Тираждық комиссияның құрамына қоғамдық бірлестіктердің немесе өзге де коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері енгізілуге тиіс.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тираждық комиссияның міндеттері:
1) лотерея өткізу шарттарының Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;
2) тираждың ұтыс ойынына қатысатын лотерея билеттерінің, түбіртектердің немесе өзге де құжаттардың санын растау;
3) тираждық комиссия мүшелерінің тираждық комиссия хаттамасына және тиражды өткізу нәтижелерінің ресми кестесіне қол қою арқылы тиражды өткізу нәтижелерін растау.
Тираждық комиссия хаттамасына және тиражды өткізу нәтижелерінің ресми кестесіне тираждың ұтыс ойыны өткізілген датадан бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қол қойылады.
5. Лотерея операторы ұтыстарды айқындау рәсімін көрсете отырып, тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын телеарнада тікелей эфирде немесе интернет желісінде трансляциялауды қамтамасыз етеді.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Тираждық лотереяның жүлде қорының әрбір ұтыс ойынының және лотерея билеттері, түбіртектері немесе өзге де құжаттары бойынша ұтыстардың нәтижелерін лотерея операторы көрсетілген ұтыс ойыны өткізілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды немесе он екі сағат ішінде лотерея операторының интернет-ресурсында орналастырады.
7. Тираждық лотереяны өткізу тоқтатылған жағдайда, бас жүлдені қоса алғанда, оның жүлде қоры толық ойнатылуға тиіс.
8. Мезеттік лотереяның жүлде қорының ұтыс ойыны:
1) лотереяға қатысушының лотерея билетін, түбіртек немесе өзге де құжатта дайындау кезеңінде оған салынған жасырын лотерея комбинациясын анықтауынан;
2) лотереяға қатысушы анықтаған ақпаратты лотереяны өткізу шарттарымен салыстырып-тексеруден тұрады.
9. Мезеттік лотереяның жүлде қорының мұндай ұтыс ойынын өткізу нәтижесін ұтыс ойыны басталғанға дейін алдын ала айқындауға мүмкіндік беретін рәсімдер мен алгоритмдерді пайдалануға тыйым салынады.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Лотереядан аударымдар
Лотерея операторы өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін, сондай-ақ өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына міндетті мүліктік жарна нысанында тоқсан сайын жіберуге міндетті.
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛОТЕРЕЯЛАР ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛОТЕРЕЯЛАР ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
15-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
16-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
17-бап. Өтпелі ережелер
Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде бас жүлделерді қоса алғанда, тиісті лотереялардың жүлде қорларын толық ұтысқа салу, ұтыстарды төлеуді жүргізуге және жүлде қорын ойнату өткізілмеген, сатылған лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар үшін ақшаны қайтаруға міндетті.
18-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң күшіне енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 5-бабының 2 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 9-ы.
№ 495-V