белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам немесе уәкілетті мемлекеттік органның басшысы жасаған не сол адамдардың нұсқауымен жасалған іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
434-бап. Қылмыс туралы хабарламау
Дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгiлi аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау - алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, сондай-ақ дiни қызметшiлер тәубе үстінде өздерiне сенiп сырын ашқан адамдардың жасаған қылмыстары туралы хабарламағаны үшiн осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
435-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның жәнеазаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстық процесте адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сол сияқты жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметтің дербестігін және тәуелсіздігін өзге де бұзу, егер бұл іс-әрекеттер адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына немесе заңды мүдделеріне, заңды тұлғалардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, -
бір мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 436-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
436-бап. Азаматтың алқаби міндетін орындауына кедергі жасау
Азаматтың алқаби міндетін орындауына лауазымды адамның кедергі жасауы -
сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
18-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 437-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
437-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірген бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан бас тарту, сол сияқты бастықтың белгiленген тәртiппен берiлген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы -
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол iс-әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екiншi бөлiктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезiнде жасалған iс-әрекеттер -
бес жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге, ал ауырлататын мән-жайлар болған кезде - он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған iс-әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасымен жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Ауыр зардаптарға әкеп соққан, қызметке ұқыпсыз қарау не адал қарамау салдарынан бұйрықты орындамау -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
6. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, соғыс уақытында, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезiнде жасалған iс-әрекет -
үш жылдан он жылға дейінгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бастыққа, сол сияқты өзiне жүктелген әскери қызмет мiндетін орындайтын өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы мiндеттердi бұзуға күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы мәжбүрлеу -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) қару немесе арнайы құралдар қолданып;
3) денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiріп жасалған дәл сол іс-әрекет -
үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған, сол сияқты адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
439-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттерi
1. Бастықтың әскери қызмет мiндеттерiн орындауы кезiнде немесе осы мiндеттердi орындауға байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге де күш қолдану -
бір мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) қару қолданып;
3) денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiріп жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған, сол сияқты адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
440-бап. Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын жәбiрленушiнi ұрып-соғудан, денсаулығына жеңiл зиян келтіруден немесе өзге де күш қолданудан көрінген не оның абыройы мен қадiр-қасиетiн түсіруге немесе қорлауға байланысты бұзу -
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
2) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) қару немесе арнайы құралдар қолданып;
4) денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiріп жасалған іс-әрекеттер -
төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -
сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 441-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
441-бап. Бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету
1. Бейбiт уақытта жасалған, бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелсiз себептермен мерзiмiнде келмеу, егер өз бетiмен болмау бір айдан ұзаққа созылса, -
екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қызмет бабымен сенiп тапсырылған қарумен жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, егер өз бетiмен болмау бiр тәулiктен ұзаққа созылса, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезiнде жасалған, бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, егер өз бетiмен болмау бір тәулiктен ұзаққа созылса, -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Ұзақтығына қарамастан, соғыс уақытында бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттi жасаған әскери қызметшi, егер бұл iс-әрекет ауыр және өзге де мән-жайлардың тоғысу салдарынан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
442-бап. Қашқындық
1. Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қызмет бабымен сенiп тапсырылған қарумен қашу, сол сияқты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қашқындық - үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған іс-әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi немесе екінші бөлiктерінде көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметшiні, егер қашқындық ауыр мән-жайлардың тоғысу салдары болып табылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
443-бап. Әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әскери қызметшiнiң аурумын деп жалған сылтаурату немесе өзiне қандай да бiр болмасын зақым келтiру (дене мүшесiн зақымдау) не денсаулығына өзге де зиян келтiру немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет мiндеттерiн орындаудан жалтаруы, сол сияқты әскери қызметті атқарудан бас тартуы -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
444-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды уақтылы байқау және оған тойтарыс беру бойынша не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi (жауынгерлiк қызметті) атқару қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет мемлекеттiң мүдделерiне елеулі зиян келтiруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшiні, жеңiлдететiн мән-жайлар болған кезде, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
445-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бұзу
1. Шекаралық нарядтың құрамына кiретiн немесе Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өзге де мiндеттерді орындайтын адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бұзуы, оның ішінде өткізу пункттерінде бұзуы, егер бұл іс-әрекет мемлекет қауіпсіздігі мүдделерiне елеулі зиян келтiруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi, жеңiлдететiн мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
446-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу
1. Қарауыл (вахта) құрамына кiретiн адамның қарауыл (вахта) қызметiнiң жарғылық қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет қарауыл (вахта) күзететiн объектiлерге зиян келтiруге немесе өзге де зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет -
екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi, жеңiлдететiн мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
447-бап. Iшкi қызмет атқарудың немесе гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бөлiмнiң тәулiктiк нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кiретiн адамның iшкi қызмет атқарудың жарғылық қағидаларын бұзуы, сол сияқты патруль нарядының құрамына кіретін адамның гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын және осы қағидаларды дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкiмдердi бұзуы, егер олар зиянды зардаптарға әкеп соқса, олардың алдын алу осы адамның мiндетiне кіретін болса, -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттердi алғаш рет жасаған әскери қызметшi, жеңiлдететiн мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
448-бап. Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бақылау функцияларын жүзеге асыратын әскери қызметшілердің бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi, жеңiлдететiн мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
449-бап. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет атқару қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, -
сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, төтенше жағдай кезінде жасалған іс-әрекеттер -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
450-бап. Билiктi терiс пайдалану
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның билiктi немесе қызмет бабын өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы теріс пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
451-бап. Билiктi асыра пайдалану
1. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерiнің шегiнен анық шығатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соққан әрекеттер жасауы -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не:
1) қару немесе арнайы құралдар қолданып;
2) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған дәл сол іс-әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
452-бап. Биліктің әрекетсіздігі
1. Билiктiң әрекетсiздiгi, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.