26-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін әзірлейді және құзыретті органның келісімі бойынша бекітеді;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
3) кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу тәртібін бекітеді;
4) құзыретті органмен келісілген тәртіппен оған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына енгізу үшін кадрлардағы ең аз жергілікті қамтуды ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2. Білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган:
1) қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесін әзірлейді және құзыретті органның келісімімен бекітеді;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық мамандарды оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
3) оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын есептеу тәртібін бекітеді;
4) құзыретті органмен келісілген тәртіппен оған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшін оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын табыс етеді.
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган құзыретті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын белгілейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Құқықтық реттеу саласындағы уәкілетті орган құзыретті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыру кағидаларын белгілейді.
27-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес келісімшартта айқындалған көлемде және мерзімге жер пайдалану құқығына жер учаскесін береді. Қажет болған жағдайда жер учаскесін аталған мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қоюды жүргізеді;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) осы Заңның 72-1-бабына сәйкес жасалатын келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды қайта ресімдеуді жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуын, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын, археологиялық ескерткіштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысады;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
5) жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыруды жүзеге асырады, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу мақсатында құзыретті органға тоқсан сайын ұсынылады;
8) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;
9) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамын бекітеді;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындайды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда
11) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды;
13) осы Заңның 37-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды береді, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркейді;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат береді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды
13-2) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат береді;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;
15) жер қойнауын пайдаланумен байланысты, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдеседі;
16) құзыретті және уәкілетті орталық атқарушы органдармен келісім бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілері мен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін бекітеді;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдайды;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
19) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) қалалар мен елді мекендердің аумақтарына құрылыс салу қағидаларын, жас екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ
28-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының түрлері
1. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
2) барлау;
3) өндіру;
4) бірлескен барлау мен өндіру;
5) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін беріледі.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтемді немесе өтеусіз болуы мүмкін.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелерiнде кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажы үшiн тәулігіне елу текше метрден аспайтын өндіру көлемінде өндiру тұрақты және өтеусiз жер қойнауын пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың барлық қалған түрлері уақытша және өтемді жер қойнауын пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
29-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері
1. Қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылуға тиіс.
3. Бір келісімшарт бойынша бірнеше тұлға жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін. Мұндай тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелері болып табылады және келісімшарт негізінде туындайтын міндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілікте болады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелерінің құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына қатысты құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерінің мөлшері келісімшартта айқындалады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелерінің құқықтары мен міндеттері және ортақ істерді жүргізу тәртібі келісімшартта, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шартта айқындалады. Бірлескен қызмет туралы шарттың ережелері келісімшарттың ережелеріне қайшы келмеуге тиіс.
Келісімшарт бойынша операторды құру немесе айқындау жағдайында жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелері бұл туралы құзыретті органға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Ұлттық компанияның міндетті үлестік қатысуы бар келісімшарттарда ұлттық компанияның оператордың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі кемінде елу пайызды құрауға тиіс.
Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелері оператордың әрекеттері үшін мүліктік жауапкершілікте болады.
30-бап. Жер қойнауын пайдаланушы құқықтарының кепілдіктері
Жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтарының қорғалуына кепілдік беріледі. Келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушының кәсіпкерлік қызметінің нәтижелерін нашарлататын заңнама өзгерістері мен толықтырулары осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттарға қолданылмайды.
Осы бапта белгіленген кепілдіктер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу және кедендік реттеу саласындағы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды.
31-бап. Ұлттық компанияның функциялары
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес ұлттық компанияның функциялары:
1) жер қойнауын пайдалану саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәртіппен және келісімшарттарда бекітілген өкілеттіктер шегінде ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) конкурс жеңімпаздарымен бірлесе отырып, құзыретті органның шешімі бойынша келісімшарттарға үлестік қатысу жолымен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу;
4) тікелей келіссөздер негізінде берілген жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу;
5) жер қойнауын пайдалану және көмірсутек шикізатын тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі жобаларына қатысу;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне келісімшарттардың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептерді дайындауға қатысу;
7) пайдалы қазбаларды барлау, игеру, өндіру, өңдеу, өткізу, көмірсутектерді тасымалдау, мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ өнеркәсіптік инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелері бойынша корпоративтік басқару мен мониторингті жүзеге асыру;
8) осы Заңның 13-бабының 8-тармағына сәйкес, иеліктен шығарушымен (иеліктен шығарушылармен) иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу болып табылады.
2. Ұлттық компания жер қойнауын пайдаланушы болатын келісімшарттар бойынша барлауды қаржыландыруды, егер бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, оның стратегиялық әріптесі жүргізеді.
32-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелері
1. Қазақстан Республикасы аумағының шекараларындағы жер қойнауы учаскелері мемлекеттік меншік болып табылады және осы Заңда белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін беріледі.
2. Жер қойнауы учаскесі айналым нысанасы бола алмайды.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығы осы Заңда айқындалған тәртіппен және талаптарда айналым объектісі болып табылады.
33-бап. Геологиялық және тау-кендік бөлулер
1. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығының иесі жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті операцияларды геологиялық немесе тау-кендік бөлуге сәйкес айқындалған жер қойнауы учаскесі шегінде ғана жүргізуге құқылы.
2. Геологиялық бөлуді жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурс жеңімпазы немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткізбей-ақ берілген тұлға өтініш берген күннен бастап жиырма күн ішінде береді.
3. Тау-кендік бөлуді жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурс жеңімпазына немесе осы Заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткізбей-ақ берілетін тұлғаға аталған тұлға тау-кендік бөлу жобасын берген күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей береді.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының иесi тау-кендiк бөлуде айқындалған жер қойнауы учаскесi шегiнде барлау жөнiндегi операцияларды жүргiзуге құқылы. Егер өндіру жүргізілетін кен орны тау-кендік бөлуде айқындалған жер қойнауы учаскесінің шегінен шығып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы тау-кендік бөлуде айқындалған жер қойнауы учаскесін қамтитын жаңа тау-кендік бөлуді немесе геологиялық бөлуді, сондай-ақ геологиялық зерттеуге жататын жаңа жер қойнауы учаскесін немесе учаскелерін кейіннен ала отырып, келісімшарттық аумақты кеңейтуге рұқсат алу үшін құзыретті органға өтініш жасауға құқылы. Бұл жағдайда келісімшарттық аумақты тиісінше кеңейту осы Заңның 70-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен ресімделеді. Қорлардың өсiмi болған және олар жер қойнауына мемлекеттiк сараптамамен расталған жағдайда келiсiмшартқа тараптардың жазбаша келiсiмімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер енгiзiлуге тиiс.
34-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының туындауы
1. Жер қойнауын пайдалану құқығы:
1) беру;
2) табыс ету;
3) құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысу жолымен туындайды.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға тікелей мемлекеттің беруін білдіреді.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын табыс ету жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруін білдіреді.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығының құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуы заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде және жер қойнауын пайдалану құқығына ие жеке тұлға қайтыс болған кезде құқық мирасқорында жер қойнауын пайдалану құқығының туындауын білдіреді.
35-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 5, 6, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беру келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.
2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт конкурс нәтижелерінің негізінде оның жеңімпазымен жасалады.
Конкурс өткізбей-ақ, тікелей келіссөздер негізінде:
1) барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге;
2) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге;
3) 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компаниямен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1) қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерімен «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;
5) осы Заңның 54-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) қойнауында жерасты сулары бар жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы осы учаскеде арнаулы су пайдалану құқығын иеленген жағдайда, онымен халықты ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін тәулігіне екі мың текше метрден астам көлемдегі жерасты суларын өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 7) және 8) тармақшалармен толықтырылды
7) оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерінде барлау жөніндегі операцияларды жүргізуге;
8) осы Заңның 10-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайда техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу немесе өзге де пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келiсiмшарттар жасалады.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Барлауға арналған келісімшарт осы баптың 2-тармағында көзделген конкурсты өткізбей және тікелей келіссөздер жүргізбей, келісімшарттық аумақты осы Заңның 70-1-бабында көзделген тәртіппен өзгерту нәтижесінде одан бөлінетін жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты құзыретті органның рұқсаты негізінде жасалуы мүмкін.
3. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Барлаумен немесе өндiрумен байланысты және барлау және (немесе) өндiру жөніндегі бекітілген жобалау құжаттарында көзделген жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етiлмейдi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық мақсаттағы жерасты суларын тәулігіне елу текше метрден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен өндіру құқығын беру су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес өндірістік-техникалық жерасты суларын тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде қаттарға айдау үшін оларды барлау немесе өндіру не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіру құқығын беру индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсат беруі арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың ережелері жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асыратын,
тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге қолданылмайды.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісімшарт (шарт) жасасу арқылы ол белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
9. Кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін, сондай-ақ тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі. Жер учаскесін уақытша жер пайдалануға беру кезінде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін, сондай-ақ тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде өндірілетін жерасты суларын пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта көзделуі мүмкін.