88) Министрліктің арнайы мемлекеттік мұрағатына құжаттар қабылдауды, оларды сақтауды, есепке алуды және пайдалануды жүзеге асырады;
89) ведомстволық және жедел есептерді құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
90) ақпараттық және ақпараттық-талдау жүйелерін құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
91) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелерін, арнаулы, құқық қорғау және мемлекеттік органдарын, сондай-ақ жасасқан келісімдер шеңберінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерді ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
92) дербес деректерді өңдеу кезінде заңнама және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, Министрліктің ақпараттық ресурстарына ішкі істер органдары бөлімшелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
93) ведомстволық статистикалық, мұрағаттық және өзге де ақпаратты жинауды, жинақтауды, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынуды жүзеге асырады;
94) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыруға қатысады;
95) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
95-1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз етеді;
95-2) жедел резервтің материалдық құралдарын бөледі және пайдаланады;
95-3) өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асырады;
95-4) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
95-5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыру бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың және ғылыми ұйымдардың азаматтық қорғау саласындағы жұмысын үйлестіреді;
95-6) жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
95-7) басқару органдарын және азаматтық қорғау күштерін даярлау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
95-8) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамсыз етеді;
95-9) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындайды;
95-10) Қазақстан Республикасының, облыстардың, қалалардың, аудандардың азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлейді және оларды азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге ұсынады;
95-11) республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекітеді;
95-12) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекітеді;
95-13) өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестіреді;
95-14) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жұмысын үйлестіреді;
95-15) шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекітеді;
95-16) төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражатты пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
95-17) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасайды;
95-18) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
95-19) гуманитарлық акцияларды дайындауға және өткізуге қатысады және оларды ұйымдастырады;
95-20) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қаупі туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамсыз етеді;
95-21) мемлекеттік органдардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың адамдар көп жиналатын объектілерді, бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі бар қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын заңды тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық желілері мен автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша қызметті үйлестіреді;
95-22) республикалық құлақтандыру жүйесін құрады және оның дереу пайдалануға үнемі әзірлігін, оны жарақтандыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;
95-23) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз етеді;
95-24) төтенше жағдайларды жою кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;
95-25) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетеді, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды, қалпына келтіруді және оңалтуды қамтамасыз етеді;
95-26) материалдық-техникалық ресурстардың қорларын құрады және пайдаланады;
95-27) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етеді;
95-28) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті азаматтық қорғанысты дайындау және жүргізу мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдайды;
95-29) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
95-30) ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттің алдын алу және оны сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттаудан өткізеді;
95-31) ведомстволық бағынысты ұйымдарды, оның ішінде жасақтар мен апаттар медицинасының далалық көшпелі госпитальдарын, сондай-ақ коммерциялық емес төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мамандандырылған оқу орындарын құру және қайта ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды өткізеді;
95-32) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады;
95-33) мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
95-34) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен азаматтық қорғау саласында заңды және жеке тұлғаларға электрондық қызмет көрсетуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
95-35) азаматтық қорғаныс жоспарлары және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларының құрылымын айқындайды;
95-36) төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді;
95-37) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы негізінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөледі;
95-38) өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
95-39) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымдарына тағайындалған және белгіленген тәртіппен әскери есептен шығарылған әскери міндеттелердің арнайы есебін жүргізеді;
95-40) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
95-41) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
95-42) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кинологиялық қызметі жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-43), 95-44) және 95-45) тармақшалар 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
95-43) Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ережені әзірлейді;
95-44) жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін лауазымға тағайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
95-45) Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
95-46) Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-47) Уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-48) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
96) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ведомстволардың функциялары:
1) құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу жөніндегі профилактикалық қызметті жүзеге асырады;
2) заңнамаға сәйкес лицензиялар мен арнайы рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
3) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялау және рұқсаттар беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) лицензиаттардың қызметіне, оның ішінде олардың қойылатын біліктілік талаптарға сай келуіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
5) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, ретке келтірумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді және жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік күзетуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады;
7) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды жүзеге асырады;
8) күзет қызметі субъектілерінен олардың «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы ақпарат сұратады;
9) ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырады;
10) қамаудағылар мен сотталғандарды айдауылдау мен күзетуді бақылауды жүзеге асырады;
11) қорғалуы халықаралық шарттарға сәйкес мемлекетке жүктелген объектілердің күзетілуін қамтамасыз етеді;
12) режимдік және ерекше күзетілетін объектілердің күзетілуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға;
заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар;
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге;
заңды тұлғаларға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкес келуіне;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге арналған қорытындылар;
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
заңды тұлғаларға:
жарылғыш материалдар сатып алуға, сақтауға;
азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды сақтауға;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау және алып жүруге, тасымалдауға;
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар беруді;
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
15) әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-қимыл қызметті жүзеге асырады;
16) қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады;
17) белгіленген тәртіппен көлік құралдарына ілесіп жүруді жүзеге асырады;
18) жүргізушілер куәліктерін беруді, сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды, көлік құралдарын сенімхат бойынша пайдаланатын адамдарды тіркеуді жүзеге асырады;
19) жол қозқғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ұйымдастыруға қатысады;
20) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық электрлік көлік желілерін, тұрғын үй кешендерін және жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жаңа көлік құралдары үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссияларға қатысады;
21) жол қозғалысын реттеуді қамтамасыз етеді;
22) мүгедектерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келіседі;
23) жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады және оны орындау үшін міндетті түрде нұсқамалар береді;
24) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
25) оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша білім беру процесі уақытында көлік жүргізуге оқыту шеберлерінің тізілімін жүргізеді;
26) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;
27) жол қозғалысы және оны қамтамасыз ету саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелер құрады және пайдаланады;
28) халықты құқықтық тәрбиелеу жөніндегі шараларды іске асырады, құқықтық тәртіп пен ішкі істер органдары қызметінің жай-күйі туралы қоғамдық пікірді зерделейді;
29) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін, педагогтарды, тәрбиешілерді, оқытуды, тәрбиелеуді және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге де мекеменің басқа да қызметкерлерін анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады;
30) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды белгіленген тәртіппен қарайды және оларға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
31) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жіберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресімдеуге жәрдемдеседі;
32) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
33) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат іс-әрекеттері, оған итермелейтін себептер мен жағдайлар туралы мүдделі органдар мен мекемелерді хабардар етеді;
34) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкілдерін құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына жәрдемдеседі;
35) қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін қорғауды, олардағы жедел жағдайды бақылауды, қызметшілердің, күдіктілердің, сезіктілердің және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, оларды айдап жүруді жүзеге асырады;
36) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы арыздарын қарауды, оларды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асырады;
37) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз етеді;
38) қызметі есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл жасау саласындағы жұмысқа байланысты мамандарды, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынатын адамдарды профилактикалауды, емдеуді, әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және үйлестіреді;
39) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздеуді жүзеге асырады, оларды ұстауға және арнаулы медициналық мекемелерге жеткізеді;
40) уәкілетті органдармен бірлесіп, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына әрі теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты және стратегияны іске асырады;
41) өз құзыреті шегінде қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды және ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
42) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
43) ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асырады;
44) заңнамада белгіленген тәртіппен қылмыс жасаған адамдарды ұстау бойынша жедел-іздестіру және қоршамалы іс-шаралар, операциялар жүргізеді, сондай-ақ оларды өзге де құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының жүргізуіне және жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді;
45) қылмыстарды ашу және қылмыскерлер мен олардың байланыстарын айқындау үшін ақпараттық-талдау жүйесін пайдаланады;
46) борышкерлерді қылмыс жасаған, анықтау, тергеу немесе сот органдарынан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаларын өтеуден, әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды және өзге де адамдарды іздестіруді, танылмаған мәйіттерді сәйкестендіруді жүзеге асырады;
47) арнаулы құқық қорғау және мемлекеттік органдарымен бірлесіп, терроризм актілерінің жолын кесу, кепілдегі адамдарды босату және жарғыш құрылғыларды залалсыздандыру бойынша терроризмге қарсы және арнайы операцияларға қатысады;
48) қылмыс жасағаны немесе күдіктілігі бойынша ұсталғандар мен тұтқындалғандарды, белгілі тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің атқарылуын ұйымдастырады;
49) шет мемлекеттермен экстрадицияланғандарды және сотталғандарды қабылдау-тапсыруды ұйымдастырады;
50) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресудің халықаралық тәжірибесін талдайды мен қорытындылайды, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын, осы саладағы заңнаманың қолданылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
51) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл жасау шараларын бақылауды жүзеге асырады;
52) іс жүзіндегілермен салыстырғанда аса тиімді, қауіпсіздігі төмен, есірткілік әсері әлсіз есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу және енгізу процесін бақылайды;
53) жаппай тәртіпсіздіктердің, оның ішінде түзеу мекемелерінде жолын кесуге қатысады;
54) өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
55) ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде режимдік талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
56) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстайды. Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
57) сотталғандарға қатысты сот үкімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды;
58) соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың орналасуын ұйымдастырады;
59) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі сауалдарын орындайды;
60) жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуге құқығы бар ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметкерлерін бақылауды жүзеге асырады;
61) жедел-іздестіру іс-шаралары мен арнайы операциялардың өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;
62) әскери-тергеу органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
63) әскери қылмыс жасаған адамдарды іздестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
64) әскери қылмыстар жөніндегі жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады және әскери қызметшілер жасаған ішкі істер органдарының тергеу реттілігіне жататын қылмыстарды тергейді;
65) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;
66) заңнамамен бекітілген жағдайларда кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін анықтайды, есепке алуын жүргізеді және оларға қатысты жеке профилактика шараларын жүргізеді;
67) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспірімдерді кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;