Қазақстан Республикасының
Заңы
2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
(2016.05.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. 2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 7 268 407 231 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 3 189 806 996 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 159 104 528 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 16 383 224 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 3 903 112 483 мың теңге;
2) шығындар - 7 920 789 229 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 112 155 814 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 205 246 481 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 93 090 667 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 138 148 303 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 140 798 303 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 2 650 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 902 686 115 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 2,0 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 902 686 115 мың теңге.
«2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 Қаулысын қараңыз
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 38 090 438 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 7 472 520 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2016 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемдерi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:
1) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
2) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ бұрын автомобиль жолдарын пайдаланушылардың Жол қорына түсiп келген аударымдары.
Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады;
3) «Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыны» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiп келген бензиннен және дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.
5-бап. Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының көрсетілген қорға аударымдардың есепке жатқызылған сомасынан асып түсуі нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.
6-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемдерi 213 852 809 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Атырау облысынан - 73 202 568 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 25 712 825 мың теңге;
Алматы қаласынан - 97 684 008 мың теңге;
Астана қаласынан - 17 253 408 мың теңге.
7-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Маңғыстау облыстарының облыстық бюджеттерінен облыстардың ішкі істер департаменттерінің оқу орталықтарын күтіп-ұстауға арналған шығыстарды республикалық бюджетке беруге байланысты 424 637 мың теңге сомасында трансферттер түсiмдері көзделсін.
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық бюджеттерінен жан басына шаққандағы қаржыландыруды ендіру бойынша сынақтан өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында 1 - 11-сыныптар үшін білім беру процесін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты 914 330 мың теңге сомасында трансферттер түсiмдері көзделсін.
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 2 880 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға нысаналы трансферт 807 500 000 мың теңге сомасында көзделсін.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансфертті бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
11-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi - 22 859 теңге;
2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi - 11 965 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi - 25 824 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 2 121 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 22 859 теңге болып белгiленсiн.
12-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшiлерге еңбекақы төлеу жүйесiнiң жаңа моделi бойынша еңбекақы төлеу, сондай-ақ оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшiн 10 пайыз мөлшерiнде ай сайынғы үстемеақы төлеу белгiленсiн.
13-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.
14-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемдерi 836 882 948 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Ақмола облысына - 52 707 119 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 8 621 042 мың теңге;
Алматы облысына - 91 087 781 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 80 124 382 мың теңге;
Жамбыл облысына - 94 008 044 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 37 001 397 мың теңге;
Қарағанды облысына - 16 132 736 мың теңге;
Қызылорда облысына - 80 719 104 мың теңге;
Қостанай облысына - 55 912 375 мың теңге;
Павлодар облысына - 7 278 411 мың теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 57 470 936 мың теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысына - 255 819 621 мың теңге.
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:
1) дағдарыстық жағдай қаупі төнген және туындаған кезде іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығулар жүргізуге;
2) жергілікті атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен бөлімшелерін ұстауға;
3) қайта өңдеушi кәсiпорындардың ауылшаруашылық өнiмiн тереңдете қайта өңдеп өнiмдер өндіруі үшiн оны сатып алу шығындарын субсидиялауға;
4) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге;
5) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру және сақтандыру шеңберiнде субсидиялауға;
6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға;
6-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға;
6-2) кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;
7) әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының деңгейін арттыруға;
7-1) экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге;
7-2) жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуді қамтамасыз етуге;
8) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға;
9) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
10) орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге;
11) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға;
12) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға;
13) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің медициналық ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға;
14) «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге;
15) аудандық маңызы бар және селоның денсаулық сақтау субъектілерінің халыққа медициналық көмек көрсетуіне және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге;
16) онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге;
17) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге;
18) дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға;
19) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшiлерге еңбекақы төлеу жүйесiнiң жаңа моделiне көшуге, сондай-ақ оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшiн ай сайынғы үстемеақы төлеуге;
20) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге;
21) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;
22) Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 - 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын іске асыруға;
23) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;
24) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға;
25) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге;
26) көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;
27) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);
28) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органның штат санын ұстауға;
29) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың штат санын ұстауға;
29-1) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларының қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын штат санын ұстауға;
29-2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;
30) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;
31) өңiрлерде жеке кәсiпкерлiктi қолдауға 2016 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу және (немесе) оларды пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
16-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте жалға берілетін тұрғын үй құрылысы үшін 30 жыл мерзімге «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеу тетігі арқылы кейіннен 19 092 292 мың теңге бере отырып, 2016 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімге жергілікті атқарушы органдарды бюджеттік кредиттеу тетігі арқылы бұрын басталған кредиттік тұрғын үй жобаларын аяқтауға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы үшін 19 092 292 мың теңге сомасында 2015 жылы бөлінген бюджеттік кредиттерді қайтару көзделсін.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеу қаражатын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-1-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің шығыстары шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы төлеуге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына аудару үшін 20 900 000 мың теңге мөлшерінде қаражат көзделсін.
17-бап. Мынадай:
1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға кредит беру;
2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру;
3) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау бағыттары бойынша іске асырылатын Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
18-бап. Облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен селолық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2016 жылға кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
19-бап. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
20-бап. 2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық меншіктегі объектілерді жекешелендіруден республикалық бюджетке түскен кірістер есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын толықтыру үшін 1 537 777 мың теңге сомасында шығыстар көзделсін.
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылға арналған резервi 264 293 453 мың теңге сомасында, оның iшiнде арнайы резерв 101 671 852 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
22-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 9 054 814 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 8 975 732 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 668 446 мың теңге көзделсiн.
24-бап. 2016 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитi 1 500 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. 2016 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 9 305 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
26-бап. 2016 жылы мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi 107 616 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-бап. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi 1 369 497 307 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
28-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2016 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.
29-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 30-ы.
№ 426-V
2016.05.03. № 470-V ҚР Заңымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«2016 - 2018 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 426-V ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
2016 жылға арналған республикалық бюджет
Санаты | | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| Iшкi сыныбы | |
1 | 2 | 3 |
| I. Кірістер | 7 268 407 231 |
1 | | Салықтық түсімдер | 3 189 806 996 |
| 1 | | Табыс салығы | 1 074 927 600 |
| 1 | | Корпоративтік табыс салығы | 1 074 927 600 |
5 | | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар | 1 476 642 658 |
| 1 | Қосылған құн салығы | 1 245 725 007 |
2 | Акциздер | 49 870 958 |
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер | 165 852 119 |
4 | Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар | 5 002 794 |
5 | Ойын бизнесіне салық | 10 191 780 |
6 | | Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 619 177 306 |
| 1 | Кеден төлемдерi | 605 000 433 |
2 | Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар | 14 176 873 |
8 | | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 19 059 432 |
| 1 | Мемлекеттік баж | 19 059 432 |
2 | | Салықтық емес түсiмдер | 159 104 528 |
| 1 | | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 76 197 434 |
| 1 | Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері | 2 822 519 |
3 | Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер | 12 510 989 |
4 | Мемлекет меншігінде тұрған, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер | 1 397 985 |
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 46 982 101 |
6 | Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар | 500 000 |
| | | | | | | | |
2 |
1 | 2 | 3 |
| 7 | | Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар | 1 969 909 |
9 | Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер | 10 013 931 |
| 2 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 2 619 365 |
| 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 2 619 365 |
3 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 41 350 |
| 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 41 350 |
4 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 5 325 675 |
| 1 | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 5 325 675 |
5 | | Гранттар | 1 891 741 |
| 2 | Қаржылық көмек | 1 891 741 |
6 | | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 73 028 963 |
| 1 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 73 028 963 |
3 | | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 16 383 224 |
| 1 | | Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 249 910 |
| 1 | Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 249 910 |
2 | | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 16 133 314 |
| 1 | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 16 133 314 |
4 | | Трансферттердің түсімдері | 3 903 112 483 |
| 1 | Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер | 215 612 483 |
| 1 | Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер | 215 612 483 |
4 | | Ұлттық қордан трансферттер | 3 687 500 000 |
| 1 | Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер | 3 687 500 000 |
3 |
1 | 2 | 3 |
| II. Шығындар | 7 920 789 229 |
1 | | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 463 721 685 |
| 101 | | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі | 7 041 639 |
| 001 | | Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 4 868 208 |
002 | Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 166 921 |
003 | Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану жөніндегі қызметтер | 290 753 |
007 | Орталық коммуникациялар қызметінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 489 046 |
008 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 673 646 |
009 | Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 523 927 |
011 | Қазақстан Республикасында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту | 29 138 |
102 | | Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы | 11 441 998 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 11 441 998 |
104 | | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi | 2 245 707 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 2 149 960 |
002 | Мемлекеттік органдарда және мекемелерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | 95 747 |
106 | | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық | 81 569 |
| 001 | Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі қызметтер | 81 569 |
107 | | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты | 171 774 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 171 774 |
201 | | Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi | 61 704 409 |
| 001 | Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | 61 704 409 |
204 | | Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi | 71 293 712 |
| 001 | Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер | 3 051 836 |
003 | Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау | 290 083 |
005 | Шетелдік іссапарлар | 3 899 110 |
008 | Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету | 111 221 |
010 | Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру | 47 485 367 |
013 | Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру | 483 250 |
| | | | | | |