18. Үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білудің және пәндік емтихандардың қажетті ең төменгі деңгейін Жұмыс органы бекітеді.
Жұмыс органы шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік әріптестердің талаптарын ескере отырып, үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейін анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Шет тілін білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден:
1) тағылымдамадан өтуге, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға шақыруларда шет тілін білу деңгейін тағылымдамаға қабылдаушы ұйым, шетелдік жетекші жоғары оқу орны талап ететін деңгейге дейін көтеру шарты жоқ адамдар;
2) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар;
3) шақыруларында шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейін көтеру шарты бар философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін, резидентурада оқу үшін түскен адамдарды қоспағанда, өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар босатылады.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден босатылады.
ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 175 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Төртінші тур үміткерлердің Жұмыс органы құратын Тәуелсіз сараптамалық комиссияның мүшелерімен жеке әңгімелесуден өтуін ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Әкімші үміткерлерді телефон байланысы бойынша тікелей сөйлесу арқылы әңгімелесудің өтетін күні мен орны туралы ол өткізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Тәуелсіз сараптамалық комиссияның құрамын, жұмыс тәртібі мен оны ұйымдастыруды Жұмыс органы бекітеді.
21. Төртінші турда үміткердің Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан тарихын, мемлекеттік рәміздерді білуі, кәсіби даярлық деңгейі анықталады.
ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 175 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Тәуелсіз сараптамалық комиссия Жұмыс органы белгілеген нысан бойынша әрбір үміткерге ұсыным береді.
23. Төртінші тур өткеннен кейін Жұмыс органы барлық турлардың нәтижелерімен бірге үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссияның қарауы үшін бесінші турға енгізеді.
24. Республикалық комиссия үміткерлер конкурсының барлық турларының нәтижелері негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы соңғы шешімді қабылдайды, ол туралы Әкімшінің ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы үміткер хабардар етіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ өзгертілді
25. Республикалық комиссияның шешімінде «Болашақ» стипендиясы есебінен тағылымдама өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың талаптарына сәйкес конкурстың мынадай жеңімпаздары үшін тілдік курстардан өту қажеттілігі туралы көрсетіледі:
1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар бойынша Жұмыс органы бекітетін тілдік курстардың ұзақтығы кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес, бірақ 12 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын және шетелде 6 айдан аспайтын мерзім;
2) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат және философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін түскендер бойынша Жұмыс органы бекітетін кестеге сәйкес, бірақ 12 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын және шетелде 6 айдан аспайтын мерзім;
3) осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санат бойынша 6 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын мерзім.
Егер конкурс жеңімпазы осы Қағидалардың 25-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес белгіленген мерзімде шет тілін шетелдің жоғары оқу орнына түсу немесе тағылымдамадан өту үшін қажетті көлемде игермесе, ол тағылымдаманы өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың ұсынымы негізінде Республикалық комиссияның шешімі бойынша «Болашақ» стипендиясы бойынша ол одан әрі академиялық оқу не тағылымдамадан өту құқығынан айырылады және Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап оған жұмсалған шығыстардың барлығын өтейді.
26. Конкурстың ағымдағы жылғы турларының біреуінен өтпеген үміткердің ағымдағы жылғы конкурсқа қайта қатысуына жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
27. Конкурс жеңімпазы Республикалық комиссия оған «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде Әкімшімен Жұмыс органы бекіткен үлгілік нысандар бойынша оқыту шартын/тағылымдамадан өту туралы шарт (бұдан әрі - шарт) жасасады, онда міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) шарттың нысанасы;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;
3) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда конкурс жеңімпазын оқытуға/тағылымдамадан өтуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету тәсілі;
4) «Болашақ» стипендиясы бойынша оқытудың/тағылымдамадан өтудің мерзімі мен шарттары;
5) конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуын аяқтағаннан не тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасына міндетті түрде оралуы және «Болашақ» стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан күнінен бастап үздіксіз бес жыл (осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін - үш жыл) жұмыс істеуі туралы шарт:
осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыс берушілерден ұсыным хат берген осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасының ұйымдарында не акциялары Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда;
осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген ғылыми не педагог қызметкерлер үшін - өтінімге сәйкес өздері жіберілген ұйымдарда;
осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы және осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген мемлекеттік қызметшілер үшін - өтінімге сәйкес мемлекеттік қызметте одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздері жіберілген мемлекеттік органда не шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында;
6) конкурс жеңімпазы өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Жұмсау бағытында көзделген шығыстарды қаржыландыруды тоқтата тұру туралы шарт;
7) еңсерілмес күш жағдайларының туындауы салдарынан конкурс жеңімпазын өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату туралы шарт;
8) Жұмыс берушінің осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген үміткерлер үшін жұмыс орнын (лауазымын) міндетті сақтау бойынша шарт;
9) еңбек қызметін жүзеге асыруын растайтын құжаттарды ұсыну міндеттілігі туралы шарт.
28. Конкурс жеңімпазы осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген мерзімде шарт жасамаса, сондай-ақ шарт бойынша ол өзінің міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда конкурс жеңімпазын «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселені Республикалық комиссияның қарауына бастамашылық жасалады.
29. Шарт конкурс жеңімпазының оқуын/тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша «Болашақ» стипендиясы тағайындалған күннен бастап Жұмсау бағытына сәйкес туындаған барлық шығыстарды төлеуге байланысты ақшаны аудару үшін негіз болып табылады.
30. Шарт жасалғаннан және осы Қағидалардың 27-тармағының 3) тармақшасындағы талаптар орындалғаннан кейін конкурс жеңімпаздарын шетелдік жоғары оқу орындарына, шетелдік ұйымдарға оқуға/ тағылымдамаға жіберу және осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес ақшаның аударылуы қамтамасыз етіледі.
31. Конкурс жеңімпазы «Болашақ» стипендиясынан бас тартса не оны одан айырған жағдайда, Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап оған жұмсалған барлық шығыстарды тұрақсыздық айыбын (айыппұл) қоса алғанда Республикалық комиссияның шешімі бойынша өтеуге тиіс.
Егер «Болашақ» стипендиясынан бас тарту не одан айырылу еңсерілмес күш, атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыс қимылдары, блокадалар, медициналық-әлеуметтік сараптаманың тиісті анықтамасымен расталған стипендия иегерінің ауруы, заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік органдардың актілер шығаруы мән-жайының және басқа да мән-жайлар туындауының салдары болып табылса, егер шарттық міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, мұндай әсер етуге кедергі болу мүмкін болмаған және қолданылуын қалыптасқан жағдайлардан күтуге болатын барлық ықтимал шаралар мен әрекеттер қабылданған жағдайда «Болашақ» стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдар шығыстарды өтеуден және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды) төлеуден босатылады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
№ 573 қаулысына
қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау
бағыттары
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыты (бұдан әрі - «Болашақ» стипендиясы) «Болашақ» стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарының (бұдан әрі - конкурс жеңімпазы) оқуын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды төлеуді қамтиды:
визаларды (консулдық алымды) ресімдеу, ұзарту; шетелдік жоғары оқу орындарына 5-тен (бес) аспайтын сауалнама нысандарын ресімдеу және тапсыру; конкурс жеңімпаздарын қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында және шетелдік жоғары оқу орындарында тіркеу; шет тілін білу деңгейін айқындауға бір тестілеуді, академиялық оқуды, тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша олардың өтуі қажет болған жағдайда тілдік курстар; академиялық және техникалық даярлық деңгейін анықтау бойынша академиялық оқуға түсу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының талаптары бойынша қажетті пәндік емтихандарды бір реттен көп емес тапсыру; академиялық оқуға, тілдік курстарға түсу кезінде, сондай-ақ тілдік даярлық, академиялық оқыту, конкурс жеңімпазының тағылымдамасы процесінде қажетті тағылымдамаларды, тілдік курстарды (бұдан әрі - тілдік мектеп) өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі - шетелдік ұйым) талаптары бойынша міндетті қызметтер; оқу елінде тұру және тамақтану, тілдік курстан, тағылымдамадан өту, оқу әдебиетін сатып алу; тілдік курстардан, академиялық оқудан, тағылымдамадан өту елінің және/немесе шетелдік жоғары оқу орнының, тілдік мектептің, шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеріс; конкурс жеңімпазының банк карточкасын жасау, қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қайта шығару және оған қызмет көрсету; шет мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі - шетелдік әріптестер) айқындайтын шетелдік жоғары оқу орындарының, тілдік мектептердің немесе шетелдік ұйымдардың конкурс жеңімпазының үлгерімі туралы ресми құжаттарды (транскрипттерді) беруі; жазатайым оқиғалар мен кенеттен ауру пайда болудан шетелдік студенттер үшін көзделген медициналық сақтандыру; академиялық оқуы не тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуі басталған сәттен бастап «Болашақ» стипендиясы тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін және тілдік курстарды, академиялық оқуды аяқтағаннан не тағылымдамадан өткеннен кейін кері бағытта жол жүру, академиялық оқудың ұзақтығы 1 (бір) оқу жылынан асатын болса, Қазақстан Республикасында тұратын жерінен оқудың әрбір оқу жылының басында оқитын жеріне дейін жол жүру және оқуының әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін кері бағытта жол жүру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда, академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту орнынан және кері бағытта жол жүру үшін ақы; шетелдік әріптестердің конкурс жеңімпаздарының академиялық оқуын, тілдік курстарын, тағылымдамаларын ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету шарттары бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстары.
2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі шет елдердің тиісті мемлекеттік органдары, шетелдік жоғары оқу орындары, тілдік мектептер, ғылыми ұйымдар, ғылыми әріптестер және/немесе статистикалық, рейтингтік және өзге де тиісті ұйымдар ұсынған құжаттардың және/немесе өзге де ақпараттың негізінде тамақтану, тұру, оқу әдебиеттерін сатып алу шығыстарының нормаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ конкурс жеңімпазының Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу бойынша; тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру көлігінің түрі мен класын айқындайды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы шығыстарының осы бағыттарының 1-тармағында көзделген өзге де шығыстар қызмет көрсетуші ұйымдар беретін растау құжаттарының негізінде төленеді.