8) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның рұқсатынсыз меншігіндегі сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне өзге су тұтынушыларды қоспауға;
9) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық талаптарын орындауға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
3. Су тұтынушы заңды тұлғалар, осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:
1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым өкілдерінің көрсетілімдерді алу және жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін суды есепке алу аспаптарына, аумағында орналасқан немесе шаруашылық жүргізуіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін, сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін, сондай-ақ берешегі болған кезде су тұтынушының желілерін ажырату үшін кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) су тұтыну және (немесе) су бұру көлемдері шартта белгіленгеннен асқан кезде, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарын немесе техникалық талаптарын сұратуға міндетті.
92-10-бап. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері
1. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін ақы алуға;
2) суды есепке алу аспаптарын тексеруді жүргізуге;
3) сотқа талап қоюға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
2. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым:
1) гигиеналық нормативтерге сәйкес ауызсуды және оны су тұтынушыларға беруді дайындауды қамтамасыз етуге;
2) елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін іркіліссіз ұсынуды қамтамасыз етуге;
3) суды көздерден алуды, оны желіге және су тұтынушыларға беруді есепке алуды қамтамасыз етуге;
4) көздерді санитариялық қорғау аймақтары, сумен жабдықтау жүйелерінің құбыржолдарын санитариялық қорғау белдеулері және су бұру жүйелері элементтерінің санитариялық-қорғау аймақтары үшін белгіленген, шаруашылық және өзге де қызмет режимін сақтауға;
5) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
6) су тұтынушының желілері мен құрылыстары жарамды болған және (немесе) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттары орындалған кезде су тұтынушының объектілерін сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосуға рұқсат беруге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
92-11-бап. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кіретін сумен жабдықтау және су бұру жүйелері
1. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына:
1) сумен жабдықтау бойынша - тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) сыртқы қабырғаларының шекарасы шегіндегі ішкі сумен жабдықтау жүйелері, оның ішінде ауызсуды қосымша тазарту бойынша топтық қондырғылар, су тартатын сорғы қондырғылары;
2) су бұру бойынша - елді мекеннің су бұру желісіне қосылатын жердегі бірінші құдыққа дейінгі шығару орындарын қоса алғанда, үй ішіндегі жүйелер кіреді.
2. Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) ішкі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды пәтерлер мен үй-жайлардың меншік иелері, кондоминиум объектісін басқару органы жүргізеді, сондай-ақ бұл шарт негізінде жүргізіледі.
92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелері
1. Су тұтынушының баланстық тиесілікті бөлу шекарасынан су бөлу және санитариялық-техникалық аспаптардан су бұру жүйесіне сарқынды суларды шығару нүктелеріне дейінгі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтері су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне жатады және оларға өз күшімен, сондай-ақ шарт негізінде қызмет көрсетіледі.
2. Су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қондырғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
92-13-бап. Елді мекеннің сумен жабдықтаудың және су бұрудың иесіз қалған жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері
1. Елді мекеннің меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз не өзіне берілген меншiк құқығынан меншiк иесi бас тартқан сумен жабдықтау және су бұру жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері иесіз болып табылады.
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы елді мекеннің сумен жабдықтаудың және су бұрудың иесіз қалған жүйесін және (немесе) оның құрамдас элементтерін анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес оларды иесіз жылжымайтын заттар ретінде есепке қою жөніндегі рәсімдерді жүргізеді.
3. Елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері иесіз жылжымайтын заттар ретінде есепте болған уақытта сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі коммуналдық ұйымға пайдалануға беріледі.
4. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі коммуналдық ұйым өзіне пайдалануға берілген сумен жабдықтаудың иесіз қалған жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері арқылы су тұтынушыға берілетін ауызсудың сапасын қамтамасыз етеді.»;
19) 103-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, өнеркәсiп пен жылу энергетикасы ұйымдарының айналымдық сумен жабдықтауы болуға мiндеттi.
Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, айналымдық сумен жабдықтауы жоқ ұйымдар уәкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға нақты мерзiмдерiн көрсете отырып, айналымдық сумен жабдықтауға көшу жоспарын ұсынуға мiндеттi.»;
20) 104-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы, 107-баптың 2 мен 4-тармақтарындағы және 120-баптың 2-тармағындағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен», «Ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер тиісінше «ауызсумен», «Ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 135-бапта:
тақырыптағы «мемлекеттiк қолдаудың», «принциптерi» деген сөздер тиісінше «, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың», «қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац «Су шаруашылығын» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтауды және су бұруды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялау;»;
6) тармақша «су шаруашылығы субъектiлерiне» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
22) мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:
«135-1-бап. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау
1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау сумен жабдықтауды және су бұруды дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.
2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жобаларды техникалық қолдау, бұл техникалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыруды қамтиды;
2) капиталды қажет ететін шығыстар, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жабдықты, материалдарды сатып алуға арналған шығыстар.».
3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; №2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
1) 220-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 225-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сарқынды суларды жинағыштары және (немесе) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілері бар табиғат пайдаланушылар олардың қоршаған ортаға әсерiн болғызбау жөніндегі қажеттi шараларды қолдануға, сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғаннан кейiн жерлердi рекультивациялауды жүзеге асыруға мiндеттi.»;
3) 291-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қалалық және басқа да қоныстардың, орман саябақтарының, курорттық, емдеу-сауықтыру, рекреациялық аймақтардың және су қорғау аймақтарының аумақтарында, ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау мақсаттарында пайдаланылатын жерасты су объектілерінің су жинау алаңдарында, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған аумақтарда қалдықтарды көмуге тыйым салынады.».
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 16-құжат; №3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; №5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; №8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12,82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:
«68-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым - қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға және дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;»;
2) 176-баптың 1) тармақшасы «қаржы агенттіктерін» деген сөздерден кейін «және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 178-бапта:
1-тармақтағы «Мамандандырылған ұйым оған кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен» деген сөздер «Кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы органның атынан қарыз алушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «ұйымдар» деген сөзден кейін «немесе жергілікті атқарушы органның атынан қарыз алушы» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 179-бапта:
1-тармақтағы «кредитордың (сенімгердің) атынан және оның есебінен және оның» деген сөздер «кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
3) тармақша «жобалардың» деген сөзден кейін «және (немесе) қарыз алушы немесе түпкілікті қарыз алушы іске асыратын инвестициялық жобалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «қарыз алушылардың» деген сөздер «қарыз алушының және (немесе) түпкілікті қарыз алушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) түпкілікті қарыз алушыларды айқындау.»;
4-тармақ «Қаржы агенттігін» деген сөздерден кейін «және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 183-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «қарыз алушы» деген сөздерден кейін «немесе түпкілікті қарыз алушы» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 184-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдарға, қаржы агенттіктеріне бюджеттік кредиттер бойынша, сондай-ақ қарыз алушылар ретінде жергілікті атқарушы органдар түпкілікті қарыз алушыларға мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге беретін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесінен төмен болмайтын шамада белгіленеді.».
5. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., №17, 102-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №7, 38-құжат; №13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) және 24-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) жылумен жабдықтау жүйесі - жылу өндіретін, жылу беретін және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;»;
«24-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым - қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға және дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;»;
2) 3-бапта:
2-тармақтың 10) тармақшасындағы «белгiлеу болып табылады.» деген сөздер «белгiлеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды қамтамасыз ету болып табылады.»;
3-тармақтың 5) тармақшасындағы «реттеудi қамтиды.» деген сөздер «реттеудi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды бюджет қаражаты есебінен кредиттеуді;
7) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялауды қамтиды.»;
3) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды айқындайды;»;
4) 5-1-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5-3) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асырады;»;
5) мынадай мазмұндағы 7-2-баппен толықтырылсын:
«7-2-бап. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау
1. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау жылумен жабдықтауды дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.
2. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жобаларды техникалық қолдау, бұл техникалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыруды қамтиды;
2) капиталды қажет ететін шығыстар, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жабдықты, материалдарды сатып алуға арналған шығыстар.».
6. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
35-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «ауызсумен немесе шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
134-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) елді мекендердің тіршілігін (энергиямен, газбен, сумен, жылумен жабдықтау, су бұру және коммуналдық қалдықтарды көму, қалдықтар полигондарын құру және пайдалану) қамтамасыз ету;».
8. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат):
8-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «Энергетикалық ресурстарды», «энергетикалық ресурстарды» деген сөздерден кейін «және су ресурстарын» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «есепке алу аспаптарын және» деген сөздер «және суды есепке алу аспаптарын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«Энергетикалық ресурстарды» деген сөздерден кейін «және су ресурстарын» деген сөздермен толықтырылсын;
«энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен» деген сөздер «энергетикалық ресурстарды және суды есепке алу аспаптарымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат):
2-қосымшада:
324-жолдағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен», «ауыз және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
327-жолдағы «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы маусымның 15-і.
№ 322-V