ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
3-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру қағидаттары
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
4-2-бап. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
4-3-бап. Мәліметтерді тексеру
5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары
6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру
6-1-бап. Гранттар
6-2-бап. Оператор
6-3-бап. Сыйлықақылар
6-4-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
6-5-бап. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс
7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру және олардың бюджет қаражатын пайдалану
8-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылау
9-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жобаларды» деген сөз «әлеуметтік жобаларды» деген сөздермен ауыстырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1) әлеуметтік жоба - әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір жыл ішінде және үш жылға дейін іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 250-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған, үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға жүзеге асыру үшін берілген функцияларын іске асыру нысаны;
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға арналған конкурс (бұдан әрі - конкурс) - тапсырыс берушінің үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын, көрсетілген қызметтерін сатып алуға бағытталған және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ықтимал өнім берушілері арасында ашық әрі адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін ықтимал өнім берушіні анықтау әдісі;
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау, үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды қалыптастыру және олардың тиімділігін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар;
3-2) 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды
3-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттары - үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасына, шарттарына, мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ олардың сапасын бағалау өлшемшарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт - тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шарт;
4-1) 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру - мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау процесі;
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды
4-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін талдау;
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі - өнім беруші) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйым;
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру - мемлекеттік органдардың мемлекеттік гранттардың бағыттарын айқындау, мемлекеттік гранттар үшін бюджет қаражатын жыл сайынғы және (немесе) орта мерзімді жоспарлау және айқындау рәсімін жүргізу жөніндегі қызметі;
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды
5-3) мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау - жобаларды іске асыру барысында алынған нәтижелерді, олардың қойылған мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге сәйкестігін талдау процесі;
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді)
5-4) стратегиялық әріптес - стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеуден өткен, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт жасалған үкіметтік емес ұйым;
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді)
5-5) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс - орталық атқарушы органдар жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;
6) тапсырыс беруші - республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) - үкiметтiк емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін уәкілетті орган құратын консультациялық кеңесшi орган;
7) үкіметтік емес ұйым - ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда);
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылды; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1) үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант (бұдан әрі - грант) - үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;
7-2) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру мониторингі - үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
7-3) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы (бұдан әрі - сыйлықақы) - республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы;
7-4) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және осы Заңға сәйкес гранттар ұсынуға құқығы бар акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 7-5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-5) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер - құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар;
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
9) ықтимал өнім беруші - конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйым;
10) - 13) 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
2-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы Заңның күші техникалық реттеу объектілеріне қатысты қағидалар, жалпы қағидаттар мен сипаттамалар белгілейтін стандарттарға қолданылмайды.
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Заңның күші оператордың қатысуынсыз гранттар беруге байланысты туындайтын қатынастарға, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында реттелетін гранттар беру процесінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру қағидаттары
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы;
4) үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінің жариялылығы мен ашықтығы.
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) уәкілетті органды айқындайды;
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді)
1-1) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді)
1-2) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындайды;
2) 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
5) мемлекеттік органдар қалыптастыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
6) жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ұсынады;
7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекітеді;
8) Үйлестіру кеңесін құрады, ол туралы ережені және оның құрамын бекітеді;
9) орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін Үйлестіру кеңесінің қарауына жібереді;
10) Үйлестіру кеңесінің мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша ұсынымдарын олардың құзыретіне сәйкес орталық мемлекеттік органдарға жібереді;
11) оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебін қарайды және оның нысанын бекітеді;
12) сыйлықақылар беру қағидаларын бекітеді және оларды беруді жүзеге асырады;
13) - 15) тармақшалар 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
14) жыл сайын 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметін орталық атқарушы органдар ұсынатын ақпарат негізінде стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат береді;
15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
16) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылатын мәліметтерді Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін тексеруді жүзеге асырады;
17) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру тәртібін айқындайды;
18) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын жүргізуді жүзеге асырады;
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 4-2-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-2-бап өзгертілдіж 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-2-бап. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Орталық мемлекеттік органдар:
1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңестер құрады;
3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады;
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
6) өздерінің құзыреті шегінде оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
8) Үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізеді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;
10) - 12) тармақшалар 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;
11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) - 11) тармақшаларында көзделген әрекеттер Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қолданылмайды.
2-тармақтың бірінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Жергілікті атқарушы органдар:
1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңестер құрады;
3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады;
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
6) өздерінің құзыреті шегінде оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
8) мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қарауына шығарады;
9) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 4-3-баппен толықтырылды
4-3-бап. Мәліметтерді тексеру
1. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына берілетін мәліметтерді тексеруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру мониторингінің нәтижелері, сондай-ақ стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары, мемлекеттік органдардың ақпараты, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мәліметтерге тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.
Қажет болған кезде тексеру жүргізуге басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай салалар бойынша жүзеге асырылады:
1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;