Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша таныстыруға өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілер де енгізілуі мүмкін.
98-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері таныстыруға тиісті материалдарды дайындауды, сондай-ақ шақырылған адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Күн тәртібі бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің көп саны бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі материалдарды таныстыруға дайындауды, сондай-ақ Хаттаманың жобасын ресімдеуді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 98-6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 98-6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98-6. Таныстырылымға Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адам төрағалық етеді, ол:
1) тиісті заң жобаларының әзірлеушілері болып табылатын орталық атқарушы органдардың басшыларын, оның ішінде қаралатын заң жобасы қолданысының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдары тұрғысынан, сондай-ақ жария талқылау нәтижелерін тыңдайды;
2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың таныстырылатын заң жобасына байланысты ұстанымын, оның ішінде қаралатын заң жобасы қолданысының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдары тұрғысынан, сондай-ақ жария талқылау нәтижелерін тыңдайды;
3) мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар береді;
4) таныстырылатын заң жобалары бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.
98-7. Заң жобасын таныстыруды әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) заң жобасының негізгі ережелері, заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар жөніндегі баяндама;
2) заң жобасы нормаларының тиісті бюджет қаражатымен қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат;
3) мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктер туралы мәліметтер.
98-8. Кеңсенің Басшысы таныстыруда Премьер-Министрге заң жобасы бойынша қолда бар ескертулер мен ұсыныстар туралы баяндайды.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-9-тармақ жаңа редакцияда
98-9. Таныстыру қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Заң бөлімінің меңгерушісі алдын ала бұрыштама қойған және Премьер-Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-10-тармақ өзгертілді
98-10. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жобаларының тұжырымдамалары таныстырылуы тиіс.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары (Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының жобалары, бағдарламалық және Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жатқызылған өзге де құжаттар тұжырымдамаларының жобалары) таныстырылуы тиіс.
Материалдар дайындау, сондай-ақ нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын таныстыруды өткізу тәртібі заң жобаларына қатысты осы Регламентте белгіленген тәртіпке ұқсас.
ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6.4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда
6.4-бөлім. Заң жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу, сондай-ақ заң жобаларын қарау басымдығын айқындау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 99-тармақ өзгертілді
99. Парламент Мәжілісіне Үкімет енгізетін заңдардың жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу»«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мыналар Президент Әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала келісілуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының Президенті атынан Парламентте қаралуын басым деп жариялау жоспарланатын заң жобалары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет әзірлеген және Парламент Мәжілісіне енгізуге жататын заң жобалары;
3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстерді өзгертуге және толықтыруға бағытталған заң жобалары;
4) жергілікті мемлекеттік басқаруды және жергілікті өзін-өзі басқаруды, елдің саяси және сайлау жүйелерін жетілдіруге бағытталған заң жобалары;
5) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы, құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтін заңдардың жобалары.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың жобалары
Президент Әкімшілігінің онымен келісілетін заң жобалары бойынша ескертулері толық ескерілмейтін жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган бұл туралы Президенттің Әкімшілігін хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 100-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен 100-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
100. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар оларды Үкіметке енгізу кезінде бір мезгілде нақты заң жобасын қарауды басым деп айқындау туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсіндірме жазбада оны басым деп айқындау қажеттілігінің негіздемесі де қамтылуға тиіс.
Үкімет өзі әзірлейтін заң жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Президентіне нақты заң жобасын қарауды басым деп айқындау туралы ұсыныс енгізеді.
Бұл ретте Үкіметтің ұсынысына тиісті заң жобасы және заң жобасын басым деп қарауды Парламенттің айқындауы қажеттілігінің негіздемесін қамтитын және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын және ол шешетін міндеттерді қамтитын түсіндірме жазба қоса берілуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 6.5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6.5-бөлім. Заң жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 101-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
101. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының төлнұсқаларына міндетті түрде: заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің басшылары, Кеңсе Басшысы және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) бұрыштама қоюға тиіс. Үкімет бланкісіне шығарылған заң жобасына түсіндірме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) қол қояды. Заң жобаларының төлнұсқалары Парламент Мәжілісіне қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) енгізіледі.
Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізер алдында Парламентте заң жобасын сүйемелдеуге жауапты адамдардың дербес құрамы айқындалады, бұл ретте тізбеге әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы, заң жобасын әзірлеуге жауапты оның орынбасары, заң жобасына ғылыми сараптама жүргізген ғалымдар (келісім бойынша) және басқа да мүдделі адамдар (келісім бойынша) міндетті түрде қосылады.
Осы Регламенттің 109-2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес лауазымды адамдар заң жобасын сүйемелдеуді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 101-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-1-тармақ жаңа редакцияда
101-1. Заң жобаларымен бірге Парламент Мәжілісіне осы Регламенттің 95-тармағының 3)-5), 7)-9), 12), 14), 20) тармақшаларында көрсетілген материалдар енгізіледі.
102. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет Парламент Мәжілісінің қарауына басымдығын айқындау жоспарланған заң жобаларын 10 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.
103. ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 104-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 104-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
104. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламентке енгізілген заң жобасын Парламент Мәжілісінің Аппараты тіркемей Кеңсеге қайтарған жағдайда, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, жоба Кеңсеге келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган оларды ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
Үкімет Парламент Мәжілісіне енгізген заң жобасына материалдарды толық жиынтықта ұсынбағаны үшін (заңнамалық актілерге сәйкес қажетті бір немесе бірнеше қосымшалар болмағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган, сондай-ақ заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуге дайындаған Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жауапты болады.
Үкімет Парламент Мәжілісіне енгізген заң жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінінің теңтүпнұсқалы болмағаны үшін жауапкершілік заң жобасын әзірлеуге тікелей жауапты бірінші басшысының орынбасарына жүктеледі.
Парламент Сенаты Үкімет енгізген заң жобасын ресімдеуде кемшіліктерді анықтаған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган оларды осы Парламент палатасының конституциялық тұрғыдан айқындалған заң жобаларын қарау мерзімдерін ескере отырып жою жөніндегі жұмыс жүргізеді.
Заң жобасын ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган түпнұсқаларын Кеңсе Басшысының қолын қойғызып бір уақытта қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) Парламент Мәжілісінің Аппаратына, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштердегі түпнұсқаларының көшірмелерін (электрондық құжаттар форматында) Парламент Сенатаның Аппаратына жіберу үшін аталған заң жобасы бойынша тиісті, тиісінше ресімделген материалдарды Кеңсеге енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 6.6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6.6-бөлім. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларын қарау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 105-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 105-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.07.11. № 672 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 105-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Үкімет Парламентке осы Регламентке 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заң жобалары Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) отырысында қаралуға тиіс.
Қорытынды дайындауға жауапты деп айқындалған мемлекеттік орган Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы бойынша алдын ала қорытындыны Ведомствоаралық комиссияның отырысына дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын Әділет министрлігіне ұсынады, сондай-ақ Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, Ведомствоаралық комиссияның қарауына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту бөлігінде алдын ала қаржы-экономикалық есептерді енгізеді.
Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің, оның орынбасарының не Кеңсе Басшысының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне кіретін мемлекеттік орган әзірлейді, ол мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны бірінші басшылардың ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы хаттарды ұсыну не бірінші басшылардың бұрыштама қоюы арқылы міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен келіседі. Қажет болған кезде әзірлеуші қорытынды жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.
Қорытынды жобасында республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы, заң жобасында ұсынылатын нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтер, оларды қабылдаудың орындылығы, сондай-ақ реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін нормалар, ықтимал теріс әлеуметтік-экономикалық салдар туралы мәліметтер қамтылады.
Осы Регламентке сәйкес дайындалған Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын Кеңсеге енгізген кезде әзірлеуші оларға Ведомствоаралық комиссияның электрондық құжат нысанындағы хаттамалық шешімінің көшірмесін, қорытынды жобасында олардың бұрыштамалары болмаған жағдайда, мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған, Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері хаттарының көшірмелерін қоса береді, сондай-ақ қажет болған кезде әзірлеуші қорытынды жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобалары бойынша реттеушілік әсерді талдауды реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыру көзделетін мемлекеттік басқару саласында немесе аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 106-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 106-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
106. Үкімет қорытындысының жобасы, егер Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасында өзге анағұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, Кеңседе тіркелген күннен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде (оның ішінде электрондық құжаттар форматында) Кеңсеге енгізіледі.
Егер Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасында бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар көрсетілген болса, онда осы органдар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей қорытынды дайындауға жауапты мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын беруге міндетті.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 106-1-тармақпен толықтырылды
106-1. Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі Үкімет қорытындысының жобасын Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесіне түскен кезінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, қорытынды жобасын Президент Әкімшілігіне келісуге жібергенге дейін қарайды.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 107-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 107-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 107-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының жобасы Кеңсенің хатымен Президент Әкімшілігіне келісуге жіберіледі.
Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін қорытынды жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкімет мәжілісіне не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылғанға дейін осы Регламентте көзделген тәртіппен алдын ала таныстырылады, содан соң оған жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Заң бөлімінің меңгерушісі, Кеңсе Басшысының орынбасары - Үкіметтің Парламенттегі өкілі және Кеңсе Басшысы бір күн мерзімде бұрыштама қояды.
Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша материалдар жолданған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.
Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Кеңсеге өздерінің пікірін білдіретін ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы жауаптар жібереді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда, Үкімет мүшесі қорытынды жобасының қабылдануына дауыс берді деп саналады. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырады.
Егер қорытынды жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі жобаның қабылдануына дауыс берсе, сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.
Үкіметтің дауыс берілген қорытындысының жобасы бір жұмыс күні ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 6.7-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6.7-бөлім. Заң жобаларының Парламентте өту тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 108-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 108-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.07.11. № 672 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 108-тармақ өзгертілді
108. Президент, Парламент депутаттары, Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларын Парламентте қарау барысында уәкілетті адамдарға Үкімет басшылығының алдын ала келісімінсіз заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, оның ішінде реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізумен немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асырумен байланысты (заң техникасына қатысты түзетулерді қоспағанда), сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін ұсыныстарды ауызша немесе жазбаша нысанда енгізуге немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісім білдіруге тыйым салынады.
Бұл ретте Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет басшылығына көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды келісу және олар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын әзірлеу туралы дереу жазбаша хабарлауға міндетті.
Үкімет әзірлеген бірыңғай ұстанымды Парламенттің заң жобаларын қарауы барысында қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдар бұлжытпай сақтауға тиіс.
Үкімет басшылығымен келіспей көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге келіскені үшін Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ бірінші басшылардың аталған заң жобасы үшін тікелей жауапты орынбасарлары жауапты болады.
Көрсетілген тәртіпті бұза отырып білдірілген келісімнің заңдық күші жоқ және Үкіметтің ұстанымы болып табыла алмайды.
Парламент депутаттары Үкімет басшылығымен келісілмеген көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салуға шығарған жағдайларда, заң жобаларын ұсынатын тұлғалар мәжілістің стенограммасында өздерінің қарсылықтарын тіркеуді талап етуге және Кеңсеге осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті.
Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және Үкімет басшылығының рұқсатынсыз заң жобаларына жоғарыда аталған түзетулерді енгізуге уәкілетті тұлғалардың келісім білдіру фактілерін болдырмауға бағытталған шараларды қабылдайды.
Регламенттің осы тармағында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды адамдарын жазалау туралы ұсыныстар енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 108-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 108-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 108-1-тармақ өзгертілді
108-1. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларын Парламентте қарау кезінде қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдар олардың нормаларын қатаң сақтауы тиіс.
Парламент палаталарындағы мәжілістерге қатысу барысында уәкілетті мемлекеттік органдарға кейіннен депутаттардың Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына түзетулер түрінде (заңдық техникаға қатысты түзетулерді қоспағанда) бастамашылық жасауы үшін жазбаша немесе ауызша нысанда:
1) бұрын қаралған және жобаларды әзірлеу сатысында Үкіметте қолдау таппаған;
2) Үкімет басшылығымен алдын ала келісілмеген және депутаттар қарайтын нақты заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келмейтін түзетулер енгізуге рұқсат берілмеген ұсыныстарды депутаттардың қарауына енгізуге тыйым салынады.
Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларының нормалары мен оларды қарау тәртібіне қатысты Парламент палаталары мен парламенттік комитеттер басшылығының атына өз бастамасы бойынша хаттар жіберуге тыйым салынады.
Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді, сондай-ақ осындай фактілер туралы ақпаратты мерзімді түрде жинақтайды және мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды адамдарын жазалау туралы ұсыныстар енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 109-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 109-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 109-тармақ жаңа редакцияда