Қорытындының мазмұны мен оны Үкіметке ұсыну мерзімі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және олардың қорытындының мазмұны мен оны ұсыну мерзімдеріне жауапты орынбасарлары жауапты болады.
Осы тармақта көзделген рәсімдердің орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 213 Қаулысымен 113-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 113-1-тармақ жаңа редакцияда
113-1. Заңға тәуелді актілерді сапалы және уақтылы әзірлеу мақсатында Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе өзінің құзыретіне орай) мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті заңға тәуелді актілердің (Президент, Үкімет актілерінің, сондай-ақ «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің) жобаларын қарау үшін жолдайды.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 114-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
114. Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) мыналарды:
1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;
2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің анағұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық актілерді қоспағанда, құқықтық актілерді әзірлеудің және Кеңсеге енгізудің немесе әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберудің заңнамалық акті күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауға тиіс немесе әділет органдарында мемлекеттік тіркеудің үш айдан аспауға тиіс нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкім жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын.
Бұл ретте мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуге жатпайтын құқықтық актілерінің қабылданған уақыты оларды әзірлеу мерзімі болып саналады;
3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы;
4) осы актілерді реттеу саласына жетекшілік ететін құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының, жауапты хатшыларының, аппарат басшыларының нұсқауын көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.
Қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген құқықтық актінің жобасын әзірлеу және/немесе әділет органдарында тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган құқықтық актінің жобасын әзірлеуге жауапты, жауапкершілігі заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын лауазымды адам бойынша ақпарат енгізеді.
Парламент қабылдаған заңнамалық актіні іске асыру мақсатында әзірленетін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізген жағдайда қабылданған заңнамалық актінің мәтіні, сондай-ақ заңнамалық актінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі қоса берілуі қажет.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Премьер-Министр өкімінің белгіленген тәртіппен келісілген жобасын Кеңсеге енгізеді.
Кеңсеге енгізілген Премьер-Министр өкімінің жобасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарымен немесе Кеңсе Басшысымен келісу бойынша әзірленетін өкім жобасының орындалуын үйлестіру жүктелетін лауазымды адам айқындалады.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Президенті заңнамалық актіге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына енгізеді.
Мемлекеттік органдар Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлеу қажеттілігі болмаған жағдайда, заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кеңсені хабардар етуі қажет.
Мемлекеттік органдар ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей Әділет министрлігіне осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпарат береді.
Әділет министрлігі тоқсанның қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты талдап, қорытындылайды және келесі тоқсандағы айдың 15-күнінен кешіктірмей осы ақпаратты Үкіметке жібереді.
Заңға тәуелді актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын бақылауды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері өздерінің құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.
Үкімет қаулыларының және/немесе Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсеге енгізудің не ведомстволық актіні қабылдаудың белгіленген мерзімі бұзылған жағдайда, Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органның кінәлі жауапты лауазымды адамын жазалау туралы ұсыныс енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен 114-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 114-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
114-1. Оған қатысты бұрын Үкіметке Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізілген халықаралық шартты ратификациялау туралы заңнамалық акті қабылданған жағдайда, ратификациялау туралы заңның жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген және осы Регламенттің 114-тармағында көрсетілген талаптарды көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді. Премьер-Министр өкімін қабылдау қажет болмаған жағдайда, ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы орган басшысының қолы қойылған тиісті негіздемені Кеңсеге енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 114-2-тармақпен толықтырылды
114-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында өзі әзірлеуші болған заңның нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.
115. Заңнамалық актімен реттеліп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар кейіннен Үкіметтің мәжілісінде қаралатын болып Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 6-8-бөліммен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.12. № 1685 Қаулысымен 6-8-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда
6-8. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарында директорлар кеңесінің, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырыстарын өткізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 115-1-тармақ жаңа редакцияда
115-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары директорлар кеңесінің (бұдан әрі - Директорлар кеңесі), «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырысына Директорлар кеңесінің мүшелері, Кеңсе Басшысы, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, сондай-ақ Кеңсе Басшысымен келісу бойынша өзге де адамдар шақырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 115-2-тармақ өзгертілді
115-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы», акционерлік қоғамдары, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті (бұдан әрі - қоғамдар) мыналарды:
1) баяндамашыларды көрсетіп, отырыстың күн тәртібін;
2) Директорлар кеңесі мүшелерінің атына түсіндірме жазбаны;
3) қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын;
4) Директорлар кеңесі шешімдерінің жобаларын;
5) қоғамның атқарушы органының белгіленген тәртіппен ресімделген шешімдерінің үзінділерін;
6) қажет болған кезде өзге де қосымша құжаттарды (мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың таныстырылымдарын, шешімдерінің көшірмелерін, көрсетілген мәселелерді күн тәртібіне енгізуді негіздейтін анықтамалық материалдарды және басқаларды) қамтитын Директорлар кеңесінің/басқарушы комитеттің отырысына материалдарды отырыс күніне дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.
Директорлар кеңесінің түсіндірме жазбасы мен шешімдерінің жобаларына қоғамның атқарушы органының басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) қол қоюға тиіс.
Егер, құжат қоғамның тобына кіретін заңды тұлғалардың қызметіне қатысты болған жағдайда, онда Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілетін материалдарға тиісті заңды тұлғаның (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның) бірінші басшысы да қол қоюға тиіс.
115-3. Қоғамның қызметіне әсер ететін қандай да бір мәселелерді шұғыл түрде шешудің қажеттілігі туындаған жағдайда, қажетті материалдарымен бірге хабарламаны жіберу мерзімі Директорлар кеңесі төрағасының шешімімен қысқартылуы мүмкін.
115-4. Отырысты өткізу туралы хабарлама, сондай-ақ оған қоса берілетін қажетті материалдар Кеңсеге жазбаша және/немесе электрондық нысанда беріледі.
115-5. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасын Кеңсе Басшысы жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 115-6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
115-6. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы ол өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары директорлар кеңесінің, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырыстары хаттамаларының жобаларын дайындау және Премьер-Министрдің қол қоюына енгізу үшін жауапкершілік корпоративтік хатшының тиісті орынбасарына жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 115-7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
115-7. Директорлар кеңесі жүзбе-жүз отырысының хаттамасына келісу парағына Кеңсе Басшысы хаттама жобасын жібергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Директорлар кеңесінің отырысына қатысушы Директорлар кеңесінің мүшелері қол қояды.
Директорлар кеңесі отырысының хаттамасына Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды, сондай-ақ Заң бөлімінің меңгерушісі бұрыштама қояды. Хаттамаға Директорлар кеңесінің келісу парақтары мен отырыста болмаған мүшелерінің жазбаша пікірлері (олар болған жағдайда) қоса беріледі.
115-8. Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесі отырыстарының стенограммасын жүргізуді ұйымдастыруы мүмкін.
115-9. Директорлар кеңесі төрағасының қалауы бойынша оның қарауына енгізілген мәселелер жөнінде Директорлар кеңесінің шешімдер қабылдауы сырттай дауыс беру арқылы болуы мүмкін. Сырттай дауыс беру Директорлар кеңесінің отырысын өткізбей-ақ қолданылады.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне сырттай дауыс беру үшін, егер Директорлар кеңесінің төрағасы өзге мерзімді белгілемесе, оның өткізілуі туралы хабарлай отырып, дауыстарды санау күніне дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей жіберуге тиіс. Құжаттарды алдын ала зерделеу талап етілмейтін мәселелер бойынша бюллетень дауыстарды санау күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілуі мүмкін.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень және өзге де ақпарат (материалдар) Директорлар кеңесінің мүшелеріне почта, электрондық немесе өзге де байланыс арқылы жіберілуі тиіс немесе жеке өзіне тапсырылады.
115-10. Бюллетеньдер дауыс берудің соңғы күні 16 сағат 30 минуттан кешіктірілмей қоғамның орналасқан орны бойынша берілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 115-11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
115-11. Сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешім жазбаша түрде ресімделеді және оған Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды және:
1) қоғамның атауын және орналасқан орнын;
2) сырттай отырыстың шешімін жазбаша ресімдеу күні мен орнын;
3) Директорлар кеңесінің құрамы туралы мәліметті;
4) отырысты шақыруды жүзеге асырушы тұлғаны (органды) көрсетуді;
5) отырыстың күн тәртібін;
6) шешім қабылдау үшін кворумның болуы немесе болмауы туралы жазбаны;
7) күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс берудің қорытындылары мен қабылданған шешімді;
8) өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
115-12. Директорлар кеңесі сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған шешімді және сырттай дауыс беру қорытындыларын Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне шешімдерге қол қойылған сәттен бастап 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
7. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау кезінде орталық атқарушы органдардың
өзара іс-қимыл жасау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 116-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
116. Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Үкімет басшылығының атына жіберілген прокурорлық қадағалау актілерін қарауды прокурорлық қадағалау актісінің мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 117-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 117-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 117-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
117. Прокурорлық қадағалау актілері тіркеледі және кейіннен Премьер-Министрді хабардар ету үшін Премьер-Министр Хатшылығына беріледі.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау бойынша тиісті тапсырма Премьер-Министр қолымен ресімделеді.
Прокурордың наразылығын қоспағанда, прокурорлық қадағалау актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім белгіленбесе, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі - Бас прокуратура) Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Кеңсеге енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Прокурордың наразылығын қарау тапсырылған мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім белгіленбесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Бас прокуратураға Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министр Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Жауап жобасы прокурорлық қадағалау актісінде белгіленген әрбір мәселеге Үкімет ұстанымын қисынды және толық көлемде, сондай-ақ заңдылықтың тиісті бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тартудың қабылданған шаралары туралы ақпаратты білдіруге тиіс.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметтің Бас прокуратураға жауабының жобасын міндетті түрде Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келіседі.
Үкімет жауабының жобасын келісу оған тиісті мемлекеттік орган басшысының бұрыштама қоюы не ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Құзыретіне мәселелерді қарау кіретін құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, сондай-ақ Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі мен Заң бөлімінің меңгерушілері, мәселеге жетекшілік ететін Кеңсе Басшысының орынбасары алдын ала бұрыштама қоятын Үкімет жауабы жобасының түпкілікті нұсқасын Кеңсе Премьер-Министр қол қоятын Үкімет бланкісінде ресімдейді.
8. Үкіметтің актілерін жариялау тәртібі
118. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
119. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар Үкіметтің актілері жариялануға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 120-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
120. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жинағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын және заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметтің қаулыларын ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және теледидар мен радио арқылы халыққа жеткізілуі мүмкін.
Үкіметтің интернет-ресурсын ақпараттық қамтамасыз ету және Үкімет қабылдайтын шешімдер туралы ақпаратты тарату мақсатында Internet (Интернет) жаһандық желісін пайдалану жекелеген ережелермен регламенттеледі.
ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен 120-1 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 120-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
120-1. Мемлекеттік орган Кеңсе тарату барысында өзіне жіберген, кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыларды қоспағанда, Үкімет қаулыларының куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет—ресурсында мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын Үкімет қаулыларын қоспағанда, өзі әзірлеуші болып табылатын Үкімет қаулысының нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.
121. Нормативтік құқықтық актілер мерзімді басылымдарда бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 122-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
122. Нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануын бақылауды жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, Байланыс және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.
9. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары
Іссапарларының тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 123-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
123. Өз бастамасы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, сол сияқты Қазақстанның басқа қаласына (оның ішінде демалыс және мереке күндері) іссапарға шығуы қажет болған жағдайда, орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын Премьер-Министрдің атына өзінің іссапарға шығуына рұқсат беру туралы өтінішхатпен жазбаша өтініш жасауға тиіс.
Орталық атқарушы органның бірінші басшысының хатында (қолдаухатында) іссапарға шығу қажеттілігінің негіздемесі мен оның мерзімі келтірілуі тиіс.
Бір тәуліктен аспайтын мерзімге іссапарға шыққан кезде жазбаша қолдаухат талап етілмейді - Премьер-Министрмен ауызша келісу жеткілікті.
124. Премьер-Министрдің қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысын қызметтік іссапарға оның жазбаша қолдаухатынсыз жіберуге құқығы бар.
125. Орталық атқарушы органның бірінші басшысы іссапардан оралысымен 3 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іссапарда болған кезеңде атқарылған жұмыс туралы жазбаша есеп беруге міндетті.
Есепті Премьер-Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-бөлім жаңа редакцияда
10. Орындалуын бақылау тәртібі
126. Қазақстан Республикасының Президенті, Үкімет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына*, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 127-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
127. Бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
4) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің өкілдерімен бірге жергілікті жерге барып, бақылаудағы тапсырмалардың орындалу уақтылығы мен сапасына мониторинг жүргізу;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 128-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
128. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:
1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген лауазымды адамдар актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.
129. Бақылаудағы тапсырмалар күрделілігі дәрежесіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жүйелі тапсырмалар - қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдерді, нормалар мен қағидаларды қалыптастыруға және жаңаларын іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған ұзақ мерзімді, кешенді және ведомствоаралық сипатта болатын тапсырмалар;
2) жедел тапсырмалар - орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасауды талап етпейтін және мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Кеңсенің сұрау салуларына есептерді қалыптастыруға, ақпарат дайындауға, сондай-ақ ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерге (кеңестер өткізу, іс-шараларды ұйымдастыру және т.б.) байланысты қысқа мерзімді тапсырмалар;
3) жылдамдату тапсырмалары - тапсырманың орындалуын жеделдетуге, күшейтуге, жандандыруға бағытталған іс-қимылдар не бастапқы белгіленген орындалу мерзімінің өзгеруіне әсер етпейтін бұрын берілген тапсырмалар туралы ескерту. Жылдамдату тапсырмаларын орындау туралы есептер ұсынылмайды және бағалауға жатпайды.