Тыйым салынған аудан аумағында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарын, базалары мен қоймаларын тікелей пайдаланумен байланысты емес ғимараттар мен құрылысжайларды салуға, шаруашылық және өзге де қызметке, атыс қаруынан оқ атуға, пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалануға, атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерді орнатуға, ұшу аппараттарын (оның ішінде пилотсыз) пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, байқауға, аудио- және бейнежазбаға, фототүсірілімге, ақпарат беруге арналған құралдарды, жүйелерді, құрылғылар мен аппаратураларды қолдануға тыйым салынады.
Тыйым салынған аудан аумағының шекарасы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалады.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
1. Қазақстан Республикасының агрессиядан бiрлесіп қорғануды қамтамасыз ету, бейбiтшілiкті қолдау және қауіпсiздiк жөніндегі басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес құрылады.
2-тармақ 2003 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енді
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Парламентінің Конституцияға сәйкес қабылдаған шешiмi негізінде бейбiтшiлiкті қолдау және қауіпсiздік жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындайды.
3-тармақ 2003 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енді
3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде бейбітшiлiкті қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегі халықаралық міндеттемелердi орындауға тiкелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерiнiң осындай қатысу кезеңi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
.
33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.
.
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2003 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізiлетін 15-баптың 4-тармағын, 32-баптың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 202-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; № 20, 120-құжат; № 22, 136-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 233-құжат; 2002 ж., № 3, 22-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 203-құжат).
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
Астана, 2005 жылғы қаңтардың 7-сі. № 29-III ҚРЗ