2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тізілімге енгізілгендер қатарынан мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндірудің, əскери мақсаттағы жұмыстарды орындаудың және əскери мақсаттағы қызметтерді көрсетудің қажетті шарттарын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру, əскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және əскери мақсаттағы қызметтерді көрсету қабілетін негізге ала отырып, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында айқындалған тәртіппен жүргізеді.
Тізілімге енгізу және тізілімнен алып тастау тәртібі, заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары және тізілімге енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында белгіленеді.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеу қажеттілігі болған кезде тізілімге енгізілген заңды тұлғалардың оларды қорғау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мүмкіндігі ескеріледі.
5-тармақ 2019 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
5. Тізілімнен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны айқындау мүмкін болмаған жағдайда уəкілетті ұйым мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы деп танылады.
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Уәкілетті ұйымның əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) беруі (импорттауы), əскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды мен əскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етуі мүмкін болмаған кезде бұл іс-шара мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа енгізілмейді және көрсетілген тауарлар (өнімдер), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алынады немесе бұл іс-шараға бөлінген бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өзге іс-шараларға қайта бөлінуі мүмкін.
7-тармақ 2019 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
7. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) мемлекеттік материалдық резервке беру бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдау мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері мен жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдардың қатарынан мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктерінде және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру немесе беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) мемлекеттік материалдық резервке беру бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдау осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Осы баптың ережелері ғылыми зерттеулерге қолданылмайды.
9. Осы баптың 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
10. Тіркелу орны бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін офшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болып табылатын не бенефициарлық меншік иесі офшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы және (немесе) әскери мақсаттағы импорттық тауарларды (өнімдерді) беруші бола алмайды.
21-бап. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру ерекшеліктері
1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс жобасына енгізу үшін ғылыми зерттеулерді таңдауды сараптама кеңестері берген ғылыми зерттеулер бойынша қорытындылардың негізінде Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия жүзеге асырады.
2. Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссияның құрамы орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, ғылыми ұйымдар, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары және ғылыми қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, жетекші ғалымдардың қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітіледі.
Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссияның міндеттері:
1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қорғаныс өнеркәсібінің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметін дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
2) мамандандырылған ғылыми бағыттарды қарау және мақұлдау;
3) ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
4) орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді қарау.
3. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру осы Заңда, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалады.
4. Сараптама кеңестері мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерге сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес ғылыми зерттеулер бойынша, сондай-ақ орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерге сараптама жүргізеді.
5. Сараптама кеңестері алқалы органдар болып табылады және Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия мақұлдаған мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша құрылады.
6. Сараптама кеңестерінің құрамдары құзыретті қазақстандық ғалымдар, орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және оларды уәкілетті орган бекітеді.
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Ғылыми зерттеулер жүргізу мерзімі ғылыми зерттеулерге арналған тактикалық-техникалық тапсырма негізге алынып айқындалады.
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Сыналуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік үлгі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
22-бап 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт
1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы арасында жасалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндірудің, əскери мақсаттағы жұмыстарды орындаудың және əскери мақсаттағы қызметтерді көрсетудің бүкіл кешенін орындауға да, осы тауарлардың (өнімдердің), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне де жасалады.
2. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша берілетін əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасы нормативтiк жəне техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына жəне шарт талаптарына сəйкес келуге тиiс.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, орындалу ұзақтығына байланысты оларды беру (орындау, көрсету) мерзімі келесі қаржы жылында (кейінгі қаржы жылдарында) көзделсе, бір қаржы жылынан астам мерзімге жасалуы мүмкін.
4. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта шарттың нысанасы, шарттың қолданылу мерзімдері және (немесе) шарттың жекелеген кезеңдерінің мерзімдері, шарттың және аванс болған жағдайда, оның сомалары, сапаны бақылау талаптары, қабылдап алу талаптары, беру (орындау, көрсету) орны мен мерзімдері, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері, шартты бұзу немесе тоқтату үшін негіздер, тараптардың жауаптылығы және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көрсетіледі.
5. Уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы тиісті актісі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жібереді.
6. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы шарт келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қол қоюға тиіс.
7. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасудан мынадай жағдайларда:
1) егер талап етілетін әскери мақсаттағы тауар (өнім), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауар (өнім) өндірістен алып тасталса;
2) халықаралық санкциялар, эмбарго жарияланса, еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаса;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) егер шартқа оның ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелік мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдаудың жүзеге асырылуына негіз болған тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) сәйкес келмесе, бас тартуға құқылы.
8. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) бергені, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындағаны не әскери мақсаттағы қызметтерді көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптар қамтылуға тиіс.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеу талаптары қамтылуға тиіс.
9. Уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда көрсетілген шарт орындалды деп саналады.
10. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етеді. Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) республикалық бюджетке есепке жатқызылады.
11. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты орындаған кезде әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы қызметтердің атауы, саны, сапасы, техникалық өзіндік ерекшелігі, құны, оларды беру, орындау, көрсету орны мен мерзімдері шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.
12. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасудан бас тарту, уақтылы жасаспау және бұзу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) беру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылғаны туралы ақпаратты уәкілетті органға дереу жеткізеді.
23-бап 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіздер
1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мынадай:
1) егер өзгерістер мен толықтырулар бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың бюджетін ұлғайтуға алып келмесе, осы баптың 2-тармағында көрсетілген;
2) бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың мазмұнын өзгертуге алып келмейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда жол беріледі.
2. Бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізбей, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа осы баптың 1-тармағына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мынадай:
1) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны және тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданған шарт сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізілген;
2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушымен келісу бойынша тараптар қабылдаған міндеттемелерді орындау мерзімдері өзгермеген кезде тактикалық-техникалық тапсырмаларға (техникалық өзіндік ерекшеліктерге, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) өзгеріс енгізілген;
3) жасалған шартта көрсетілген тауардың (өнімнің), жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін баға және міндеттемелерді орындау мерзімдері өзгермеген кезде, сатып алынатын əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы орындалатын жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің көлемінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының қажеттілігінің азаюына не ұлғаюына байланысты шарт сомасы азайтылған не ұлғайтылған;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгеріс енгізілсе және осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, сондай-ақ егер қару-жарақ пен әскери техникадан ақау анықтау процесінде қосымша жұмыстар және (немесе) ауыстыруды қажет ететін жөндеуге жарамсыз агрегаттар анықталса, шарт сомасы ұлғайтылған;
5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге заңнамасының, сондай-ақ резиденті мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушымен, уәкілетті ұйыммен немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен шарт жасасқан мемлекеттің ұлттық заңнамасының өзгеруінен туындаған, шарт сомасы азайтылған немесе ұлғайтылған;
6) жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары өзгерген жағдайда, шарттың жалпы сомасы өзгерместен ағымдағы қаржы жылынан асатын қолданылу мерзімі бар шарттың ағымдағы қаржы жылына арналған сомасы өзгертілген;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) егер мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы өзімен жасалған шартты орындау процесінде әскери мақсаттағы тауардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыс пен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартымен міндеттемелерді орындау мерзімдері өзгермеген кезде оларды жақсартатын сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларды ұсынған;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
8) еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы жағдайында тараптардың өзара келісуі бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың орындалу мерзімі өзгертілген жағдайларда жол беріледі.
24-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау
1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс басым тәртiппен орындалуға мiндеттi. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың көлемдерi мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты өткізуге бөлiнетiн қаржы құралдарымен айқындалады.
2. Ұйымдарда әскери өкілдіктер құрылмайтын жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға жасалған шартта белгiленген шектерде берілетін əскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), əскери мақсаттағы орындалатын жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асыратын өз өкілдерін оларға жiберуге құқылы.
Аталған өкілдерге осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтар мен міндеттер қолданылады.
3. Уәкілетті органның, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға жасалған шартқа сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін əскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер сапасының сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру үшін өз өкілдерін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жіберуге құқығы бар.
Аталған өкілдерге осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтар мен міндеттер қолданылады.
4. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар болып табылатын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жаңарту мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдаланады.
Бұл ретте мемлекеттік материалдық резервтің пайдаланылған материалдық құндылықтарының жалпы көлемі сақтауға берілген нақты қолда бар материалдық құндылықтардың отыз пайызынан аспауға тиіс.
Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды кейіннен салуды мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін материалдық құндылықтар пайдаланылған күннен бастап он екі ай ішінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және оларды сақтау көлемдеріне сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады.
5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша міндеттемелерді қабылдау және төлемдерді жүзеге асыру мемлекеттік құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіліп, қаржыландырудың ерекше тәртібі бойынша жүргізіледі.
25-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың функциялары
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар:
1) штат санының лимиті негізінде және белгіленген тәртіппен бекітілетін нормалар бойынша орталық атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволарын материалдық-техникалық қайта жарақтандыру перспективаларын негізге ала отырып, мемлекетте қорғанысты, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажетті әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер қажеттілігіне өтінімдер береді;
2) мақұлданған мамандандырылған ғылыми бағыттар шеңберінде қажетті ғылыми зерттеулерге өтінімдер береді;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құпияландыруына жататын мәліметтер тізбесіне сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәліметтерінің құпиялылық дәрежесін айқындайды;
4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізеді;
5) сатып алуға ұсынылатын әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық өзіндік ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттамаларды) әзірлейді және бекітеді;
6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады, сондай-ақ әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді қабылдап алуды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға жасалған шартқа сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер сапасының сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру үшін өз өкілдерін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жібереді;
9) әскери өкілдік болмаған кезде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкес əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді қабылдап алуды жүзеге асырады;