ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 115-2-тармақ өзгертілді
115-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы», акционерлік қоғамдары, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті (бұдан әрі - қоғамдар) мыналарды:
1) баяндамашыларды көрсетіп, отырыстың күн тәртібін;
2) Директорлар кеңесі мүшелерінің атына түсіндірме жазбаны;
3) қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын;
4) Директорлар кеңесі шешімдерінің жобаларын;
5) қоғамның атқарушы органының белгіленген тәртіппен ресімделген шешімдерінің үзінділерін;
6) қажет болған кезде өзге де қосымша құжаттарды (мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың таныстырылымдарын, шешімдерінің көшірмелерін, көрсетілген мәселелерді күн тәртібіне енгізуді негіздейтін анықтамалық материалдарды және басқаларды) қамтитын Директорлар кеңесінің/басқарушы комитеттің отырысына материалдарды отырыс күніне дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.
Директорлар кеңесінің түсіндірме жазбасы мен шешімдерінің жобаларына қоғамның атқарушы органының басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) қол қоюға тиіс.
Егер, құжат қоғамның тобына кіретін заңды тұлғалардың қызметіне қатысты болған жағдайда, онда Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілетін материалдарға тиісті заңды тұлғаның (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның) бірінші басшысы да қол қоюға тиіс.
115-3. Қоғамның қызметіне әсер ететін қандай да бір мәселелерді шұғыл түрде шешудің қажеттілігі туындаған жағдайда, қажетті материалдарымен бірге хабарламаны жіберу мерзімі Директорлар кеңесі төрағасының шешімімен қысқартылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 115-4-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
115-4. Отырыстың өткізілетіні туралы хабарлама, сондай-ақ оған қоса берілетін қажетті материалдар Кеңсеге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.
115-5. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасын Кеңсе Басшысы жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 115-6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
115-6. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы ол өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары директорлар кеңесінің, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырыстары хаттамаларының жобаларын дайындау және Премьер-Министрдің қол қоюына енгізу үшін жауапкершілік корпоративтік хатшының тиісті орынбасарына жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 115-7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
115-7. Директорлар кеңесі жүзбе-жүз отырысының хаттамасына келісу парағына Кеңсе Басшысы хаттама жобасын жібергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Директорлар кеңесінің отырысына қатысушы Директорлар кеңесінің мүшелері қол қояды.
Директорлар кеңесі отырысының хаттамасына Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды, сондай-ақ Заң бөлімінің меңгерушісі бұрыштама қояды. Хаттамаға Директорлар кеңесінің келісу парақтары мен отырыста болмаған мүшелерінің жазбаша пікірлері (олар болған жағдайда) қоса беріледі.
115-8. Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесі отырыстарының стенограммасын жүргізуді ұйымдастыруы мүмкін.
115-9. Директорлар кеңесі төрағасының қалауы бойынша оның қарауына енгізілген мәселелер жөнінде Директорлар кеңесінің шешімдер қабылдауы сырттай дауыс беру арқылы болуы мүмкін. Сырттай дауыс беру Директорлар кеңесінің отырысын өткізбей-ақ қолданылады.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне сырттай дауыс беру үшін, егер Директорлар кеңесінің төрағасы өзге мерзімді белгілемесе, оның өткізілуі туралы хабарлай отырып, дауыстарды санау күніне дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей жіберуге тиіс. Құжаттарды алдын ала зерделеу талап етілмейтін мәселелер бойынша бюллетень дауыстарды санау күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілуі мүмкін.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень және өзге де ақпарат (материалдар) Директорлар кеңесінің мүшелеріне почта, электрондық немесе өзге де байланыс арқылы жіберілуі тиіс немесе жеке өзіне тапсырылады.
115-10. Бюллетеньдер дауыс берудің соңғы күні 16 сағат 30 минуттан кешіктірілмей қоғамның орналасқан орны бойынша берілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 115-11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
115-11. Сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешім жазбаша түрде ресімделеді және оған Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды және:
1) қоғамның атауын және орналасқан орнын;
2) сырттай отырыстың шешімін жазбаша ресімдеу күні мен орнын;
3) Директорлар кеңесінің құрамы туралы мәліметті;
4) отырысты шақыруды жүзеге асырушы тұлғаны (органды) көрсетуді;
5) отырыстың күн тәртібін;
6) шешім қабылдау үшін кворумның болуы немесе болмауы туралы жазбаны;
7) күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс берудің қорытындылары мен қабылданған шешімді;
8) өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
115-12. Директорлар кеңесі сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған шешімді және сырттай дауыс беру қорытындыларын Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне шешімдерге қол қойылған сәттен бастап 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
2017.29.12. № 943 Қаулысымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-тарау. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау кезінде орталық атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 116-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
116. Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Үкімет басшылығының атына жіберілген прокурорлық қадағалау актілерін қарауды прокурорлық қадағалау актісінің мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 117-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 117-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 117-тармақ өзгертілді
117. Прокурорлық қадағалау актілері тіркеледі және кейіннен Премьер-Министрді хабардар ету үшін Премьер-Министр Хатшылығына беріледі.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау бойынша тиісті тапсырма Премьер-Министр қолымен ресімделеді.
Прокурордың наразылығын қоспағанда, прокурорлық қадағалау актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім белгіленбесе, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі - Бас прокуратура) Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Кеңсеге енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Прокурордың наразылығын қарау тапсырылған мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім белгіленбесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Бас прокуратураға Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министр Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Жауап жобасы прокурорлық қадағалау актісінде белгіленген әрбір мәселеге Үкімет ұстанымын қисынды және толық көлемде, сондай-ақ заңдылықтың тиісті бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тартудың қабылданған шаралары туралы ақпаратты білдіруге тиіс.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметтің Бас прокуратураға жауабының жобасын міндетті түрде Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келіседі.
Үкімет жауабының жобасын келісу тиісті мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Құзыретіне мәселелерді қарау кіретін құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, сондай-ақ Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі мен Заң бөлімінің меңгерушілері, Кеңсе Басшысының мәселеге жетекшілік ететін орынбасары алдын ала виза қоятын Үкімет жауабы жобасының түпкілікті нұсқасын Кеңсе Премьер-Министр (оның міндетін атқаратын адам) қол қоятын Үкімет бланкісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес нысан бойынша Үкімет пен Кеңсенің ресми бланкілеріне сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып ресімдейді.
2017.29.12. № 943 Қаулысымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-тарау. Үкімет актілерін жариялау тәртібі
118. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
119. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар Үкіметтің актілері жариялануға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 120-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 120-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
120. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің жинағында жарияланады.
Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде де жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен 120-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 120-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 120-1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
120-1. Мемлекеттік орган тарату барысында Кеңсе өзіне жіберген, кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыларды қоспағанда, Үкімет қаулыларының куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар түрінде алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын Үкімет қаулыларын қоспағанда, өзі әзірлеуші болып табылатын Үкімет қаулысының нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде электрондық құжат түріндегі осы баспасөз релизін автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 121-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
121. Нормативтік құқықтық актілерді алғашқы ресми жариялау олар күшіне енген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылуға тиіс.
122. ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-тарау. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларын іссапарға жіберу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 123-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 123-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
123. Өз бастамасы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, сол сияқты Қазақстанның басқа қаласына (оның ішінде демалыс және мереке күндері) іссапарға шығуы қажет болған жағдайда, орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын Премьер-Министрдің атына өзінің іссапарға шығуына рұқсат беру туралы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде ресімделген өтінішхатпен жүгінуге тиіс.
Орталық атқарушы органның бірінші басшысының өтінішхатында іссапарға шығу қажеттілігінің негіздемесі мен оның мерзімі келтірілуге тиіс.
Бір тәуліктен аспайтын мерзімге іссапарға шыққан кезде жазбаша өтінішхат талап етілмейді - Премьер-Министрмен ауызша келісу жеткілікті.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 124-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
124. Премьер-Министрдің қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысын қызметтік іссапарға оның өтінішхатынсыз жіберуге құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 125-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
125. Орталық атқарушы органның бірінші басшысы іссапардан оралысымен 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іссапарда болған кезеңде атқарылған жұмыс туралы есеп беруге міндетті.
Есепті Премьер-Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-бөлім жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-тарау. Орындалуын бақылау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 126-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
126. Қазақстан Республикасының Президенті, Үкімет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 127-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
127. Бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
4) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің өкілдерімен бірге жергілікті жерге барып, бақылаудағы тапсырмалардың орындалу уақтылығы мен сапасына мониторинг жүргізу;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 128-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 128-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
128. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:
1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген лауазымды адамдар актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының Президенті өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық және жергілікті атқарушы органдарға берген тапсырмалары тармақтарының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
129. Бақылаудағы тапсырмалар күрделілігі дәрежесіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жүйелі тапсырмалар - қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдерді, нормалар мен қағидаларды қалыптастыруға және жаңаларын іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған ұзақ мерзімді, кешенді және ведомствоаралық сипатта болатын тапсырмалар;
2) жедел тапсырмалар - орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасауды талап етпейтін және мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Кеңсенің сұрау салуларына есептерді қалыптастыруға, ақпарат дайындауға, сондай-ақ ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерге (кеңестер өткізу, іс-шараларды ұйымдастыру және т.б.) байланысты қысқа мерзімді тапсырмалар;
3) жылдамдату тапсырмалары - тапсырманың орындалуын жеделдетуге, күшейтуге, жандандыруға бағытталған іс-қимылдар не бастапқы белгіленген орындалу мерзімінің өзгеруіне әсер етпейтін бұрын берілген тапсырмалар туралы ескерту. Жылдамдату тапсырмаларын орындау туралы есептер ұсынылмайды және бағалауға жатпайды.
130. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмалары орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлеріне қойылады:
1) шұғыл - мынадай белгілері бар: «өте шұғыл» - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» - он жұмыс күніне дейін;
2) қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін;
3) орта мерзімді - бір айдан алты айға дейін;
4) ұзақ мерзімді - алты айдан астам.
Үкімет актілері мен Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Кеңсе Басшысының тапсырмалары орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлеріне қойылады:
1) шұғыл - мынадай белгілері бар: «өте шұғыл» - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» - он жұмыс күніне дейін;
2) қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін;
3) орта мерзімді - бір айдан алты айға дейін;
4) ұзақ мерзімді - алты айдан астам.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 131-тармақ өзгертілді
131. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):
1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілерінің тармақтары;
2) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар бар халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;
3) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, мәжілістердің және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;
4) Үкіметке немесе оның басшылығына берілген Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары;
5) «Бақылауға алынды» деген мөртаңба, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныстар енгізілсін» деген белгілер болған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік және өзге де құжаттар бойынша Үкіметке, Премьер-Министрге және оның орынбасарларына берілген тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары, сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмалар;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкімет қаулылары, Премьер-Министр өкімдері, Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында өткен кеңестер хаттамалары, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының тапсырмалары, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша тапсырмалары;
7) «өте шұғыл», «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілер бар, орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар бар Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының Кеңсенің, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) атына беретін тапсырмалары;
7-1) Премьер-Министрдің жедел тапсырмалары;
8) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындысын беру өтініші бар Парламент палаталарының үндеулері;
9) прокурорлық қадағалау актілері;
10) Конституциялық Кеңестің сауалдары, нормативтік қаулылары мен жолдаулары;
11) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сауалдары, қаулылары.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 131-1-тармақпен толықтырылды
131-1. Президент Әкімшілігінде бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының орындалуын бақылауды бекітудің негізінде Премьер-Министр Кеңсесі бақылауды бекітуді дайындайды және оны орындаушыларға: өңірлік сапарлардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың қорытындылары бойынша - Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және ұйымдарға, халықаралық іс-шаралар бойынша - барлық мемлекеттік органдарға және орындаушы ұйымдарға жібереді.
132. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
1) халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша актілер мен тапсырмаларды орындауға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруді;
2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
133. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімі мемлекеттік орган мен ұйымға түскен күннен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.
Егер орындау мерзімі жұмыс емес күніне түсетін болса, одан кейінгі таяудағы жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні болып есептеледі.
Айлармен есептелетін мерзімдер айдың соңғы жұмыс күнінің тиісті күнінде аяқталады.
Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, тоқсанның қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 сәуірден, 20 шілдеден, 20 қазаннан және 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 шілдеден және 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, жылдың қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
134. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, қажет болған кезде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын жасайды.
135. Үкімет орындаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыттар бойынша тиісті орынбасарының жетекшілігі көзделеді.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 136-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
136. Үкіметтің және Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар мынадай бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өздерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар түріндегі ұсыныстарын ЭҚАБЖ арқылы:
1) «өте шұғыл» деген белгісі бар шұғыл бақылауға - тапсырма түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) орындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күніне дейін қысқа мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
орындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен астам қысқа мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) орта мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ұзақ мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.