9-2) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы сегіз жыл ішінде ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе мемлекеттік қызметке кірер алдындағы сегіз жыл ішінде ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне, меншікке, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығы мен адамгершілікке, мемлекеттік қызмет мүдделеріне және мемлекеттік басқаруға, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне, конституциялық іс жүргізуге қарсы ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар немесе болған немесе қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған азамат мемлекеттік қызметке қабылданбайды;»;
12) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде құқық қорғау қызметінен, әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан теріс себептермен қызметтен шығарылған, сондай-ақ теріс себептермен судья өкілеттігін тоқтатқан азаматты қабылдауға болмайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды.
7-тармақтың 2) тармақшасының он жетінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Азаматты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан шығарылғаннан немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылғаннан, сол сияқты өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін екі жыл ішінде мемлекеттік қызметке қабылдауға болмайды;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардың кез келгенінің болуы мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Басшылық мемлекеттік лауазымға орналасу үшін осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 6), 6-1), 7), 9), 9-1), 9-2) және 14) тармақшаларында көрсетілген шектеулердің мерзімі үш жылға ұлғайтылады.
Ескерту. Осы тармақтың мақсаты үшін басшылық мемлекеттік лауазым деп мыналар түсініледі:
1) мемлекеттік саяси лауазым;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы;
3) лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес бағынысты мемлекеттік қызметшілердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы;
4) сайланған әкім.»;
4-тармақтағы «3-тармағында» деген сөздер «3-тармағының бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Адамдарды құқық қорғау қызметіне, әскери қызметке және арнаулы мемлекеттік органдарға қабылдаудағы шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.»;
3) 44-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Басқа мемлекеттік саяси немесе әкімшілік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тартылады.»;
4) 59-бапта:
бірінші бөлікте:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) осы Заңның 16-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 6), 6-1), 7), 8), 9), 9-1), 9-2), 10), 11) және 14) тармақшаларында көрсетілген адамдарды мемлекеттік қызметке қабылдаған;»;
12) тармақша алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
7-тармақтың 4) тармақшасының жетінші абзацының қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылады
«Осы баптың бірінші бөлігінің 3), 3-1), 4), 5), 6), 7), 11), 13), 14) және 15-1) тармақшаларына сәйкес қызметтен шығарылған мемлекеттік саяси қызметшілер теріс себептермен қызметтен шығарылған болып танылады.».
5) 61-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) осы Заңның 16-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 6), 6-1), 7), 8), 9), 9-1), 9-2), 10), 11) және 14) тармақшаларында көрсетілген адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;»;
14) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Басқа мемлекеттік лауазымға орналасу мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болмайды. Бұл жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшіні атқаратын лауазымынан босату туралы акт шығарылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 7), 8), 9), 11), 12), 13), 15), 16) және 21) тармақшаларына сәйкес қызметтен шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер теріс себептермен қызметтен шығарылған болып танылады.»;
6) 64-1-баптың 8-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік қызметші ретінде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін екі жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметтен шығарылған, сондай-ақ келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшін қызметтен шығарылған;»;
10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
12-2) келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін сегіз жыл ішінде ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін сегіз жыл ішінде ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған азамат жұмысқа тартылмайды. Бұл ретте жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне, меншікке, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығы мен адамгершілікке, мемлекеттік қызмет мүдделеріне және мемлекеттік басқаруға, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне, конституциялық іс жүргізуге қарсы ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар немесе болған немесе қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған азаматты келісімшарттық қызметші ретінде тартуға болмайды;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін екі жыл ішінде құқық қорғау қызметінен, әскери қызметтен және арнаулы мемлекеттік органдардан теріс себептермен шығарылған, сондай-ақ теріс себептермен судья өкілеттігін тоқтатқан азамат жұмысқа тартылмайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды.
7-тармақтың 6) тармақшасының он жетінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Азаматты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан шығарылғаннан немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылғаннан, сол сияқты өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін екі жыл ішінде келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартуға болмайды;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардың кез келгенінің болуы азаматты келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартудан бас тартуға негіз болып табылады.».
8. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
3-тармақта:
3) тармақшаның екінші абзацындағы «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшаның төртінші абзацындағы «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
9-тармақ алып тасталсын;
10-тармақтың 4) тармақшасының жетінші абзацындағы «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 2-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші абзацын, 5) және 6) тармақшаларын, 8) тармақшасының төртінші абзацын, 7-тармағын, 8-тармағының 2) тармақшасын, 10-тармағының 4) тармақшасын, 11-тармағының 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші және жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
2-бап.
1. Осы Заң:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының сегізінші абзацын, 5-тармағы 5) тармақшасының он бірінші абзацын, 7-тармағы 2) тармақшасының он жетінші абзацын және 6) тармақшасының он жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 7-тармағы 4) тармақшасы жетінші абзацының қолданысы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7), 11), 13), 14) және 15-1) тармақшаларына сәйкес қызметтен шығарылған мемлекеттік саяси қызметшілер теріс себептермен қызметтен шығарылған болып танылады.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 10 қаңтар
№ 156-VIII ҚРЗ