мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары бойынша айқындайды.
Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін әрбір құрылыс объектісі бойынша ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспары бекітіледі.»;
3) 20-бап мынадай мазмұндағы 11-11) тармақшамен толықтырылсын:
«11-11) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспарларын бекіту;»;
4) 24-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;
5) 25-бапта:
1-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мүгедектер үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;
6) 26-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;
7) 34-4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тапсырыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды шарт негізінде тарта отырып жүзеге асырады.»;
8) 60-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлердi және (немесе) құрылысты игеру үшiн шетелдiк заңды тұлғалар немесе жекелеген мамандар орындаған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарының шарттарында және сатылары бойынша, осы Заңда, мемлекеттiк нормативтерде және жобалауға берілген тапсырмада белгiленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамы мен көлемiнде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда, мемлекеттік нормативтерде белгіленген міндетті талаптар сақталған кезде әзiрленуге тиiс.
Мынадай жағдайларда:
1) тапсырыс берушінің (инвестордың) шешiмi бойынша тапсырыс беруші (инвестор) мынадай мiндеттi шарттар жиынтығын орындаған кезде:
жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамамен расталуға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, конструкциялардың сенімділігі, объектінің жұмыс істеу орнықтылығы және еңбекті қорғау нормаларын сақтағанда;
Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттiк нормативтiк құжаттарға сәйкес тауар берушiлердi (жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушiлердi) оларға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз еткенде;
2) республикалық индустрияландыру картасына енгізілген объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді жүргізу кезінде осы қағидадан ауытқуға жол берiледi.»;
9) 64-1-бап мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілері бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісу тәртібі қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерiн, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салуға, сондай-ақ олардың қазiргi барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделi жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негiздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға кешендi ведомстводан тыс сараптама жүргiзу қағидаларымен реттеледі.»;
10) 64-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк монополияға:
1) қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салу;
2) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын, мыналарға:
ықтимал қауіпті;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешендi сараптама жатады.»;
11) 73-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.
Объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнде құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларында айқындалған тәртіппен есепке алуға жатады.»;
12) 74-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда өз бетінше міндетті есепке алуға жатады.».
8. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
14-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сот үлескерлер ақшасын тартуға рұқсаттан айырғаннан кейін тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) жарнамалауға тыйым салынады.».
9-тармақ осы Заңға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді
9. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат):
24-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменi ұйымдастыруға және өткiзуге арналған, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картасына енгізілген объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді жүргізу кезінде қолданылатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге қатысты халықаралық, өңiрлiк стандарттарға, шет мемлекеттердiң стандарттарына және шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарына қолданылмайды.».
10. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
1) 1-баптың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«32) үлестес тұлғалар - шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оңалту немесе банкроттық рәсiмiне қатысушы қабылдайтын шешiмдерге әсер ету, оның iшiнде жасалған шартқа орай әсер ету мүмкiндiгi бар жеке немесе заңды тұлға (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды, ұлттық басқарушы холдингтi, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын қоспағанда). Оңалту немесе банкроттық рәсiмiндегi үлестес тұлғалардың тiзбесi осы Заңның 9-бабында белгiленедi.»;
2) 48-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын борышкерді оңалту және оның банкроттығы туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған кезде сот «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры ұсынған кандидатураны уақытша басқарушы етіп тағайындайды.»;
3) 59-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
««Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда, тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын борышкерді оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарғаннан кейін сот Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры ұсынған кандидатураны уақытша әкімші етіп тағайындайды.»;
4) 96-баптың 4-тармағының 8) тармақшасындағы «қаржы құралдары енгізілмейді.» деген сөздер «қаржы құралдары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) үлестік құрылысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) енгiзiлмейдi.».
11-тармақ осы Заңға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді
11. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 103, 104-құжаттар; № 20-I, 111-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 23-I, 169-құжат):
69-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылатын өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын белгiлеу және орындау;».
12. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат, № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар):
1) 36-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
2) 1-қосымшаның 7-жолы алып тасталсын;
3) 2-қосымшаның «1-сынып - «қызметке берілетін рұқсаттар» деген бөлімі мынадай мазмұндағы 87-10-жолмен толықтырылсын:
87-10. | Үлескерлер ақшасын тартуға рұқсат беру | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты | |
13-тармақ осы Заңға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді
13. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызмет үшiн жағдайды түбегейлi жақсарту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 23-I, 169-құжат):
3-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 1-баптың 38-тармағы 21) тармақшасының елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші және елу тоғызыншы абзацтары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Мемлекеттiк монополияға:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектiлерге жатқызылған жаңа объектiлердi;
2) жаңа бiрегей құрылыс объектiлерiн;
3) бюджет қаражаты есебiнен немесе мемлекеттiк инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуымен қаржыландырылатын техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi жаңа ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негiздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешендi сараптамасы жатады.».
2-бап.
1. Осы Заңға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 1)-5) және 7)-17) тармақшаларын, 7-тармағының 2)-12) тармақшаларын, 9, 11 және 13-тармақтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiледi.
2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 8) тармақшасы 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 7-і.
№ 487-V