ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-2-тармақпен толықтырылды
141-2. Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау мерзімдерін қайтадан ұзартуға Премьер-Министр орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының (міндеттердің бөлінуіне немесе бақылаудың тиісті бекітілуіне сәйкес) тиісті ұсынысы негізінде жауапты мемлекеттік саяси қызметшіге - орындаушы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдау туралы мәселе қарала отырып, ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Премьер-Министр орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тиісті ұсынысын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі дайындайды және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен келіседі.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-3-тармақпен толықтырылды
141-3. Кеңсеге Премьер-Министрдің тапсырмасын (оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын) орындау мерзімін екі реттен артық ұзарту туралы ұсыныс енгізілген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жазалау туралы мәселе қаралады.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-4-тармақпен толықтырылды
141-4. Премьер-Министрдің тапсырмаларын уақтылы орындамағаны үшін мерзімнің бұзылуына жол берген мемлекеттік органның басшысы, сол сияқты аталған тапсырманың орындалуын үйлестіруді жүзеге асыратын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі жауапты болады.
142. Бақылаудан алу не орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары (жеке тапсырмалары), оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Президент Әкімшілігі Басшысының немесе тапсырма берген адамның қарары бойынша;
3) Премьер-Министрдің тапсырмалары, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде, Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Премьер-Министрдің не оның тапсырмасы бойынша өзге адамның қарары бойынша;
4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде ол өткізген кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Премьер-Министр орынбасарының не оның тапсырмасы бойынша өзге адамның қарары бойынша;
5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша жүзеге асырылады.
143. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері бойынша - тапсырманың нөміріне, күні мен нақты тармағына, оның мазмұнына) сілтеме жасалады. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде осындай тәртіп қамтамасыз етіледі - егер тапсырма болмаса, жоба бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.
144. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) егер объективті себептер бойынша тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып, не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) ақпаратты ұсыну кезеңділігі мен нақты орындау мерзімін көрсете отырып, не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы өтініш;
3) егер тапсырма толық көлемде және сапалы орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;
4) егер тиісті актіде немесе тапсырмада мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы есепті ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесінің 50-тармағында белгіленген нысан бойынша мәліметтерді қамтуға тиіс.
145. Іс-шаралар жоспарларының және Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы тапсырмаларының, оның ішінде хаттамалық тапсырмалардың нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:
1) тапсырманың толық және сапалы орындалуы;
2) Үкіметтің тиісті қаулысының немесе Премьер-Министр өкімінің не өзге нормативтік құқықтық актінің қабылдануы;
3) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептер) енгізуі;
4) туындаған объективті жағдайларға байланысты орындаудың мүмкін болмауы;
5) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының басқа тапсырмасын қайталауы негіз болады.
Бұл ретте құжатты тұтастай немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы мәніне талдау жүргізеді және Үкіметтің немесе Кеңсе басшылығының тиісті анықтамасын және (немесе) қарарын дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Кеңседе тіркелген күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
146. Премьер-Министрдің орынбасарлары, сондай-ақ Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде Премьер-Министрге ұсыныстар енгізе алады.
147. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін (екі және одан көп рет) ауыстыру фактілері Кеңсе Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларын (олардың өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды) немесе аппарат басшыларын шақыра отырып қаралады.
148. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеңседе бақылауға алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
149. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындау жөніндегі жауаптардың жобаларын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты орындаушыларымен алдын ала жұмыс тәртібімен келіседі.
150. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне әзірлеуші мемлекеттік орган жіберетін ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің актісінде белгіленген актілер мен тапсырмалардың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Баяндалған мәліметтердің дұрыстығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.
151. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке және тікелей тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 152-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
152. Үкімет немесе Кеңсе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы жіберетін есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыт (мәселе) бойынша орынбасары немесе Кеңсе Басшысы қол қояды.
153. Мемлекет басшысының, Парламент депутаттарының, Бас Прокурордың, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының атына Премьер-Министр жіберетін жауаптардың жобаларын, сондай-ақ Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен мәжілістер хаттамаларының жобаларын Премьер-Министрдің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығы бір тәуліктен асырмай қарайды.
154. Нормативтік құқықтық жарлықтардың әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және жартыжылдықтың соңғы айының отызыншы күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда тиісті жарлықтарға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.
155. Кеңсе Басшысының Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалу мәніне тексеру жүргізуге тапсырма беруге құқығы бар.
156. Кеңсе Басшысы, оның орынбасарлары осы Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен регламент 11-тараумен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 11-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Меморандумдар дайындау және бекіту
ҚР Үкіметінің 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 157-тармақ жаңа редакцияда
157. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін әрбір мемлекеттік орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған меморандумды әзірлейді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі қол қояды және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 158-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
158. Меморандум мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімінің кезекті қаржы жылына арналған республикалық/жергілікті бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде түйінді нысаналы индикаторларға басым тәртіппен қол жеткізуді қамтамасыз ету ниетін растайтын құжат болып табылады.
Меморандумды әзірлеу ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін өткен жылғы түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 159-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
159. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумдарын әзірлеу және бағалау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-қосымша
«________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | |
2. | Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі | |
3. | Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) | |
4. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | |
5. | Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі | |
6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | |
7. | Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы | |
8. | Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса) | |
9. | Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі | |
10 | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері | |
11.* | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі | |
12.** | Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) | |
13.** | Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады | |
14.*** | Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат | |
* Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескере отырып, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.
** «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген мәліметтерді және/немесе қызметтік ақпаратты қоспағанда.
*** Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жасалған кезде толтырылады.
Мемлекеттік органның бірінші басшысы _____________/______________________
қолы қолдың толық жазылуы
__________________
күні
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 1-1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 1-1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министріне
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____ жылғы «____» ___ мәжілісіне
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасы бойынша
АНЫҚТАМА
«______________________________________________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
«______________________________________________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Әзірлеуші орган - ________________________________________________________________________________________.
(жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:
________________________________________________________________________________________________________
(Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актісі тармағының нөмірі,
________________________________________________________________________________________________________
(қабылданған күні мен атауы не тапсырманы кім бергені, оның нөмірі мен күні, бастамашылық жасалуы көрсетіледі)
Жобада мыналар көзделеді (Жобаны қабылдау неге негізделген):
Жобаны қабылдау ___________________________________________________________________________ мүмкіндік береді.
Әзірлеушінің ақпараты бойынша жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді (жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары, республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) бюджет қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа да қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлуді талап етеді (талап етпейді).
Жоба Қаржы (министр (вице-министр) - тегі және аты-жөні), Әділет (министр (министрдің орынбасары) - тегі және аты-жөні), Ұлттық экономика (министр (министрдің орынбасары) - тегі және аты-жөні) министрліктерімен, өзге де мемлекеттік органдармен келісілді.
Премьер-Министр Кеңсесінің жобаға ескертулері жоқ (мынадай ескертулері бар). Заң бөлімінің қорытындысы қоса беріліп отыр.
Айтылғандардың негізінде жобаны Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруға болады (пысықталған жағдайда «пысықталған редакциясында» деп көрсетіледі) немесе жобаны қайтарған немесе жобаны пысықтауға жіберген жөн деп пайымдаймыз.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 1-2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министріне
«_____________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы
Үкіметінің мәжілісінде қарау қорытындылары туралы
«__________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы____________жылғы «___» Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде қаралды.
Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:
____________________________________________________________________
(жобаға берілген анықтамадан тиісті деректер көрсетіледі)
Үкімет мәжілісіне дайындалған жоба бойынша анықтама қоса беріліп отыр
Жоба бойынша (Министр (вице-министр)__________________________
(аты-жөні)
баяндама жасады.
Талқылау қорытындылары бойынша жоба дауыс беруге енгізілді.
Жобаны қабылдау үшін___Үкімет мүшесі жақтап, ____Үкімет мүшесі қарсы болып дауыс берді,____Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.
Жоба қол қоюға енгізіліп отыр (пысықталған жағдайда «пысықталған редакциясында» деп көрсетіледі).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін
ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ
1.__________________________________________________
жобаның атауы
2. Дауыс беру нәтижелері:
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі _________________.
(қолы)
Р/с № | Үкімет мүшесінің лауазымы | Дауыс берді:* | Дауыс берген жоқ |
жақтағандар | қарсы болғандар |
1. | | | | |
2. | | | | |
3. | | | | |
4. | | | | |
5. | | | | |
6. | | | | |
7. | | | | |
8. | | | | |
9. | | | | |
10. | | | | |
11. | | | | |
12. | | | | |
13. | | | | |
14. | | | | |
15. | | | | |
16. | | | | |
17. | | | | |
| | | | |
| | | | |
| Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы | | | |
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
__________________________
Аты-жөнi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіндегi
сараптама нәтижелері бойынша
___________________________________________________________
жобаның атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрi - Кеңсе) ____________________________________________________
резидент немесе Үкімет кесімінің атауы,
____________________________________________________________________
тармағының нөмірі, оның қабылданған күні не тапсырманы кім
________________________________________ сәйкес немесе бастамашылық бергені, оның нөмірі мен күні көрсетіледi
жасау тәртібімен ___________________________________________________
жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы енгізген ___________________________________________________________
жобаның атауы
қаулының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Осы қаулы жобасын (бұдан әрі - жоба) қабылдау қажеттігi _____________________________ негізделген.
негіздемесі көрсетіледi
Жобаны дайындау кезінде Үкімет Регламентінің талаптары сақталған (сақталмаған) (егер қандай да бір бұзушылықтар бар болса, онда олар Регламенттің нақты тармақтарына сілтеме көрсетіле отырып жазылады).
Жобаны қабылдау үшін_____, қарсы _____Үкімет мүшесі дауыс берді, ____ Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық
және/немесе құқықтық салдар________________________________________.
ықтимал салдарлар көрсетіледi
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) _______ теңге бюджет
қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлудi талап етеді (талап етпейді).
Жобаны Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сараптау нәтижелерi бойынша мазмұндық және құқықтық сипаттағы, оның ішінде заңдық техника бойынша ескертулер (ескертулер егжей-тегжейлі жазылады) болды (болған жоқ), оларды (мұндай факт болған кезде) әзірлеушi жобаны пысықтау кезінде жойды (жойған жоқ).