4. Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналының және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің жыл сайынғы ақы төленетін демалыс берілуіне байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлемін алуға құқығы бар.
Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің, сондай-ақ оның жұбайының (зайыбының) дипломатиялық қызмет персоналы отбасы мүшелерінің немесе жұбайының (зайыбының) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуына байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлемін алуға құқығы бар.
5. Дипломатиялық қызмет персоналы өзімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің саны, лауазымдық жағдайы, жергілікті жағдай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайтын нормативтер ескеріле отырып, шет елде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
6. Шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленеді.
7. Шет елдердегі мекемелерде бос әкімшілік-техникалық лауазымдар болған кезде дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі бірге жүретін отбасы мүшелеріне уақытша жұмысқа орналасу құқығы берілуі мүмкін.
8. Қарулы немесе азаматтық қақтығыстар жағдайында не шет елдердегі мекемелер мен олардың персоналының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, сондай-ақ шет елдердегі мекемелер орналасқан жерлерде төтенше жағдай болған жағдайларда Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық қызмет персоналының және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды қорғауды ұйымдастыру үшін қажетті шаралар қабылдайды.
Дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскеріне не оның отбасы мүшелеріне шет елде болу уақытында ол өзінің қызметтік міндеттерін орындау не олармен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде келтірілген залал Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеледі.
9. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) немесе «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын жақын туыстарының біріне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін алпыс айлық қамтым мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
10. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне, ақылға қонымды мерзім ішінде, бірақ дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыс кері қаза тапқан (қайтыс болған) күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде осы бапта көзделген кепілдіктер мен өтемақылар сақталады.
11. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамның отбасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуға құқығы бар.
12. Дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскеріне шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін:
1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық қамтым;
2) ІІ топтағы мүгедекке - он сегіз айлық қамтым;
3) ІІІ топтағы мүгедекке - алты айлық қамтым мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
13. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда, оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін - үш айлық қамтым мөлшерінде, жеңіл мертігу жағдайында бір айлық қамтым мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
14. Егер дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің қаза табуы (қайтыс болуы), ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) қызметтік міндеттерін орындауға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгіленген тәртіппен дәлелденсе, осы баптың 9, 12 және 13-тармақтарында көрсетілген сома төленбейді.
26-бап Жерлеу шығыстарын өтеу
1. Шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерін немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерін жерлеуге оның отбасы мүшесіне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша жәрдемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін үш айлық қамтым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) бірге жүретін отбасы мүшесін жерлеуге дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскеріне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша жәрдемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін үш айлық қамтым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
2. Шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің не дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесінің мәйітін Қазақстан Республикасына оның тұрақты тұрған жеріне немесе қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің отбасы мүшелерімен не дипломатиялық қызмет қызметкерімен немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерімен келісу бойынша кез келген басқа жерге жеткізу және онымен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
17) 27-бапта және 28-баптың екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1-баптың 18) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
«29-1-бап. Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемдер
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.»;
19) 30-баптың 2-тармағындағы «Дипломатиялық қызметтің шетелдердегі мекемелерде жұмыс істейтін қызметкеріне немесе» деген сөздер «Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 32-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымын атқарған лауазымды адамдар осы Заңның 25-бабының 3, 4, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13 пен 14-тармақтарында және өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтем ақысы бөлігінде осы Заңның 29-бабында көзделген ақшалай қамтым, әлеуметтік, зейнетақымен және медициналық қамтамасыз ету мәселелерінде тиісті шет мемлекеттегі шет елдегі мекемелердің персоналына теңестіріледі.».
2-бап. Осы Заң, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 18) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 3 наурыз
№ 13-VІІ ҚРЗ