3. Құзыретті органмен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердігерлері Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде осы Заңның талаптарына сәйкес тауарларды қазақстандық тауар өндірушілерден, олар жобалау құжатының және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сай келген жағдайда сатып алуға міндетті.
4. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың - қазақстандық өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады.
5. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде тауарларды сатып алу кезінде конкурсты ұйымдастырушы жеңімпазды анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың - қазақстандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады.
6. Келісімшарттық міндеттемелерді жергілікті қамту бөлігінде орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығындар және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар туралы ақпарат құпия болып табылмайды.
7. Осы баптың 3 және 5-тармақтарының ережелері осы Заңның 69-бабы 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады.».
9. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №16, 127-құжат; 2012 ж., №5, 41-құжат; №8, 64-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №21-22, 114-құжат; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №11, 64-құжат; №16, 90-құжат; №21, 118-құжат; №23, 143-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) корпоративішілік ауыстыру - Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;»;
2) 15-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында, сондай-ақ квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;»;
3) 34-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шетелдік жұмыскерлер - Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын көшіп келушілер;»;
4) 35-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін немесе жұмыс берушілер, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер:»;
5) 36-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде берілген рұқсаттың негізінде және қолданылу мерзіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.»;
«4. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды және уақытша тұруға арналған рұқсаттарды, шетелдік жұмыскердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде алдағы жылға рұқсаты болған кезде ішкі істер органдары бір жылға ұзартады.»;
6) 37-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, шетелдік жұмыс күшін тарту кәсіптік және біліктілік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квота негізінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат квотадан тыс беріледі және ұзартылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жұмыс берушiлерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудің шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларында корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.».
10. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
1) 5-баптың 16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«16) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
2) 10-баптың 6-тармағының 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде қызметтер көрсетеді;
7) отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мақсатында шетелдік өкілдіктер құрады.»;
3) 26-баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру, отандық өндірушілердің тауар белгілерін шетелде ілгерілету және шетелде қазақстандық өндірушілердің ұлттық стенділерін ұйымдастыру;»;
«4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;».
11. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №4, 29-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №12, 82-құжат):
19-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 27-і.
№ 365-V