1. Судья осы Кодекстің 151, 152-баптарында көзделген негіздер бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартады немесе кері қайтарады.
Бұдан басқа, егер:
1) мәлімделген талап осы Кодекстің 135-бабында көзделмеген;
2) борышкердің тұрғылықты жері немесе орналасқан жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс болған;
3) мәлімделген талапты растайтын құжаттар ұсынылмаған;
4) талап қою ісін жүргізу тәртібімен қарауға жататын құқық туралы даудың бары байқалған;
5) арыздың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 136-бабының талаптарына сай келмеген;
6) арыз бергенде мемлекеттік баж төленбеген жағдайларда судья арызды кері қайтарады.
2. Судья арызды қабылдаудан бас тарту немесе кері қайтару туралы арыз сотқа келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйғарым шығарады.
3. Арызды кері қайтару сот бұйрығын беру туралы сотқа қайтадан арыз беруге не сол нысана мен сол негіздер бойынша сол жауапкерге, егер ол жол берілген бұзушылықты жойса, талап қоюға кедергі болмайды.
4. Судьяның арызды қабылдаудан бас тарту туралы немесе кері қайтару туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
139-бап. Сот бұйрығын шығару тәртібі мен мерзімі
Мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады.
140-бап. Сот бұйрығының мазмұны
1. Сот бұйрығында:
1) жүргізілетін істің нөмірі және сот бұйрығының шығарылған күні;
2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі мен аты-жөні;
3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты немесе орналасқан жерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, іс жүзінде орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;
4) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жері, оның жұмыс орны және борышкер жұмыс істейтін заңды тұлғаның банктік деректемелері туралы мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол белгілі болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері,
бизнес-сәйкестендіру нөмiрi, сондай-ақ қалалық және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мәліметтер, электрондық пошта мекенжайы (егер мұндай мәліметтер бар болса және белгілі болса);
5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе құны көрсетілген, талап етілуге жататын жылжымалы мүліктің белгілері;
7) егер заңда немесе шартта тұрақсыздық айыбын өндіріп алу көзделсе, оның мөлшері және ол есептелген уақыт кезеңі;
8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе тиісті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;
9) мәлімделген талапқа қарсылық білдіру туралы арыз беру мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, кәмелетке толмаған балаларға алименттер өндіріп алу туралы сот бұйрығында күтіп-бағу үшін алименттер тағайындалған әрбір баланың аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріліп алынатын төлемдердің мөлшері және оларды өндіріп алу мерзімі көрсетіледі.
3. Сот бұйрығына судья қол қояды.
141-бап. Борышкерге сот бұйрығының көшірмелерін жіберу. Сот бұйрығына қарсылық білдіру
1. Сот бұйрығы ол шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып, борышкерге тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.
2. Борышкер мәлімделген талапқа қарсылығын сот бұйрығын шығарған сотқа сот бұйрығының көшірмелерін алған күннен бастап немесе оның шығарылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберуге құқылы.
3. Борышкердің қарсылығы сот бұйрығын беру туралы арызда көрсетілген дау нысанының бар екені туралы тиісті дәлелдемелермен расталуға тиіс. Электрондық құжат нысанында берілетін қарсылықтарға құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
4. Қарсылықтарға осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адам немесе оның өкілі қол қояды. Қарсылықтар электрондық құжат нысанында берілген кезде ол борышкердің немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкіл беретін қарсылықтарға оның өкілеттігін куәландыратын сенімхат қоса берілуге тиіс.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің талаптарына сай келмейтін қарсылықтар сот ұйғарымымен кері қайтарылады.
6. Дәлелді себептермен өткізіп алынған қарсылық беру мерзімін сот бұйрығын шығарған сот осы Кодекстің 126-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен қалпына келтіруі мүмкін.
142-бап. Сот бұйрығының күшін жою
1. Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не, егер сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Судья қарсылық немесе арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда өндіріп алушы мәлімдеген талаптың талап қою іс жүргізуі тәртібімен берілуі мүмкін екені түсіндіріледі. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмелері ол шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей өндіріп алушыға және борышкерге жіберіледі.
Сот бұйрығының күшiн жою туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.
Сот бұйрығының күшiн жоюдан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 143-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143-бап. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру және оны орындауға жіберу
1. Егер белгіленген мерзімде сотқа борышкерден қарсылық келіп түспесе, сот бұйрығы өндіріп алушыға орындауға ұсыну үшін беріледі немесе оның арызы бойынша сот аумаққа жатқызылуына қарай тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындауға жібереді.
2. Өндіріп алушының өтініші бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабына сәйкес дереу орындалуға жататын талаптар бойынша сот бұйрығын сот орындауға тікелей жібереді.
3. Борышкерден мемлекеттік бажды тиісті бюджеттің кірісіне өндіріп алу үшін сот бұйрығының жекелеген данасын сот аумаққа жатқызылуына қарай тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тікелей жібереді.
13-тарау. ОҢАЙЛАТЫЛҒАН (ЖАЗБАША) ІС ЖҮРГІЗУ
144-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі
1. Сот істерді осы Кодекстің 14-тарауының қағидалары бойынша осы тарауда белгіленген ерекшеліктерімен бірге оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.
2. Судья істерді арыз қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.
3. Сот, егер:
1) тарап бұл туралы өтінішхат берсе;
2) үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса;
3) қарсы талап қою қабылданса;
4) осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін болса;
5) дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау қажет болса;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса, істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшеді, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда көрсетеді.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер мен осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Іс осы Кодексте тиісті санаттағы істер үшін белгіленген мерзімдерде қаралуға тиіс. Істі қарау мерзімі талап қою арызы қабылданған күннен бастап есептеледі.
5. Егер бір мезгілде бірнеше талап мәлімделсе, оның біреуі немесе одан да көбі осы Кодекстің 145-бабында көрсетілген тізбеге сәйкес келмесе және сот осы талаптарды жеке іс жүргізуде бөліп қарамаса, олар осы Кодекстің 14-тарауында белгіленген тәртіппен қаралады.
145-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер
1. Мынадай:
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін - екі мың айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, азаматтар үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақшаны өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.
3) - 12) 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде санамаланған талап қою талаптары оларды оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау көрсетілмей қойылған кезде олар осы тараудың қағидалары бойынша қаралады.
146-бап. Істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қараудың ерекшеліктері
1. Талап қою арызы нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 148 және 149-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сот тараптарды істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қарау туралы ол қабылданған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша, сондай-ақ хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабардар етеді.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қараумен келіспеген тараптар хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде сотқа талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша дауды жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат, ал жауапкер - құжаттар мен дәлелдемелерді қоса бере отырып, талап қоюға пікір (қарсылық) ұсынуға құқылы.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Шешім шығарылғаннан кейін сотқа келіп түскен, дауды жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат осы шешімнің күшін жою туралы арыз ретінде қабылданады және қаралады.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмастан, істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен электрондық форматта қарайды.
6. Сот тараптар ұсынған құжаттарда баяндалған түсініктемелерді, қарсылықтарды және (немесе) дәлелдемелерді зерттейді және шешім қабылдайды.
7. Істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде осы Кодекстің 26-тарауында және осы Кодекстің 198-бабында көзделген қағидалар қолданылмайды.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 147-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
147-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша шешім
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша сот кіріспе және қарар бөліктерден тұратын шешім шығарады. Сот шешімінің көшірмесі тараптарға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі не шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Сот шешім заңды күшіне енгенге дейін тараптың мәлімдеген жазбаша өтінішхаты бойынша не өзінің бастамасы бойынша кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді дайындайды.
2. Жауапкер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз, егер жауапкер талап қою арызының келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған және пікірді, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда беріледі.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Шешімнің күшін жою туралы арыз осы баптың екінші бөлігінде көзделген талаптар ескеріле отырып, осы Кодекстің 21-тарауында белгіленген қағидалар бойынша қаралады.
Судья шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарыммен бірге, егер бұрын мұндай шешім берілмеген болса, тараптарға кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді беруге міндетті.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Шешімге - осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткеннен кейін, ал егер арыз берілсе, осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзімде апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.
5. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен тараптар ұсынған құжаттар бойынша тараптарды шақырмастан, осы Кодекстің 277, 279-баптарында белгіленген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуы, арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.
2-КІШІ БӨЛІМ. ТАЛАП ҚОЮ ІСІН ЖҮРГІЗУ
14-тарау. ТАЛАП ҚОЮ
148-бап. Талап қою арызының нысаны мен мазмұны
1. Талап қою арызы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі.
2. Арызда:
1) талап қою арызы берілетін соттың атауы;
2) талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса, талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;
3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға белгілі болса), егер жауапкер заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері (егер олар талап қоюшыға белгілі болса) мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (егер ол талап қоюшыға белгілі болса). Арызда, егер талап қоюшыға белгілі болса, жауапкердің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;
4) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талап қоюшының заңды мүдделерін және талап қоюшының талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұны;
6) егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) тарап (тараптар) қабылдаған, татуласуға бағытталған әрекеттер туралы мәліметтер, егер мұндай әрекеттер қабылданған болса;
7) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, сондай-ақ өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі;
8) талап қою арызына қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін берген талап арызда мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің мәні неден көрінетіндігіне негіздеме, қандай заңды мүдделердің бұзылғаны, сондай-ақ қолдануға жататын заңға сілтеме болуға тиіс. Прокурор жеке не заңды тұлғаның мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда, талап арызда жеке не заңды тұлғаның өзінің талап қоюды беруі мүмкін еместігінің себептеріне негіздеме болуға тиіс. Талап арызға, әрекетке қабілетсіз тұлғаның мүдделері үшін талап қоюды беру жағдайларынан басқа кезде, прокурордың талап қоюмен сотқа жүгінуіне жеке не заңды тұлғаның немесе оның заңды өкілінің келісімін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.
4. Талап қою арызына талап қоюшы немесе талап қою арызына қол қоюға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды. Талап қою электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
5. 2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
149-бап. Талап қою арызына қоса берілетін құжаттар
1. Талап қою арызына:
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қою арызының және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері;
2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
4) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;
5) дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар, егер осы тәртіп заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) тараптың (тараптардың) татуласуға бағытталған әрекеттерді жасағанын растайтын құжаттар, егер мұндай әрекеттер жасалған болса;
6) егер дәлелдеме жауапкерде немесе үшінші тұлғада болса, талап қоюшының дәлелдемелерді талап ету туралы өтінішхаты;
7) егер талап қоюды заңды тұлға берсе, жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен берілетін талап арызға:
1) инвестор мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жасалған инвестициялық келісімшарттың көшірмелері;
2) инвестордың инвестициялық қызметін растайтын құжаттар қоса беріледі.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Электрондық құжат нысанында берілетін талап қою арызына осы баптың бірінші бөлігінің 2)-7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.
150-бап. Талап қою арызын қабылдау
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Судья талап қою арызы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.
Татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қою арызын қабылдау талап қою арызы түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Татуласу рәсімдерін жүргізу нәтижелері туралы сот ұйғарымында талап қою арызын қабылдау не оны қабылдаудан бас тарту туралы көрсетіледі.
Татуласу рәсімдерін, талап қою арызын қабылдаған кезде судья осы Кодекстің 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүргізеді.
2. Талап қою арызын бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдап, судья сот ісін жүргізу тілін көрсетумен бірге азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
151-бап. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту
1. Егер:
1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;
2) сол тараптардың арасындағы, нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі шығарылған дау бойынша, осы Кодексте көзделген негіздермен іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот ұйғарымы болса;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) төреліктің нақ сол тараптар арасындағы нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі дау бойынша қабылданған шешімі болса және бұл туралы сотқа белгілі болса;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) сол тараптар арасында, сол нысана бойынша және сол негіздер бойынша жасалған атқарушылық жазба болса, судья талап қою арызын қабылдаудан бас тартады.
2. Судья талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымды ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарады, ол талап қоюға қоса берілген барлық құжаттармен бірге арыз берушіге табыс етіледі немесе жіберіледі.
3. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту талап қоюшының нақ сол жауапкерге нақ сол нысана және нақ сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді.
4. Егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, соттың талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымында талап қоюшыға қай органға жүгінгені дұрыс болатыны көрсетіледі.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
152-бап. Талап қою арызын қайтару
1. Егер:
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін немесе соттан тыс реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;
2) іс осы соттың соттылығына жатпаса;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) талап арыз осы Кодекстің 148-бабының, 149-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының, 1-1-бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталатын болса;
4) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
5) арызға оған қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
6) осы немесе басқа соттың не төреліктің іс жүргізуінде сол тараптардың арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер жөніндегі дау бойынша іс болса;
7) егер заңда өзгеше көзделмесе, осы дауды төреліктің шешуіне беру туралы тараптар арасында заңға сәйкес келісім жасалса;
8) коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке қабылдаған күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе;
9) талап қоюшы өзі берген талап қою арызын қайтару туралы мәлімдесе, судья талап қою арызын қайтарады.
2. Судья талап қою арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады, онда, егер іс осы соттың қарауына жатпаса, адам қандай сотқа жүгіну керектігін, не азаматтық істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатындығын көрсетеді. Ұйғарым талап қою арызы сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарылуға және қоса берілген барлық құжаттарымен бірге талап қоюшыға тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.
3. Талап қою арызын қайтару, егер талап қоюшы жіберілген бұзушылықты жоятын болса, сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюшының талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Талап арызды қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
153-бап. Қарсы талап қою
1. Жауапкер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін бастапқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою, қарсы талап қоюды қайтару, оны қабылдаудан бас тарту осы Кодекстің 148, 151 және 152-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.
2. Егер жауапкер істі дайындау сатысында істі сот талқылауына дайындау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбауы себебінен сот талқылауына қатыспаса, сот талқылауы барысында қарсы талап қою қабылдануы мүмкін.
154-бап. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары
Егер:
1) қарсы талап қою алғашқы талап қоюдың есебіне бағытталса;
2) қарсы талап қоюды қанағаттандыру бастапқы талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандыруды жоққа шығаратын болса;
3) қарсы талап қою мен бастапқы талап қою арасында өзара байланыс болса, ал оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе, судья қарсы талап қоюды қабылдайды.