Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлікті беруден бас тартуға:
1) әкетілетін мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, олардың қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;
2) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;
3) мәдени құндылықтардың осы Заңның 35-бабының 1-тармағында көрсетілген уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.».
5. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №17, 135-құжат; 2008 ж., №13-14, 58-құжат; №20, 87-құжат; №21, 97-құжат; №24, 128-құжат; 2009 ж., №2-3, 21-құжат; №9-10, 47, 49-құжаттар; №15-16, 74-құжат; №17, 78, 82-құжаттар; №24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28, 29-құжаттар; №15, 71-құжат; №17-18, 108-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №2, 26-құжат; №4, 37-құжат; №6, 49-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №20, 151-құжат; №21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., №2, 11-құжат; №3, 22-құжат; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №12, 83-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92, 94-құжаттар; №15, 97-құжат; №23-24,125-құжат; 2013 ж., №1, 2-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 75-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 4, 6, 9-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-ІІ, 96-құжат; №23, 138, 143-құжаттар):
4-баптың 1-тармағының 64) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«64) театрдың, театр-ойын-сауық ұйымдарының, филармонияның, музейдің және мәдени-демалыс ұйымының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру және өнер туындыларын көпшілік алдында орындау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;».
6. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №5, 42-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; №17, 136-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 16-құжаттар; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 41-құжат; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 95-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №15, 82-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №12, 82-құжат; №19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; №22, 131-құжат, №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат):
1) 36-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының аумағындағы және жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылмайтын барлық тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.»;
2) 74-баптың 10-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық және республикалық маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Халықаралық және республикалық маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.
Жергілікті маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.
Жергілікті маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.
Егер тарих және мәдениет ескерткішіне жойылу немесе бүліну қаупі төнсе, пайдалануында тарих және мәдениет ескерткіштері бар тұлғаны сот шешімі бойынша оларды пайдалану құқығынан айырған жағдайда, шарт бұзылды деп есептеледі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 28-і.
№ 368-V