478) ақпарат берудің сапасы мен уақтылылығына ішкі бақылау жүргізеді;
479) реттелетін салада біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
480) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
481) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, оларды рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
482) реттелетін кәсіптер бойынша сәйкестікті растау және мамандардың біліктілігін беру тәртібін айқындайды;
483) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және қайта қарайды;
484) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге кәсіптік стандарттарды әзірлейді, бекітеді, ауыстырады және қайта қарайды;
485) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстар дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
486) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
487) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
488) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
489) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
490) қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын қарайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және уәжді жауаптар береді;
491) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
492) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындайды;
493) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептердің нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
494) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді;
495) биоотын өндірісі паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзiрлейдi және бекітеді;
496) биоотын өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алуды бақылау аспаптарын қолдану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
497) азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынға кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталар белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
498) биоотын өндірісі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
499) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытынды береді;
500) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
501) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;
502) өндірілетін және (немесе) өткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларын келіседі;
503) өз құзыреті шегінде кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;
504) Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын бақылау пункттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
505) Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарындағы бақылау пункттерінде автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
506) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша – есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын азық-түлік тауарларын есепке алу жөніндегі ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
507) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс өңдеу және ішкі тұтыным үшін өңдеу шарттары туралы құжат береді;
508) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректер негізінде органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізеді;
508-1) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
508-1) өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-2) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
508-2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
508-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
508-3) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа биологиялық қатерлердің тәуекелдеріне алып келетін жағдайлар туралы хабар береді;
508-4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) береді;
508-4) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;
508-5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келіседі;
508-5) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;
508-6) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін әзірлейді және бекітеді;
508-6) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады;
508-7) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің тізілімдерін жүргізуді жүзеге асырады;
508-8) патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің, патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізуді жүзеге асырады;
508-9) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикалық іс-шараларды жүргізуді жүзеге асырады;
508-10) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды және мониторингтеуді жүзеге асырады;
508-11) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
508-12) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;
508-13) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;
508-14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
508-15) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды жүзеге асырады;
508-16) коллекциялық қызметті есепке алуды және мониторингтеуді жүзеге асырады;
508-17) референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;
508-18) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың қызметін бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
508-19) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады;
508-20) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады;
508-21) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды жүзеге асырады;
508-22) индекстік бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-23) молекулалық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-24) мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
508-25) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-26) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-27) геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-28) бонитерді (сыныптаушыны), техник-ұрықтандырушыны және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;
508-29) бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;
508-30) ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға және пайданы бірлесіп пайдалануға қолжетімділікті, сондай-ақ генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімдерге қолжетімділікті ұйымдастырады;
508-31) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
508-32) ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді;
509) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Министрлікке басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;
4) ведомстволар актілерінің толық немесе бір бөлігінің қолданысын жояды немесе тоқтата тұрады;
5) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлік атынан өкілдік етеді;
7) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға қолбелгі қояды;
8) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауаптылықта болады;
9) Қоғамдық кеңес құрады және оның құрамын бекітеді;
10) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мүлкі
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Министрлік өзіне бекітіп берілген, өзінің теңгерімінде тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан өз бетінше жүзеге асырады.
23. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2022.25.11. № 949 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
5. «Қазагрэкс» акционерлік қоғамы.
6. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
7. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
8. «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 598 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
9. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Есіл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
10. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
11. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жарқайың аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
12. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
13. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
14. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
15. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
16. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Біржан сал ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
17. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
18. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бурабай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
19. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
20. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
21. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
22. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
23. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
24. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
25. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
26. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
27. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
28. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
29. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
30. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
31. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
32. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
33. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
34. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
34-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
35. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
36. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
37. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
38. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
39. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
40. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Іле аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.