7400 - «Басқа да шығыстар»;
7500 - «Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар»;
7600 - «Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалдағы үлесі»;
7700 - «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар».
Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» тобының шоттарына жабылады.
54. 7000 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» кіші бөлімі сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға арналған.
7010 - «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны», онда сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны ескеріледі.
55. 7100 - «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» кіші бөлімі өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстарды есепке алуға арналған.
7110 - «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» онда өнімдерді сатумен және қызметтер көрсетумен байланысты шығыстар есепке алынады.
56. 7200 «Әкімшілік шығыстар» кіші бөлімі әкімшілік шығыстарды есепке алуға арналған.
7200 - «Әкімшілік шығыстар», онда өндірістік процеспен байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстары ескеріледі.
57. 7300 - «Қаржыландыруға арналған шығыстар» кіші бөлімі қаржыландыруға арналған шығыстарды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7310 - «Сыйақылар бойынша шығыстар», онда қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;
7320 - «Қаржылық жалдау бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар», онда активтерге қаржылық жалдау алынған шығыстар көрсетіледі, мәселен негізгі құралдарға;
7330 - «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден алынатын шығыстар», онда әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық актив немесе міндеттеменің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар көрсетіледі;
7340 - «Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар», онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар көрсетіледі.
58. 7400 «Басқа да шығыстар» кіші бөлімі басқа да өндірістік емес шығыстарды есепке алуға арналған, ол әдеттегі қызмет процесіне қарамастан туындайды.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7410 - «Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар», онда активтерді сату, өтеусіз беру және есептен шығару жөніндегі шығыстар, мысалы негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сату, өтеусіз беру және есептен шығару жөніндегі шығыстар, бөлшектеу жөніндегі шығыстар ескеріледі;
7420 - «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар», онда активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар ескеріледі;
7430 - «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», онда шетелдік қызметке бағамдық айырма бойынша шығыстарды қоспағанда ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылған немесе алдыңғы қаржылық есептерде берілгендермен салыстырғандағы бағамдар бойынша ұйымдардың есептілікте монетарлық баптарды өтеу кезінде немесе монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар бойынша шығыстар ескеріледі;
7440 - «Резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар», онда резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар ескеріледі;
7450 - «Операциялық жалдау бойынша шығыстар», онда операциялық жалдау бойынша шығыстар ескеріледі;
7460 - «Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар», онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар ескеріледі;
7470 - «Басқа да кірістер», онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да шығыстар ескеріледі:
шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар,
тұрақсыздық айыптары;
түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың жетіспеуі;
келтірілген шығындарды өтеу;
сот шығындарын және төрелік алымдарды өтеуге арналған шығыс;
ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар;
бағалауға және барлауға арналған, капиталдандыруға жатпайтын шығыстар;
қызметкерлерге сыйақылар бойынша актуарлы шығындар;
сақтандыру жағдайлар бойынша шығындар;
өзге де шығыстар.
59. 7500 «Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар» кіші бөлімі қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстарды есепке алуға арналған.
7510 - «Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар», онда қысқартылатын қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулар бойынша шығыстар ескеріледі.
60. 7600 «Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7610 - «Қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі;
7620 - «Бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес» онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі.
61. 7700 - «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар» кіші бөлімі корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстарды есепке алуға арналған.
7710 - «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар», онда корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар ескеріледі.
10. 8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары
62. 8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары ұйымдардың өнімді өндіруге және қызметтер көрсетуге арналған шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша шығындарды топтау, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады.
8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
8100 - «Негізгі өндіріс»;
8200 - «Жеке меншік өндірістің жартылай фабрикаттары»;
8300 - «Көмекші өндірістер»;
8400 - «Жүкқұжат шығыстары».
63. 8100 «Негізгі өндіріс» кіші бөлімі негізгі өндірістегі шығындарды есепке алуға арналған.
8110 - «Негізгі өндіріс», онда негізгі өндіріске арналған шығындар, оның ішінде шикізат пен материалдардың шығыс, тікелей негізгі өндірісте айналысатын қызметкерлердің еңбекақысы және еңбекақысының сомасынан шегерімдер, негізгі өндіріске жатқызылған үстеме шығыстар есепке алынады.
64. 8210 - «Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар», онда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығындар ескеріледі;
8210 «Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар», онда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығыстар есепке алынады;
65. 8300 «Көмекші өндірістер» көмекші өндіріс шығындарын есепке алуға арналған.
8310 «Көмекші өндірістер», онда ұйымның негізгі өндірісіне қатысты көмекші болып табылатын өндірістердің шығындары есепке алынады.
66. 8400 «Жүкқұжат шығыстары» кіші бөлімі жүкқұжат шығыстарын есепке алуға арналған.
8410 - «Жүкқұжат шығыстары», онда негізгі және қосымша өндірістер, сондай-ақ жеке өндірілген жартылай фабрикаттар бойынша жүкқұжат шығыстары көрсетіледі.
Бухгалтерлік есеп шоттарының
үлгілік жоспарына қосымша
1-бөлім. Қысқа мерзімді активтер
1000 Ақша қаражаттары
1010 Кассадағы ақша қаражаты
1020 Жолдағы ақша қаражаты
1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты
1040 Карт-шоттардағы ақша қаражаты
1050 Жинақ шоттарындағы қаражаты
1060 Өзге ақша қаражаты
1100 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
1110 Қысқа мерзімді берілген қарыздар
1120 Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтер
1130 Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар
1140 Сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
1150 Өзге қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
1200 Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1210 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1220 Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1230 Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1240 Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1260 Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1270 Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар
1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв
1300 Қорлар
1310 Шикізат және материалдар
1320 Дайын өнім
1330 Тауарлар
1340 Аяқталмаған өндіріс
1350 Өзге қорлар
1360 Қорларды есептен шығару бойынша резерв
1400 Ағымдағы салықтық активтер
1410 Корпорациялық табыс салығы
1420 Қосылған құн салығы
1430 Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
1500 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
1510 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
1520 Сатуға арналған істен шығатын топ
1600 Өзге қысқа мерзімді активтер
1610 Берілген қысқа мерзімді аванстар
1620 Алдағы кезеңдердің шығыстары
1630 Өзге қысқа мерзімді активтер
2-бөлім. Ұзақ мерзімді активтер
2000 Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар
2010 Ұзақ мерзімді берілген қарыздар
2020 Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар
2030 Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар
2040 Өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар
2100 Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
2110 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі
2120 Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2130 Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2140 Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2150 Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2160 Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
2170 Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар
2180 Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
2200 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар
2210 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар
2300 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар
2310 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар
2320 Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы
2330 Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнсыздануынан шығын
2400 Негізгі құралдар
2410 Негізгі құралдар
2420 Негізгі құралдардың амортизациясы
2430 Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар
2500 Биологиялық активтер
2510 Өсімдіктер
2520 Жануарлар
2600 Барлау және бағалау активтері
2610 Барлау және бағалау активтері
2620 Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы
2630 Барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын шығындар
2700 Материалдық емес активтер
2710 Гудвилл
2720 Гудвиллдің құнсыздануы
2730 Өзге материалдық емес активтер
2740 Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы
2750 Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар
2800 Кейінге қалдырылған салықтық активтер
2810 Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер
2900 Өзге ұзақ мерзімді активтер
2910 Берілген ұзақ мерзімді аванстар
2920 Алдағы кезеңдердің шығыстары
2930 Аяқталмаған құрылыс
2940 Өзге ұзақ мерзімді активтер
3-бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер
3000 Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
3010 Қысқа мерзімді банктік қарыздар
3020 Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар
3030 Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3040 Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі
3050 Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
3100 Салықтар бойынша міндеттемелер
3110 Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы
3120 Жеке табыс салығы
3130 Қосылған құн салығы
3140 Акциздер
3150 Әлеуметтік салық
3160 Жер салығы
3170 Көлік құралдары салығы
3180 Мүлік салығы
3190 Өзге салықтар
3200 Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер
3210 Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер
3220 Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер
3230 Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер
3240 Басқа да еркін төлемдер бойынша өзге міндеттемелер
3300 Қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3310 Берушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек
3320 Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3330 Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3340 Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3350 Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек
3360 Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек
3370 Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі
3380 Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар
3390 Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3400 Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
3410 Қысқа мерзімді кепілгерлік міндеттемелер
3420 Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер
3430 Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
3440 Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
3500 Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер
3510 Алынған қысқа мерзімді аванстар
3520 Алдағы кезеңдердің кірістері
3530 Сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері
3540 Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер
4-бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
4000 Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
4010 Ұзақ мерзімді банктік қарыздар
4020 Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар
4030 Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
4100 Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4110 Берушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек
4120 Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4130 Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4140 Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4150 Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек
4160 Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар
4170 Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4200 Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4210 Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер
4220 Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4230 Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4240 Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4300 Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер
4310 Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салық міндеттемелері
4400 Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер
4410 Алынған ұзақ мерзімді аванстар
4420 Алдағы кезеңдердің кірістері
4430 Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер
5-бөлім. Капитал мен резервтер
5000 Жарғылық капитал
5010 Артықшылықты акциялар
5020 Қарапайым акциялар
5030 Салымдар мен пай
5100 Төленбеген капитал
5110 Төленбеген капитал
5200 Сатып алынған меншікті үлес құралдары
5210 Сатып алынған меншікті үлес құралдары
5300 Эмиссиялық кіріс
5310 Эмиссиялық кіріс
5400 Резервтер
5410 Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал
5420 Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв
5430 Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв
5440 Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв
5450 Шетел қызметі бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв
5460 Өзге резервтер
5500 Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)
5510 Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)
5520 Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)
5600 Қорытынды пайда (қорытынды залал)
5610 Қорытынды пайда (қорытынды залал)
6-бөлім. Кірістер
6000 Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс
6010 Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс
6020 Сатылған өнімді қайтару
6030 Бағадан және сатудан жеңілдіктер
6100 Қаржыландырудан түскен кірістер
6110 Сыйақылар бойынша кірістер
6120 Дивидендтер бойынша кірістер
6130 Қаржылық жалдаудан түскен кірістер
6140 Жылжымайтын мүлікке инвестициялармен болатын операциялардан түскен кірістер
6150 Қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер
6160 Қаржыландырудан түскен өзге кірістер
6200 Өзге кірістер
6210 Активтерді істен шығарудан түскен кірістер
6220 Өтеусіз алынған активтерден алынған кірістер
6230 Мемлекеттік субсидиялардан түскен кірістер
6240 Құнсызданудан шығындарды қалпына келтіруден түскен кірістер
6250 Бағам айырмасынан түскен кірістер
6260 Операциялық жалдаудан түскен кірістер
6270 Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер
6280 Өзге кірістер
6300 Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер
6310 Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер
6400 Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын ұйымның пайда үлесі
6410 Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі
6420 Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі
7-бөлім. Шығыстар
7000 Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
7010 Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
7100 Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар
7110 Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар
7200 Әкімшілік шығыстар
7210 Әкімшілік шығыстар
7300 Қаржыландыруға шығыстар
7310 Сыйақылар бойынша шығыстар
7320 Қаржылық жалдау бойынша пайыз төлеуге шығатын шығыстар
7330 Қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар
7340 Қаржыландыруға өзге шығыстар
7400 Өзге шығыстар
7410 Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар
7420 Активтердің құнсыздануы бойынша шығыстар
7430 Бағам айырмасы бойынша шығыстар
7440 Резерв құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар
7450 Операциялық жалдау бойынша шығыстар
7460 Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар
7470 Өзге шығыстар
7500 Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар
7510 Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар
7600 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұйымның шығын үлесі
7610 Қауымдастырылған ұйымдардың шығын үлесі
7620 Бірлескен ұйымдардың шығын үлесі
7700 Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар
7710 Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар
8-бөлім. Өндірістік есептің шоттары
8100 Негізгі өндіріс
8110 Негізгі өндіріс
8200 Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар
8210 Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар
8300 Көмекші өндірістер
8310 Көмекші өндірістер
8400 Жүкқұжат шығыстары
8410 Жүкқұжат шығыстары