Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен аккредиттелуге жатады. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеуді уәкілетті орган олардың берген өтініштері негізінде және олардың меншікті қаражаты есебінен жүргізеді.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
3. Аңшылар және аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы:
1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлуді;
6) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебін және тіркеуін жүргізуді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәліктерін беруді, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілікті ұсынуды;
8) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) бекітіп берілген аңшылық алқаптарында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізуге қатысуды, аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынған деректерді талдау мен жалпылауды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін дайындау үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынымдар енгізуді;
10) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;
11) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуды;
12) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;
14) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы берген аңшылық минимумын тапсырғаны туралы құжат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады.
4. Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілер қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерін:
1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, акваөсіруді, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуді;
6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуы;
7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуы;
8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;
9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
6-тарау. Балық аулау
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Балық аулау түрлері
1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кәсіпшілік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;
4) бақылау үшін аулау;
5) мелиорациялық аулау;
6) өсімін молайту мақсатында аулау;
7) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.23.02. № 11-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын олардың табиғи мекендеу ортасынан алуды қамтамасыз ететін кешенді процесс.
Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.
Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жағалауда аулау - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Теңізде аулау - бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.
3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.
5. Бақылау үшін аулау - ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
6. Мелиорациялық аулау - жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсіпшілік қорын алып қою немесе балықтардың жеке түрлерінің кәсіпшілік қорын немесе экологиялық тобын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.
7. Өсімін молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау.
8. 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі балық аулау қағидаларында айқындалады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-бап. Балық аулау құқығы
1. Кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:
1) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) ведомствоның аумақтық бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт болған кезде беріледі.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ғылыми-зерттеу және мелиорациялық аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатында аулау құқығын жеке және заңды тұлғалар - жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаты, ал әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде иеленеді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Бақылау үшін аулауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсатсыз балық аулау қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-бап. Қолдан жасалған су айдындарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балық шаруашылығы қызметiн реттеу ерекшелiктерi
Өздерi қолдан жасаған су айдындарында немесе сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балықтар мен басқа да су жануарларын өсiрген жеке және заңды тұлғалар осы балықтар мен су жануарларының меншiк иелерi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға иелiк етедi.
7-тарау. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 37-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-бап. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргiзу құқығын беру және тоқтату
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтіп беріле отырып, балық шаруашылығын жүргiзу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмi, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар негiзiнде берiледi.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері жануарлар дүниесі объектілерін квота шегінде алып қою құқығын жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінен жолдама алғаннан кейін немесе солармен аң аулау шартын жасасқаннан кейін алады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар:
1) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуден өз еркімен бас тартқан;
2) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың қолданыс мерзімі аяқталған;
3) аңшылық, балық шаруашылықтары субъектілерінің қызметі тоқтатылған;
4) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың талаптары жүйелі түрде бұзылған;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылған;
6) аңшылық алқаптар немесе балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік мұқтаж үшін алып қойылған жағдайларда тоқтатылады.
3. 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38-бап. Аңшылық алқаптар
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкiн, аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң мекендеу ортасы болатын аумақтар мен акваториялар.
Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келген жағдайда аңшылық алқаптар құрамына енгізілуі мүмкін.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аумақтар мен акваторияларды аңшылық алқаптарға жатқызу, олардың шекараларын айқындау, тиiстi сервитуттар мен аңшылық шаруашылығының санаттарын белгiлеу шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру нәтижелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға байланысты емес шаруашылық қызмет жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн әдiстермен және тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.
4. Аңшылық алқаптары бар жерлер мен акваторияларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдалану құқығын бермейдi.
5. Мына жағдайларда:
1) аңшы куәлiгiнсiз;
2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) аң аулауды жүргізу мақсатында уақытша әкелінгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеместен аушы жыртқыш құстарды қолданып;
4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;
6) егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;
7) елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта;
8) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;
9) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, көктайғақ кезiнде, аштықтан әлсiрегендердi, жусанды паналаған суда жүзетiн құстарды);
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) қозғалтқышы іске қосылған авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, қарда жүретін техниканы, шағын көлемді кемелерді, түнде көру аспаптарын, лазерлік нысана көрсеткіштерді, жарық беру және дыбыс шығару аспаптарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30) және 31) тармақшалармен толықтырылды
12) егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып;
15) аңшылық иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;
16) өзен құндызы тұрғызған бөгетті бұзып;
17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектілерін қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);
18) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;
19) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып;
20) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;
21) өздiгiнен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескiштердi қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) торларды қолданып; су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органның ведомствосымен келісу бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23) тармақша жаңа редакцияда
23) дала кеміргіштерін құрту кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа да аурулары болған жағдайларда улы химикаттар және басқа да химиялық препараттар қолдануды қоспағанда, жарғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды қолданып;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілген жануарлар санынан асырып;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілмеген жануарлардың басқа түрлерін;
26) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;
27) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28) еркекүйрекке көктемгі аң аулау кезінде еліктіруші үйрексіз немесе тұлыпсыз;
29) тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезінде қорықшының немесе жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың еріп жүруінсіз;
30) әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрі бес бүтін оннан алты миллиметрлік бүйірден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;
31) тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.
39-бап. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсіру және көбейту үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн не олардың қорларының өсiмiн молайту үшiн маңызы бар су айдындары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, сулы-батпақты алқаптар, су қоймалары, тоғандар және басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңiз сулары.
Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
2. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері маңызы жағынан халықаралық, республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.
3. Халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне Қазақстан Республикасының және онымен шектес мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан су тоғандары жатады.
Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне екi және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады.
Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне облыстық атқарушы орган бекiткен тiзбеге енгiзiлген қалған барлық балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері биологиялық негіздемеге және балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларына сәйкес көлде тауарлы балық өсіру және (немесе) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы үшін пайдаланылуы мүмкін.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде:
1) елдi мекендердiң, балық қабылдау пункттерiнiң жанына бакендер орнату үшiн, аялдауды және аса қажет жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлiгiнiң тоқтауына;
2) балық аулайтын түрлi құралдарды бiр балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінен басқаларына арнайы өңдеусiз апаруға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз өзендерде жаңа балық шаруашылығы учаскелерiн, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді), ағызу және жүзу жолдарын ашуға;
4) су тоғандарында немесе оған тiкелей жақын жерде балық аулау ережелерiнде қолдану көзделмеген балық аулау құралдарымен болуға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) осы Заңның 11-1-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, балықтарды ноқталарында сақтауға, жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан шыққан өлi және ауру балықты суға және жағалау белдеуiне лақтырып тастауға;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) балық аулау қағидаларында белгiленген кәсiпшiлiк өлшемнен кем мөлшерде балық аулауға, қабылдауға, сатып алуға-сатуға, тасымалдауға және сақтауға;
7) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) жеке және заңды тұлғаларға түрін көрсетпестен немесе «басқа» және «майда» деген атаумен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісусіз қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне;