11. Жете тексеру хаттамасында фото- және кинотүсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды тіркеудің өзге де тәсілдерінің қолданылғаны туралы жазба жазылады. Фото- және кинотүсiрiлiмдерiн, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де құралдарын қолдана отырып, қарап-тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса беріледi.
12. Жеке басты жете тексеру, заттарды жете тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттардың иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
792-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру
1. Көлік құралын, шағын көлемді кемені жете тексеру, яғни көлік құралын, шағын көлемді кемені олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүргізілетін зерттеп-қарау құқық бұзушылық жасау құралдарын не әкімшілік құқық бұзушылық заттарын табу және алып қою мақсатында жүзеге асырылады.
2. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексерiп қарауды екi куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 787-бабында санамаланған, осыған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.
Ерекше жағдайларда (жетуі қиын жерде тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмаған кезде) көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеру, яғни құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеп-қарау куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.
3. Мыналар:
1) көлiк құралында, шағын көлемдi кемеде әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары не нәрселер бар деп есептеуге жеткілікті негіздердің болуы;
2) алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, егер жүргізуші уәкілетті лауазымды адамдардың заңды талаптарына бағынбаса;
3) уәкілетті лауазымды адамдардың іздеудегі көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерді ұстап алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуі;
4) егер көлік құралымен, шағын көлемді кемемен тасымалданатын жүк ұсынылған құжаттарға сәйкес келмейді деп есептеуге жеткілікті негіздер болса;
5) көлiк құралының, шағын көлемдi кеменің тораптар мен агрегаттарын ұсынылған құжаттарға сәйкес деректермен салыстыруды жүргізу қажеттігінің болуы;
6) көлiк құралының, шағын көлемдi кеменің пайдалануға тыйым салынған ақауы болуының анықталуы;
7) көлік құралын ұстап алу, оны пайдалануға тыйым салу көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерді жете тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.
4. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеруді оларды иеленушi тұлғалардың не оның өкiлiнiң немесе көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi заңды негiзде басқаратын тұлғаның қатысуымен жүргiзiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оларға аталған тұлғалардың қатысуынсыз жете тексеру жүргізілуі мүмкiн.
5. Көлiк құралдары мен шағын көлемдi кемелердi жете тексеру кезiнде анықталған заттарды тіркеу мақсатында қажет болған жағдайларда фото-, кинотүсiрiлiмі, бейнежазба жүргізіледі.
6. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi жете тексеру жүргізілген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi тұлғаға не оның өкiлiне немесе көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi заңды негiзде басқаратын тұлғаға тапсырылады.
7. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, жете тексеру жүргізілген көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi иеленушiнің жеке басы туралы мәлiметтер, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, моделі, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
8. Жете тексеру хаттамасында фото- және кинотүсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды тіркеудің белгiленген өзге де тәсілдері қолданылғаны туралы жазба жазылады. Фото- және кинотүсiрiлiмдерiн, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де құралдарын қолдана отырып, жете тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
9. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан адам, жете тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi не оның өкiлi қол қояды. Өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам, жете тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi, оның өкiлi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
793-бап. Қарап-тексеру
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қарап-тексеру, яғни көлік құралын, сол жердi, нәрселерді, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін құжаттарды, тiрi адамдарды көріп зерттеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
2. Қарап-тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
794-бап. Қарап-тексеруді жүргiзудiң жалпы қағидалары
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қарап-тексеру, әдетте, қажеттiлiк туындаған жағдайда кідіртілмей жүргiзiледi. Қажет болған кезде, сондай-ақ қарап-тексеруге қатысушылардың талабы бойынша хаттама жасалады, онда оның жасалған күнi мен орны, оны жасаған адамның лауазымы, тегi мен аты-жөні, қарап-тексерiлген адам, заттардың, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Қарап-тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, қарап-тексерілген адам, қарап-тексерілген заттардың иесі, куәлар қол қояды. Қарап-тексерілген адам, қарап-тексерілген заттардың иесі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба жасалады.
2. Тiрi адамдарды қарап-тексерудi осы Кодекстiң 787-бабында санамаланған лауазымды адамдар жүргiзедi. Тiрi адамдарды
қарап-тексерудi тексерiп қаралушымен жынысы бiрдей адам және жынысы осындай екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
Тiрi адамның өзімен бірге алып жүрген заттарын қарап-тексеруді, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеп-қарауды осы Кодекстің 787-бабында санамаланған, оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдар осы заттарды меншіктенуші немесе иеленуші тұлғаның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.
Тiрi адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге де заттар бар деуге негiздер болған ерекше жағдайларда қарап-тексеру жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға бұл жөнінде хабарланып, куәгерлерсiз жүргiзiлуi мүмкiн.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, орындарды, нәрселерді, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін құжаттарды қарап-тексеру куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Айрықша жағдайларда (жетуі қиын жерде, тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) қарап-тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүргiзiледi.
4. Қажет болған кезде қарап-тексеру құқық бұзушының, жәбiрленушiнiң, куәлардың, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.
5. Табылған iздер мен өзге де материалдық объектiлердi қарап-тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер қарап-тексеру үшiн қосымша уақыт талап етілсе немесе табылған жерде қарап-тексеруге елеулi қиындықтар туындайтын болса, объектiлер алып қойылуы және оралған, мөр басылған күйiнде, зақым келтiрiлмей, қарап-тексеруге қолайлы жерге жеткiзiлуi мүмкiн.
6. Қарап-тексеру кезiнде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетiлуге тиiс, бұл жөнiнде хаттамаға белгi қойылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Iске қатысы болуы мүмкін объектiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар ғана алып қойылуға жатады. Алып қойылған объектiлер, тауарлар оралып, мөр басылады және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қол қоюымен расталады.
8. Қарап-тексеруге қатысатын тұлғалар өздерінің пiкiрiнше iстiң мән-жайларын анықтауға септiгiн тигiзуi мүмкiн дегеннiң бәрiне уәкiлеттi лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.
9. Қажет болған жағдайларда қарап-тексеру кезiнде қарап-тексерiлетiн объектiлер өлшенедi, олардың жоспарлары мен схемалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiрiледi және өзге де құралдармен түсiрiлiп алынады, бұл жөнінде хаттамаға белгi жасалып, оған көрсетілген материалдар қоса тiркеледi.
10. Қарап-тексеру хаттамасының көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 795-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
795-бап. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын, тауарлары мен құжаттарын алып қою
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған, құқық бұзушылықтар құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қоюды іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
Айрықша жағдайларда (жетуі қиын жерде, тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған, құқық бұзушылықтар құралы болып табылатын құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қою куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды және құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалады, оның көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның өкiлiне табыс етіледі не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада тиiстi жазба жасалады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Құжаттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды және заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен деректемелері, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де сәйкестендіру белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнаулы жедел-iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер қамтылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлары және заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиiстi жазба жасалады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Алып қойылған заттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар және құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам айқындайтын орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен сақталады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi айқындайтын тәртiппен сақталады немесе жойылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес, алып қойылған құжаттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар және заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi немесе өткізіледі немесе сақталады немесе белгiленген тәртiппен жойылады. Жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алып қойылған құжаттар iс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейiн сақталады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Егер адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы Кодексте көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде санкция көзделсе ғана, көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігі алып қоюға жатады. Қалған жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаннан кейін көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігі дереу иесіне қайтарылады.
Алып қойылған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша уақытша куәлік беріледі.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 9-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Жүргiзушi емтиханға жiберу туралы қаулыны алған күннен бастап екi ай iшiнде жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсырмаған кезде, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
10. Көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері екі куәгердің және (немесе) көлік құралы меншік иесінің қатысуымен ғана алып қоюға жатады, бұл ретте мемлекеттік нөмірлерді алып қоюды жүргізетін уәкілетті лауазымды адам көлік құралының иесіне алып қоюды жүргізудің негізін түсіндіруге міндетті. Салынған айыппұлды өндіріп алу мақсатында көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін алып қоюды жүргізуге тыйым салынады.
11. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердiң құрметтi атағының төсбелгiсi олардың заңды иесiне қайтарылады, ал егер ол белгiсiз болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 12-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларын және құжаттарын алып қою осы Кодекстің 785-бабының бірінші бөлігінде көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін айрықша жағдайларда ғана жүргізіледі. Аталған шараны осы Кодексте көзделмеген мақсаттарда қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
796-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттету және масаң күйiн куәландыру
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаратын жүргiзушi, кеме жүргiзушi масаң күйде деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, олар көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттетiлуге және масаң күйiн куәландыруға жатады.
2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетудi, масаң күйiн куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi: Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және көлiктік бақылау органдарының көлiк құралын басқаратын адам құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда - тиiсiнше ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкерлері жүргiзедi.
3. Масаң күйiн куәландыруға жiберу, масаң күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, олар медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
4. 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетiлген күн, уақыт, орын, негiздер көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
6. Масаң күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса беріледi.
797-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу
1. Мынадай:
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 367, 368, 370, 372, 381, 382, 383, 392, 393, 394, 395, 396, 400, 403 (екінші бөлігінде), 406 (жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 476 (екінші бөлігінде), 478 (екінші бөлігінде), 506, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 571, 571-1, 572, 573, 575, 581, 582, 586, 589, 590 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші және 4-1-бөліктерінде), 597 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 608, 612, 613 (3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде) - баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралдарын, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді уақытша сақтау үшін оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көліктік бақылау бекетіне іргелес жатқан алаңдарға жеткізу, оның ішінде басқа да көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді кемені пайдалана отырып жеткізу арқылы, кідірту себептері жойылғанға дейін кідіртуге, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы Кодекстiң 400, 403 (екінші бөлігінде), 406 (жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 476 (екінші бөлігінде), 478 (екінші бөлігінде), 571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 573, 575, 593 (екiншi, үшінші, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)-баптарында көрсетiлген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам шетелдiктерге немесе шетелдiк заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдарын уақытша сақтау үшiн оларды арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға, оның iшiнде басқа көлiк құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып жеткiзу арқылы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы орындалғанға дейiн ұстап алуға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстiң 334 (екінші бөлігінде), 590 (бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөлiктерiнде), 597 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 610, 611-баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын пайдалануға тыйым салу себептерi жойылғанға дейiн мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы.
Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға оны жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралы жүргiзушiсі тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алуды, жеткiзудi және пайдалануға тыйым салуды ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әскери полицияның, өз өкілеттіктері шегінде көліктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде) қызметкерлері, ветеринария саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары өз өкілеттіктері шегінде жүргiзедi.