ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес емдік-профилактикалық тағаммен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жұмыскерлерді, басшыларды және еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, білімін тексеруден өткізу жөніндегі талаптарын орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші бөлiктерінде көзделген, ескерту жасалғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқама беру (кіріспе нұсқамадан басқа) талаптарын орындамауы және осы құжаттардың болмауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
94-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы -
ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 95-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
95-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 96-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
96-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 97-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
97-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасу жөнiнде заңнама талаптарын бұзу
1. Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе көрсетілген келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар айқындаған мерзiмдерде қамтамасыз етпеу -
келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттiк берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту -
ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу -
ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу -
ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
98-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын:
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, санның немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық ахуалының нашарлауына алып келген өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюына байланысты жұмыскерлердің алдағы уақытта жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты толық көлемде және (немесе) белгіленген мерзімдерде бермеу;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) халықты жұмыспен қамту орталығына бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтерді жібермеу, уақтылы жібермеу;
3) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны ұсынбау, уақтылы хабарламау;
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау түрінде жасаған бұзушылығы -
5) 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ескерту жасауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он айлық есепті көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жұмыспен қамту жеке агентінің еңбек делдалдылығы бойынша қызмет көрсетулерді алуға өтініш білдірген тұлғалармен шарт жасаспауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған немесе қарамағында жұмысқа орналасуға рұқсат алған шетелдік жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс берушілердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
99-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу -
лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
100-бап. Жеке немесе заңды тұлғаның берген шағымын оған зиянды болатындай етiп бағыттау
Негiздi шағым берген немесе мүддесiне орай шағым берiлген жеке немесе заңды тұлғаға сол шағымды оған зиянды болатындай етiп бағыттау -
лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11-тарау. Сайлау құқықтарына (республикалық референдумға қатысу құқығына) қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
101-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (республикалық референдум комиссиясына) қажеттi мәлiметтер мен материалдарды ұсынбауы немесе комиссияның шешiмдерiн орындамауы
Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (республикалық референдум комиссиясына) кандидаттың заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы; сот заңда белгіленген тәртіппен таныған, кандидаттың сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасауға кінәлі екендігі туралы; кандидаттың азаматтығы туралы; кандидаттың немесе зайыбының (жұбайының) декларацияланған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анықтығы туралы; әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдері туралы мәліметтер мен материалдарды ұсынбауы немесе олардың комиссия өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімді орындамауы -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
102-бап. Сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу
Кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау болатын күні не оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сондай-ақ республикалық референдум өткізілетін күні не оның қарсаңындағы күні үгіт жүргізу -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
103-бап. Сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығына кедергi келтiру
Президенттiкке, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға, олардың сенiм бiлдiрілген тұлғаларына, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
104-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату
Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
105-бап. Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң құқықтарын бұзу
Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеу, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу және олар бойынша дауыс берілуін талап ету, өзі құрамына кіретін сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысу, олардың куәландырылған көшірмелерін алу, төмен тұрған сайлау комиссиясының қызметін тексеруді жүзеге асыру құқықтарын бұзу -
отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 106-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
106-бап. Азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзу
Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiмен) танысу құқығын бұзуы не өтінішті сайлау комиссиясына келіп түскен күні қарамауы не сайлаушылар тiзiмiне (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiне) түзетулер енгiзу туралы өтінішті қабылдамау уәждерін жазбаша нысанда баяндай отырып, азаматқа шешімнің көшірмесін беруден бас тартуы не сайлаушылар тiзiмiн (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiн) түзету туралы сот шешiмiн дереу орындамауы -
ескерту жасауға немесе отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
107-бап. Сайлаушылар (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәліметтер ұсыну
1. Лауазымды адамдардың жергiлiктi атқарушы органдарға сайлаушылар (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәліметтерді ұсынуы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиiстi сайлау комиссиясына сайлаушылардың (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың) анық емес тізімін ұсынуы -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
108-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу
Тең сайлау құқығы туралы талапты екi немесе одан да көп рет немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы бұзу -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
109-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi келтіретін және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы
Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi келтіретін және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы -
жеке тұлғаларға - Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онсыз, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
110-бап. Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) беру
Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) беруi -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
111-бап. Жұмыс берушiнiң сайлауға (республикалық референдумға) қатысу үшiн демалыс беруден бас тартуы
Жұмыс берушiнiң депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымға тiркелген кандидатқа не сайлау комиссиясының мүшесiне мемлекеттiк билік, басқару органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзуге қатысу үшiн заңнамалық актiлерде көзделген демалысты беруден бас тартуы -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
112-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу шарттарын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдындағы іс-шаралардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін бұрмалаудан көрінетін, кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді объективті көрсетпеуі -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының кандидаттың немесе саяси партияның абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрінеу нұқсан келтiретiн үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялауы, сондай-ақ аталған тұлғаларға абыройын, қадiр-қасиетiн және iскерлiк беделiн қорғауы үшін теріске шығаруды тегін жариялауына мүмкіндік беруден бас тарту -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кандидаттардың теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлу және сөйлеген сөздерінен кейін іле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздеріне сол бір нөмірде түсініктеме жасау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық кандидаттарды және партиялық тізімдерді ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетінен орын, эфир уақыты бойынша бірдей көлемде тарату туралы талаптарды бұзуы -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Эфирден және баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары және тәртібі туралы мәліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы -
лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Бұқаралық ақпарат құралының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға осы бұқаралық ақпарат құралы эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруге келісім берілсе, -
лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе жеребе бойынша белгіленген сөз сөйлеу кезектілігінің бұзылуы -
лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарт талаптармен қандай да бір кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға артықшылық туғызу -
лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
113-бап. Анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату
Мемлекеттiк билік органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде үгіттеу материалдарын шығарған ұйымдар, олардың басылған жерi, таралымы, тапсырыс берген тұлғалар және қандай қаражаттан төленгені туралы ақпараты жоқ үгiттік баспа және электрондық материалдарды дайындау немесе тарату, сондай-ақ үгіттік баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде дайындау, анонимдік үгіттеу материалдарын тарату -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
114-бап. Үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттардың ғимараттарға, құрылыстарға және өзге де объектілерге меншік иесінің немесе өзге де иеленушінің келісімімен ілінген үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
115-бап. Сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзуге қаражаттың жұмсалғаны туралы есептердi ұсынбау немесе жарияламау
Кандидаттың, депутат болып немесе өзге де сайланбалы лауазымға сайланған адамның не саяси партияның сайлау қорларына түскен түсiмдердiң (қайырмалдықтардың) мөлшерi туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қоры қаражатының пайдаланылғаны туралы есептi ұсынбауы -
кандидатқа, депутат болып немесе өзге де сайланбалы лауазымға сайланған адамға - он бес, заңды тұлғаға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 116-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
116-бап. Сайлау науқанын сайлау қорларынан тыс қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету
Кандидаттарға, партиялық тiзiмдерді ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан тыс қаржылық немесе өзге де материалдық көмек, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары мен бірлестіктері көрсететін қайырымдылық көмек көрсету -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
117-бап. Мемлекеттiк сайланбалы лауазымға кандидаттың не саяси партияның шетел мемлекеттерінен, ұйымдарынан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдықтар алуы
Депутаттыққа немесе өзге де мемлекеттiк сайланбалы қызметке кандидаттың не саяси партияның шетел мемлекетінен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық бiрлестiктен, шет елдердiң мемлекеттiк органдарынан, шетелдiктерден және басқа мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы -
қайырмалдық заттары тәркілене отырып, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымға кандидатқа - елу, заңды тұлғаға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.