Шет елдердегі мекемелердің ақпараттық қауіпсіздігін, инженерлік-техникалық, арнаулы және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Дипломатиялық қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес баспа басылымдарын шығаруға құқылы.
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. Дипломатиялық пошта
1. Дипломатиялық пошта дипломатиялық қызмет органдарының қызметін қамтамасыз етуге, дипломатиялық поштадағы мәліметтерді ашуға жол бермеуге, сондай-ақ дипломатиялық қызмет органдары арасында жедел байланыс орнатуға арналған.
Мемлекеттік құпиялар, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпарат бар дипломатиялық поштаны жиынтықтау, ресімдеу, жөнелту, жеткізу, қабылдау және сақтау мемлекеттік құпияларды және таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының реттеу нысанасы болып табылмайды.
2. Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелер дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, жөнелтуді, жеткізуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады.
3. Өз қызметін орындау үшін дипломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары хат-хабарды, заттарды немесе техниканы дипломатиялық пошта арқылы жөнелтеді.
4. Егер Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарының дипломатиялық поштада өткізілуіне тыйым салынған хат-хабар, заттар немесе техника бар деп есептеуге жеткілікті негіздері болса, дипломатиялық поштаны зерттеп қарау және ашу дипломатиялық курьердің немесе «ад хок» дипломатиялық курьерінің не дипломатиялық қызмет органдарының өзге де уәкілетті өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
5. Дипломатиялық поштаға санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау мақсатында дипломатиялық поштасы бар вализа арнаулы қорғау құралдарымен жарақтандырылуы мүмкін.
6. Дипломатиялық поштаның ішіндегісі үшін жауапкершілік хат-хабарды, заттарды немесе техниканы дипломатиялық поштамен жөнелту үшін оларды ұсынатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің персоналына жүктеледі.
7. Дипломатиялық курьерлер мен «ад хoк» дипломатиялық курьерлері дипломатиялық поштаны жеткізу және оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерін орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйымдары мен лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізуде және оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуде жәрдем көрсетуге тиіс.
Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының аумағында жоғалған жағдайда, дипломатиялық поштаны іздестіру және күзетуді қамтамасыз ету бойынша іс-қимылды Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары мен басқа да мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.
Дипломатиялық пошта шет мемлекеттің аумағында жоғалған жағдайда, дипломатиялық поштаның тұрған жерін анықтау және оны күзетуді қамтамасыз ету бойынша іс-қимылды дипломатиялық қызмет органдары сыртқы барлау субъектілерімен келісу бойынша жүзеге асырады.
8. Сыртқы істер министрлігі:
1) дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, дипломатиялық поштаны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге және шет елден Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
3) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен «ад хок» дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдармен дипломатиялық пошта мәселелері бойынша, оның ішінде бірлескен нормативтік құқықтық актілерге қол қою арқылы өзара іс-қимыл жасайды;
5) дипломатиялық поштаның жеткізілуін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғаларды тартады.
9. Шет елдегі мекеме:
1) дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, Сыртқы істер министрлігінен келіп түсетін дипломатиялық поштаның басқа шет елдердегі мекемелерге жеткізілуін ұйымдастырады;
2) Сыртқы істер министрлігіне жеткізу үшін дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, сақтауды, ресімдеуді жүзеге асырады;
3) дипломатиялық поштаның Сыртқы істер министрлігіне жеткізілуін ұйымдастырады;
4) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
5) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен «ад хок» дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналы, дипломатиялық лауазымдарға тағайындау
8-бап. Дипломатиялық қызмет персоналы
1. Дипломатиялық қызмет персоналын мыналар құрайды:
1) дипломатиялық қызмет қызметкерлерi;
2) дипломатиялық қызмет жұмыскерлерi.
2. 2006 ж. 22 мамырдағы № 143-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9-бап. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру
2006.22.05 № 143-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданыска енгізіледі); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Дипломатиялық қызметке жоғары білімi бар, қазақ, орыс және шет тілдерін еркін меңгерген және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн тиiстi iскерлiк, моральдық, кәсiби қасиеттерге қол жеткiзген әрi денсаулық жағдайы дұрыс Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.
2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiн Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және босатады.
Егер халықаралық ұйымның жарғылық немесе өзге де құжаттарында халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерді мемлекет басшыларының тағайындамайтыны көзделсе, онда Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілінің мемлекеттік саяси қызметші мәртебесі болмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілеріне бірнеше шет мемлекетпен және халықаралық ұйыммен қатынастарда қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету өкілеттіктерін жүктей алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері орналасқан жері Қазақстан Республикасында болып тағайындалуы мүмкін.
Орналасқан жері Қазақстан Республикасындағы қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің орынбасарлары, ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Сыртқы істер министрлігінде басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі жүргізеді.
Шет елдердегі мекемелерде басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі жүргізеді.
Дипломатиялық қызмет лауазымдарына тағайындау осы Заңда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
3. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру азаматтар алдын ала мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Шет елдегі жұмыстан кейін Қазақстан Республикасына оралған дипломатиялық қызмет персоналы, егер ол осы Заңның 22-бабында көзделген жазаларға тартылмаған болса, Сыртқы істер министрлігінде атқарған лауазымнан төмен емес лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалады.
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Халықаралық ұйымдардағы жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасына оралған және халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалғанға дейін тікелей дипломатиялық қызметте болған дипломатиялық қызмет персоналы халықаралық ұйымдағы лауазымынан босатылған күннен бастап үш ай ішінде Сыртқы істер министрлігіндегі лауазымға конкурстық іріктеу жүргізілмей тағайындалады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті сынақ мерзімі белгіленеді.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған адамдар дипломатиялық қызмет органдарына қабылданбайды.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві
1. Дипломатиялық қызмет органдарындағы жұмысы тоқтатылған кезде дипломатиялық қызмет персоналы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынады. Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бекітеді.
2. Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынған адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес Сыртқы істер министрлігіндегі «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсқа қатысуға құқығы бар.
3-тарау. Дипломаттық дәрежелер
10-бап. Дипломаттық дәрежелер
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне атқаратын лауазымы және біліктiлiгi ескерiле отырып, мынадай дипломаттық дәрежелер берiледi:
1) атташе;
2) үшінші хатшы;
3) ІІ сыныпты екiншi хатшы;
4) І сыныпты екiншi хатшы;
5) ІІ сыныпты бірiншi хатшы;
6) І сыныпты бірiншi хатшы;
7) ІІ сыныпты кеңесшi;
8) І сыныпты кеңесшi;
9) II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;
10) І сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;
11) Төтенше және Өкiлеттi Елшi.
11-бап. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі
2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Төтенше және өкілетті елшінің, І және ІІ сыныпты Төтенше және өкілетті уәкілдің дипломаттық дәрежелерін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
Жоғарыда санамаланған дипломаттық дәрежелерді беруге ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын іске асыруға қатысуының тиімділігін және Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саяси бастамаларын іске асыруға қатысуының тиімділігін ескере отырып енгізеді.
Төтенше және өкілетті елші дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымында кемінде екі жыл дипломатиялық қызмет өтілі бар дипломатиялық қызметтің қызметкерлеріне берілуі мүмкін.
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқаратын дипломатиялық қызметтің қызметкерлеріне берілуі мүмкін.
ІІ сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломаттық дәрежесі Сыртқы істер министрлігінің комитет төрағасынан, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшіден, департамент директорынан, Қазақстан Республикасының сенімді өкілінен, Қазақстан Республикасының бас консулынан төмен емес лауазымды атқаратын дипломатиялық қызметтің қызметкерлеріне берілуі мүмкін.
Басқа дипломаттық дәрежелерді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі береді.
Дипломаттық дәрежелерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Қызметкердiң дипломаттық дәрежесi, әдетте, дипломатиялық қызметте атқаратын лауазымына сәйкес болуға немесе бір саты жоғары не төмен болуға тиiс.
3. Дипломаттық дәрежелердi беру тиiстi куәлiктер тапсырумен және қызмет тiзiміндегі (еңбек кiтапшасындағы) жазбалармен расталады. Осы Заңның 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дипломаттық дәрежелер өмiр бойына берiледi және сақталады.
12-бап. Дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi
1. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi үшiн дипломаттық дәрежелерде болудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
1) атташе, үшiншi хатшы, ІІ және І сыныпты екiншi хатшы үшiн - екi жыл;
2) ІІ және I сыныпты бірiншi хатшы, II сыныпты кеңесшi үшiн - үш жыл.
І сыныпты кеңесшiден бастап және одан жоғары дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi белгiленбейдi.
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерiне:
1) Сыртқы iстер министрлігіндегi және оған бағынысты ұйымдардағы жұмыс;
2) шет елдердегi мекемелердегi жұмыс;
3) Сыртқы iстер министрлігінiң Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктеріндегі жұмыс;
4) бұрынғы КСРО мен одақтас республикалардың сыртқы iстер министрлiктеріндегі жұмыс;
5) халықаралық ұйымдардағы жұмыс;
6) Сыртқы iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарындағы және ғылыми мекемелеріндегі ғылыми немесе оқытушылық жұмыс;
7) Сыртқы iстер министрлігінiң саласы бойынша оқу орындары мен ғылыми мекемелерде біліктiлiктi арттыру;
8) Сыртқы iстер министрлігі жоғары оқу орындарына, аспирантураға, докторантураға және ғылыми мекемелерге уақытша жiберген адамдардың оқу мерзiмi есептеледi.
13-бап. Дипломаттық дәреженi мерзiмнен бұрын және кезектен тыс беру, төмендету, одан айыру және қалпына келтiру
1. Жекелеген жағдайларда, жұмыста елеулi табыстарға қол жеткiзсе немесе айрықша еңбек сiңiрсе, белгiленген мерзiм өткенге дейiн (мерзiмiнен бұрын дәреже беру) немесе дәреже берудiң кезегi сақталмастан (кезектен тыс дәреже беру) дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дәрежесi өсiрiлуі мүмкiн.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлері, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінен жұмыстан босатылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында немесе болатын елінің заңнамасында көзделген жауаптылыққа алып келетін іс-әрекеттерді жасаған жағдайда, олардың дипломаттық дәрежесі төмендетілуі немесе дипломаттық дәрежесінен айырылуы мүмкін.
Дипломатиялық қызмет органдары жүйесінен қызметтік тәртіпті бұзғаны, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін босатылған кезде дипломатиялық қызмет қызметкері бір мезгілде дипломаттық дәрежесінен айырылады.
Дипломатиялық қызмет қызметкерін дипломаттық дәрежесінен айыру немесе төмендету, сондай-ақ оның дәрежесін қалпына келтіру дипломаттық дәреже берілгендегідей тәртіппен жүргізіледі.
4-тарау. Дипломатиялық қызметтен өту
14-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында лауазым ауыстыру, қызмет атқару
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Дипломатиялық қызмет персоналының лауазым ауыстыруы кадрлардың біліктiлiгi, кәсiби даярлығы, олардың ротациясы мен мамандану принциптерi ескерiле отырып, қызмет бабындағы қажеттiлiкке сәйкес жүзеге асырылады.
Дипломатиялық қызмет органдарында бос лауазымдарға орналасу осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң лауазымы шет елдердегi мекемелердегi жұмысы кезеңiнде, оның шет елде болу мерзiмi қызмет бабындағы қажеттiлiкке байланысты ұзартылған жағдайларды қоспағанда, бір реттен артық өсiрiлмейдi.
15-бап. Ротация
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Дипломатиялық қызмет органдарында дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ротация шеңберiнде дипломатиялық қызмет персоналы, оның кәсiби даярлығы мен мамандануы ескерiле отырып, шет елдегi дипломатиялық қызмет органдарына жұмысқа жiберiледi немесе өздерiнiң қызметiн Сыртқы iстер министрлігінiң құрылымдық бөлiмшелерiнде жүзеге асырады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау мынадай түрлерге бөлінеді:
2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сыртқы - конкурстық іріктеуді жүргізусіз жүзеге асырылатын, Сыртқы істер министрлігінен шет елдердегі мекемелерге және шет елдердегі мекемелерден Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ шет елдердегі мекемелер арасында орын ауыстырулар.
Сыртқы ротациялауға орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындау да жатады;
2) ішкі - осы Заңда және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда конкурстық іріктеуді жүргізусіз жүзеге асырылатын, Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында орын ауыстырулар.
2006 ж. 22 мамырдағы № 143-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Дипломатиялық қызметке алғаш тұрған - адамдар сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істегеніне бір жыл өткеннен кейін ғана, олардың кәсіби,білімі мен тіл білуі ескеріле отырып, шет елдердегі мекемелерге жұмысқа жіберілуі мүмкін.
Шет елдердегі мекемелерде жұмыс істеу арасындағы кезеңде Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыс істеу мерзімі дипломатиялық қызмет қызметкерлерінде кемінде екі жылды, дипломатиялық қызмет жұмыскерлерінде кемінде бір жылды құрауға тиіс.
2006 ж. 22 мамырдағы № 143-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Дипломатиялық қызмет персоналы үшін шет елдердегі мекемелерде үздіксіз жұмыстың мынадай:
1) Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдері үшін - бес жылдан ұзақ емес;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, шет елдердегі мекемелердің басшылары ретінде жұмысқа жіберілетін адамдар үшін - төрт жылдан ұзақ емес;
3) кеңесші-уәкілдер, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерінің орынбасарлары, сондай-ақ сирек кездесетін шет тілдерін меңгерген дипломатиялық қызмет персоналы үшін - төрт жылдан ұзақ емес;
4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, дипломатиялық қызмет персоналы үшін - үш жылдан ұзақ емес мерзімдері белгіленеді.
Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерінің үздіксіз жұмыс мерзімдерін қызметтік қажеттілік болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті ұзартуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардың үздіксіз жұмыс мерзімдерін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір жылдан аспауға тиіс.
5. Дәлелсiз себептермен шет елдегi мекемеге жұмысқа барудан бас тарту тәртiптiк тұрғыдан терiс қылық болып табылады және тәртiптiк жаза қолдану үшiн негiз бола алады.
Шет елдегi мекемеге жұмысқа барудан бас тарту үшiн дәлелдi деп танылатын себептердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi белгiлейдi.
6. Шет елдегi дипломатиялық қызмет органдарына жұмысқа жiберу кезiнде дипломатиялық қызмет персоналына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде біржолғы жәрдемақы төленедi.
2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Осы баптың 3-тармағының күші:
1) осы Заңның 15-2-бабында көзделген жағдайларға;
2) мемлекеттік саяси қызметшілерге;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын лауазымдарды атқаратын адамдарға;
4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бірінші орынбасарының және орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының және оның орынбасарларының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын лауазымдарды атқаратын адамдарға;
5) сирек кездесетін шет тілдерін меңгерген дипломатиялық қызмет персоналына қолданылмайды.
Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі белгілейді.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы
1. Дипломатиялық қызмет персоналы дипломатиялық қызмет органдарының міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдарға, халықаралық және өзге де ұйымдарға іссапарға баруы мүмкін.
Іссапарға барған адамның дипломатиялық қызмет персоналы мәртебесі, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы және әлеуметтік қорғалуы сақталады.
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға бару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды
15-2-бап. Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруы
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарынан шет елдердегі мекемелерге іссапарға баруының Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртібімен дипломатиялық қызмет персоналы лауазымына орналасуға жол беріледі.
2. Шет елдердегі мекемелерге өзге мемлекеттік органдардан іссапарға бару тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге дипломатиялық қызмет персоналының шет елдердегі мекемелердегі үздіксіз жұмысының осы Заңның 15-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдері қолданылады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Аттестаттау
Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аттестаттаудан өтеді.