4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;
5) кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұстап алу және Қазақстан Республикасының кеден немесе өзге органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, олардың бейне- және аудиожазбасын, кино- және фототүсірілімін жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кеден органдарының ресми өкілдерін шет мемлекеттерге жіберу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, құру, иелену және пайдалану;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін арнаулы құралдарды қоса алғанда, тауарларды сатып алу;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күші мен арнаулы құралдарды қолдану;
11) 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру және істерді қарау, әкімшілік ұстап алудыжүргізу, сондай-ақ басқа да шараларды қолдану;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметін жүзеге асыру;
14) құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін осы Кодекстің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу;
15) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
14-бап. Кеден органдарының міндеттері
1. Кеден органдарының міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекет мүдделерін қорғау;
2) декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын сақтау;
3) кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау жолымен сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесу;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру;
6) 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) өз өкілеттіктері шегінде декларанттарға және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға олардың құқықтарын іске асыруына жәрдемдесу;
8) кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы баждардың, өтемақы баждарының толық алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
9) өз құзыреті шегінде осы Кодексте белгіленген мерзімдерде шешімдер қабылдау және декларанттар мен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында белгіленген шарттарды сақтауы және міндеттерді орындауы бойынша олардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыру;
11) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын күзетуді және Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қызметіне, кеден органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелеріне қатысты құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету;
13) өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және оларды анықтау жөнінде жұмыс жүргізу;
14) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтардың жасалуы туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;
15) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
16) кеден ісі саласында келіп түсетін сұрау салулар мен ұсыныстарды ескере отырып, өтініштердің уақтылы, объективті және жан-жақты қаралуын және жауап берілуін немесе тиісті әрекеттер жасалуын қамтамасыз ету;
17) кеден ісі саласында өтеусіз ақпарат және консультация беруді жүзеге асыру;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарының бірлескен актілері негізінде аталған органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;
19) кеден ісін жетілдіру және кедендік әкімшілік жүргізудің тиімді әдістерін енгізу мақсатында сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен, олардың қауымдастықтарымен (одақтарымен), Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;
20) импорттаушылардың заңды мекенжайларын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға импорттаушылар бойынша ақпарат ұсыну;
21) белгіленген мерзімдерде бюджетке төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын, сондай-ақ өсімпұлдарды, пайыздарды өндіріп алу;
22) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыру;
23) мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына берілгенге дейін осындай тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
24) 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Кеден органдары осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге міндеттерді де жүзеге асырады.
3. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс жүргізілуі Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде, кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде осындай құқық бұзушылықтар бойынша қолда бар материалдарды Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына беруге міндетті.
15-бап. Кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының жауапкершілігі
1. Кеден органдары құқыққа сыйымсыз шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) арқылы келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Тұлғаларға кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) арқылы келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
3. Тұлғаларға кеден органдарының лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды шешімдері, әрекеттері арқылы келтірілген залалдар өтелуге жатпайды.
4. Кеден органдарының лауазымды адамдары құқыққа сыйымсыз шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
16-бап. Кедендік инфрақұрылым
1. Кедендік инфрақұрылымға кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен, инженерлік, ақпараттық, телекоммуникациялық жүйелермен және оларды қамтамасыз ету құралдарымен жарақталған (бұдан әрі осы бапта - кедендік инфрақұрылым элементтері) ғимараттар, құрылысжайлар, үй-жайлар, ашық алаңдар және кеден органдарының қызметін қамтамасыз ететін әлеуметтік мақсаттағы объектілер жатады.
2. Кедендік инфрақұрылым элементтері:
1) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында;
2) кеден органдары мен кеден органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде;
3) осы Кодексте белгіленген тәртіппен кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін аумақтарда орналасуы мүмкін.
3. Комиссия тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын үлгілік талаптарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының қызметін қамтамасыз етуге байланысты функционалдық мақсат ерекшеліктерін ескере отырып айқындайды.
4. Кеден органдары мен кеден органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
5. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында кедендік инфрақұрылымның жай-күйін, даму серпіні мен үрдістерін талдауды Комиссия кеден органдары ұсынатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға (мемлекеттік құпияларға) немесе таратылуы шектелген мәліметтерге жатқызылған мәліметтерді қамтымайтын, белгілі бір уақыт кезеңі үшін қорытылған, тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы мәліметтер негізінде жүргізеді.
Тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуі туралы көрсетілген мәліметтердің құрамын, олардың құрылымы мен форматын, сондай-ақ берілу кезеңділігі мен тәртібін Комиссия айқындайды.
Кедендік инфрақұрылымның жай-күйі, даму серпіні мен үрдістері туралы ақпарат Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырылады.
17-бап. Кеден ісі саласындағы құқық қорғау қызметі
1. Кеден ісі саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады және тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартады.
3. Қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмек және кеден органдарының шет мемлекеттердің кеден органдарымен өзара іс-қимылы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
18-бап. Кеден органдарының көлік құралдарын тоқтату және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан шығып кеткен су және әуе кемелерін ұстап алу (қайтару) жөніндегі құқықтары
1. Кеден органдары көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы.
Автомобиль көлік құралдарын кедендік бақылау аймағынан тыс жерде тоқтатқан жағдайда, кедендік бақылау жүргізу уақыты осындай тоқтату кезінен бастап екі сағаттан аспауға тиіс.
2. Кеден органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде болатын су және әуе кемелерін ұстап алу (қайтару) жөніндегі әрекеттері Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
19-бап. Кеден органдары алған ақпаратқа қарым-қатынас
1. Кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасына сәйкес алған кез келген ақпаратты кеден органдары өздеріне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратқа қолжетімділік алған кеден органдары, олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ өзге де тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және осы Кодексте белгіленген;
2) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны (құпияларды) құрайтын ақпаратты, сондай-ақ басқа да жасырын ақпаратты жария етуге, жеке мақсаттары үшін пайдалануға не өзге тұлғаларға, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына беруге құқылы емес.
3. Кеден органдары өздеріне ұсынылған ақпаратты, оның ішінде алдын ала ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, егер мұндай ақпарат көрсетілген органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды), сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтай отырып, ал осы Кодекстің 49-тарауына сәйкес алынған ақпаратқа қатысты осы Кодекстің 449-бабының талаптарын да сақтай отырып, мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына - олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде, прокурор санкциялаған, қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат түріндегі уәжді сұрау салу негізінде береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда, санкция талап етілмейді;
2) соттарға: олардың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша сұрау салу негізінде;
3) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және бірлескен актілерде айқындалатын тәртіппен;
4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға - «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
5) импорттаушылардың заңды мекенжайларын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлері көрсетілген импорттаушылар жөніндегі ақпаратты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға береді.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған кез келген ақпарат:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органына;
Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру мақсаттары үшін Комиссияға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық тергеп-тексерулерін жүргізу кезінде шет мемлекеттің және (немесе) шет мемлекеттер одағының құзыретті органына;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтемақы тергеп-тексеруін жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органына және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияға ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, жария етілуге және таратылуға жатпайды.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кеден органдарынан не өзге де уәкілетті органдардан осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты алған Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары, өзге де мемлекеттік органдарының немесе ұйымдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де мұндай ақпаратты таратуға құқылы емес.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпарат кедендік бақылауды жүргізуге тартылған мамандардың кедендік бақылауды жүргізу кезінде өз міндеттерін орындау кезінде де, оны аяқтағаннан кейін де таратуына жатпайды.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық қауіпсіздікті және және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдар айқындаған тәртіпке және мерзімдерге сәйкес ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына сақтауға береді.
Бұл ретте сақтауға берілген осындай деректерді пайдалануды уәкілетті орган ғана жүзеге асырады.
20-бап. Кеден органдары қабылдаған шешімдерді және кедендік бақылау жүргізу нәтижелерін өзара тану
Кеден органдарының кедендік операциялар жасау кезінде қабылданған шешімдері және белгіленген тәртіппен ресімделген кедендік бақылау жүргізу нәтижелері, осы Кодексте белгіленген жағдайлары қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өзара танылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында бірдей заңдық күшке ие болады.
21-бап. Кеден органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау (дау айту)
Мүдделі тұлға кеден органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға (дау айтуға) құқылы.
22-бап. Кеден органдарының консультация беруі және алдын ала шешімдер қабылдауы
1. Кеден органы тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдану мәселелері және кеден органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша өтеусіз негізде консультация беруді жүзеге асырады.
2. Кеден органдарының лауазымды адамдары консультация беруді жүзеге асыру кезінде кедендік декларацияларды және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылуға жататын өзге де құжаттарды кеден органының атынан тексермейді, сондай-ақ мұндай кедендік декларацияларды және құжаттарды жасамайды.
Көрсетілген құжаттарды толтыру мәселелері бойынша консультация беру тұлға ұсынған осындай құжаттар мен ақпаратты тексерусіз жүзеге асырылады.
3. Консультация беруді жүзеге асыру кезінде тұлғаларға ұсынылған ақпарат кеден органының немесе оның лауазымды адамының тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау кезінде шешімдер қабылдауына немесе әрекеттер (әрекетсіздік) жасауына негіз болып табылмайды.
4. Кеден органдарының консультация беруі ауызша және жазбаша нысандарда жүзеге асырылады. Кеден органы тұлғаның жазбаша сұрау салу салуы бойынша ақпаратты жазбаша нысанда, мүмкіндігінше қысқа, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірілмейтін мерзімдерде беруге міндетті.
5. Консультация беру кезінде кеден органының лауазымды адамы:
1) кеден органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша консультация жүргізуге;
2) мүдделі тұлғалар ұсынған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
3) тұлғалардың құжаттарына өкімдік жазбалар жасауға, кеден органдарына нұсқау беруге немесе кеден органының кейінгі шешімдеріне немесе кеден органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде оның лауазымды адамының әрекетіне қандай да бір өзге тәсілмен ықпал етуге құқылы емес.
6. Кеден органдары осы Кодекске сәйкес тауарларды сыныптау туралы, тауарлардың шығарылған жері туралы, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге де мәселелер бойынша, егер Комиссия өзгеше айқындамаса, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен алдын ала шешімдер қабылдайды.
23-бап. Кедендік статистика жүргізу, кедендік статистиканың деректерін пайдалану және ұсыну
1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы саудасының кедендік статистикасын (бұдан әрі осы бапта - тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасы) және арнайы кедендік статистиканы қамтитын кедендік статистиканы жүргізеді.
2. Кедендік статистиканы жүргізу үшін кеден органдарының ақпараты мен электрондық ақпараттық ресурстары пайдаланылады.
3. Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректері тауарлармен сыртқы сауданың жай-күйін, даму серпіні мен үрдістерін талдау мақсаттарында қалыптастырылады.
Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу Комиссия бекітетін әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
4. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, өзге де тұлғаларға;
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен халықаралық ұйымдарға ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану немесе қайта қарау туралы өтініш беру үшін ұсынады.
5. Арнайы кедендік статистиканың деректері кеден органдарына жүктелген міндеттерді орындау мақсаттарында қалыптастырылады және пайдаланылады.
Арнайы кедендік статистиканы жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
6. Статистикалық мақсаттар үшін тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ұсынатын құжаттар мен мәліметтер пайдаланылады.
7. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын мәліметтерге осы Кодекстің 19-бабының ережелері қолданылады.
24-бап. Кеден органдарының тұлғалар туралы ақпарат жинауы
1. Кеден органдары мынадай:
1) ұйымның құрылтайшылары, акционерлері, басшылары және бас бухгалтерлері туралы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не тұлғаны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы;
3) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктің құрамы туралы;
4) ашылған банктік шоттар туралы;
5) тұлғаның сыртқы экономикалық қызметі туралы;
6) ұйымның және оның филиалдарының орналасқан жері туралы;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші ретінде есепке қойылғаны және салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы;
8) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне қосылған не осындай тізілімге қосылуға үміткер заңды тұлғалардың қаржылық орнықтылығы туралы;
9) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне қосылған не осындай тізілімге қосылуға үміткер заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешегі (бересісі) туралы;
10) жеке тұлғалар туралы: дербес деректер (жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін қоса алғанда, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні және жері, жынысы, тұрғылықты жері, жеке басты куәландыратын құжаттың деректемелері) және осы тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізу жиілігі туралы;