуды жүзеге асыратын арнаулы білім беру ұйымдарының білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
83) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар беру қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
84) кәмелетке толмағандардың заңға мойынұсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойына адамгершілік пен салауатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және оны білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына енгізу;
85) арнаулы білім беру ұйымдары туралы ережені бекіту;
86) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары туралы ережені бекіту;
87) білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту;
87-1) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
88) халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар әзірлеген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін келісуді жүзеге асыру;
89) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту;
90) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
91) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
92) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
93) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
94) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
95) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
96) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
97) педагогтардың біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
98) қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін денсаулық сақтау саласындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында философия (РһD) докторларын нысаналы даярлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
99) мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
100) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
101) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
102) «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту;
103) ҚР Үкіметінің 2015.27.02. № 101 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
104) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерді алу;
105) ҚР Үкіметінің 2015.27.02. № 101 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
105-1) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;
105-2) лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;
106) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
107) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту;
107-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту;
108) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
109) ғылым саласындағы нысаналы және халықаралық бағдарламаларды қалыптастыру;
110) Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
111) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлеу, сондай-ақ оларды аккредиттеуден өткізу;
112) мемлекеттік статистикалық есептілік негізінде халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың республикалық, жергілікті бағдарламаларының мониторингін жүргізу;
113) өз құзыреті шегінде мемлекеттік ғылыми ұйымдар басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
114) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
115) жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасын қалыптастыру тәртібін айқындау;
116) қорғаншылық, қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
117) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қою үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту;
118) асырап алынған балаларды консулдық есепке қою туралы есептер мен ақпаратты есепке алу қағидаларын бекіту;
119) заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың білім басқармасының органдарына, білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарына, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған және ерекше режимде ұстайтын арнаулы білім беру ұйымдарына, балалардың білім алу, тамақтануын, тасымалын, демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін бекіту;
120) құжаттарды қабылдау және қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету стандартын және регламентін әзірлеу;
121) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесін бекіту;
122) мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
123) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
124) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
125) мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін айқындау;
126) білім беруді мониторингтеуді жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
127) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту;
127-1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды, бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту
128) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекіту;
129) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
129-1) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
130) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
131) мемлекеттік қызмет көрсету;
132) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарын бекіту;
133) «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту;
134) «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» және «Үздік педагог» атақтарын беру қағидаларын бекіту;
135) «Орта бiлiм беретін үздiк ұйым», «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртiбiн белгiлей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткiзу қағидаларын бекiту;
136) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
137) қатысушы банк пен оператор арасындағы немесе оператор мен білім беру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту;
138) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту;
139) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға ниет білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту;
140) ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 507 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
141) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту;
142) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту;
143) патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту;
143-1) асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулығының жай-күйі туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, нысанын бекіту;
143-2) тармақша 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
143-2) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған алалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкін калыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;
143-3) тармақша 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
143-3) Баланы қабылдайтын отбасылар туралы ережені бекіту;
143-4) тармақша 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
143-4) қабылдаушы ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және мөлшерін бекіту;
143-5) Бала қонақтайтын отбасылар туралы ережені бекіту;
143-6) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту;
144) орталық және жергілікті атқарушы органдардың білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
145) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
146) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
Ведомстволардың функциялары:
1) заңды тұлғаларға мыналарды:
бастауыш білім;
негізгі орта білім;
жалпы орта білім;
біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім;
біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім;
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім;
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
діни білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру;
1-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
1-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
1-3) білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың тізілімінен алып тастайды;
1-4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қызметін хабарлама жасау тәртібінде жүзеге асыратын білім беру ұйымының қызметін тоқтата тұрады;
1-5) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
1-6) рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асырады;
1-7) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды сақтауын тексереді;
2) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;
ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен бесінші абзац алып тасталады (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;
әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізу;
3) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, істерді қозғау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
5) ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 684 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 684 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өткізу;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құқықтық актілерді мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз ету;
9) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру және бақылау;
10) Комитет қызметінің бағыттары бойынша аумақтық органдарға әдістемелік көмек көрсету;
11) білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу рәсімін жүзеге асыру;
12) ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 684 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы шешім қабылдау;
14) ҚР Үкіметінің 2017.10.02. № 49 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу;
16) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
17) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;
18) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру;
19) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;
20) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;
21) PhD докторлық диссертацияларын қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру, диссертациялық кеңестер төрағаларын бекіту;
22) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атақтарын беруге арналған аттестаттау істерін сараптау жөніндегі сараптамалық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
23) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
24) елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
25) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
26) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу;
27) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін ұйымдастыру;
28) ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын, ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
29) қалыптасу, орындалу мен аяқталу кезеңдерінде мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
30) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;
31) ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі мен құрамы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру;
32) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын салалық уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру;
33) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеу;
34) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру;
35) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың және олардың орындалуы жөніндегі есептердің мемлекеттік есепке алынуын бақылауды жүзеге асыру;
36) ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 684 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
37) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;
38) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
39) ғылым саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
40) ғылыми ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
41) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіпті бақылауды қамтамасыз ету;