71) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимыл;
72) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 73) тармақша жаңа редакцияда (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
73) әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындау;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 74) - 114) тармақшалармен толықтырылды
74) - 78) тармақшалары (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
74) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін белгілеу;
75) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін қатынастарда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсілмен қатысу тәртібін белгілеу;
76) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші қорытындысының үлгі нысандарын бекіту;
77) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекіту;
78) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту;
79) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын) келісу;
80) бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру;
81) бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
82) тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар жобаларын әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсыну;
83) бюджеттік қаржыландыру көлемімен қамтамасыз етілу бөлігінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын келісуді жүзеге асыру;
84) бюджеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
85) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, оның жасалу тәртібін, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын әзірлеу және бекіту;
86) бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
87) Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
88) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді қарауы және олар бойынша қорытындылар дайындау;
89) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларының құрамында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттар міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан қарау;
90) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалардың жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің функцияларына, өкілеттіліктеріне, бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
91) Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларының жобаларын әзірлеу;
92) төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу;
93) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) және секвестрлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
94) бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бюджет түсімдерін бөлу кестесін әзірлеу және бекіту;
95) нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу және Министрліктің құзыреті шегінде олар бойынша қорытынды ұсыну;
96) бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелердің, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеудің қажетті сараптамаларын жүргізуге қорытындылар қалыптастыру;
97) Республикалық бюджет комиссиясының қарауына бюджеттен концессиялық жобаны қоса қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізу;
98) қоса қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаларды бюджет жобасына іріктеу;
99) Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
100) - 114) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізілді
100) құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
101) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
102) Министрліктің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
103) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеу және бекіту;
104) құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
105) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын жабу және ашу, жүргізу және жабу тәртібін бекіту;
106) бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібін бекіту;
107) бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін бекіту;
108) нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін бекіту;
109) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспарын бекіту;
110) кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу тәртібін бекіту;
111) бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту;
112) бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту;
113) электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту;
114) тіркелген активтердің келіп түсуі және шығуы кезінде құнын айқындау тәртібін бекіту;
ведомстволарының функциялары:
1) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
2) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы деректерді жасау;
4) республикалық бюджет бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау;
5) республикалық бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді жасау;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау;
7) жеке тұлғаларға арналған арнайы мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда, капиталдың ішкі нарығындағы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер түріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару;
8) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептік деректерді тұрақты және жүйелі жеткізу бөлігінде бюджеттік мониторингті және міндеттемелерді уақтылы қабылдамау, республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша (сыртқы қарыз алу мен кредиттеуді ескерусіз) төлемдерді уақтылы жүргізбеу себептерін анықтау мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен ақпарат жинауды жүзеге асыру;
9) мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды ашу, жүргізу және жабу;
10) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу;
11) бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындау;
12) мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу;
13) бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;
14) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу;
15) бюджетке түсетін түсімдерді есепке алудың толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету;
16) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін аударымдарды есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі шотына аудару;
17) кейін қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарына есепке жатқыза отырып, бюджеттер деңгейінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары арасында түсімдер сомасын бөлу;
18) ақша қаражатын Кеден одағының қолма-қол ақшасын бақылау шотынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылған шоттарына аудару;
19) кедендік баж сомалары бойынша ақпаратты дайындау және Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу;
20) операцияларды шетелдік валютада жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу;
21) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік қарыздарды тіркеуді және есепке алуды, оның кепілдіктері мен кепілдемелері бойынша міндеттемелерді мемлекеттің орындауына байланысты талаптарын жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелері бойынша төлемдерді есепке алу және жүргізу рәсімдерін және үкіметтік сыртқы қарыз алу, байланысты гранттар және бірлесіп қаржыландыру қаражаты шоттарынан қаражат алу операцияларын жүзеге асыру;
23) бюджеттік кредиттеу нәтижесінде туындайтын үкіметтік талаптар бойынша борыштық міндеттемелерді есепке алуды қамтамасыз ету;
24) бюджеттен түсімдер сомасын қайтару жөніндегі салықтық және уәкілетті органдардың төлем құжаттарын орындау не оларды салық берешектерін өтеу есебіне есепке жатқызу;
25) инкассалық өкімдерді орындауға қызмет көрсету;
26) бюджет ақшасын басқару;
27) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшаларын орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша республикалық бюджетке сыйақылар (мүдде) көлемін болжамдау;
28) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша валюта түрлері бойынша ұлттық және шетел валютасында төлемдерді және ақшалай аударымдарды жүзеге асыру;
29) мемлекеттік мекемелер ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарларына, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, төлеуге ұсынылатын шоттардың, азаматтық-құқықтық мәмілелердің бюджет заңнамасына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру;
30) квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынатын төлем тапсырмаларына тексеруді жүзеге асыру;
31) мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
32) мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есепке алынуының дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
33) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаның шығыстары бойынша операциялардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
34) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің тоқсандық және жылдық бюджеттік есептіліктерін қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;
35) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы кезінде мемлекеттік мекемелер төлемдерінің жүзеге асырылуын тоқтата тұру;
36) кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеу аясындағы саясатты қалыптастыруға қатысу;
37) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, экономикалық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
38) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге уәкілетті экономикалық операторларды да енгізу туралы шешім қабылдау;
39) өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік аумағындағы зияткерлік меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
40) зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау;
41) кедендік әкімшілендіруді Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
42) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда-саттық кедендік статистикасын және арнайы кедендік статистикасын жүргізу;
43) егер мұндай ақпарат оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешу үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) және басқа да жабық ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының тәртібінде және талаптарын сақтай отырып, ақпаратты мемлекеттік органдарға беру;
44) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызмет қатысушыларының тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар болуын қамтамасыз ету;
45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік бақылау ақпараттық жүйелерін, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, жасау және пайдалану;
46) кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялардың жүргізілуін оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасау;
47) тауарларды Кеден одағы тауарларының мәртебесін алмайтын орналастыру кезінде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру;
48) төмен тұрған кеден органының және кеден органы лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;
49) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кеден ісі саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасауда күдікті адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасының кеден немесе өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізу;
50) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтардың, оның ішінде белгіленген мерзімде бюджетке төленбеген сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны өндіріп алу;
51) өз құзыреті шегінде Кеден одағы кедендік шекарасының қорғалуын және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
52) тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру;
53) тауарлардың шыққан елі туралы алдын ала шешім қабылдау;
54) тауарлардың Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс сыныпталуын тексеру;
55) Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтардан босату ұсынылатын құжаттарды қарау;
56) өз құзыреті шегінде кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыру;
57) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде радиациялық бақылау жүргізу;
58) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша тергеуді жүзеге асыру;
59) өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және оны анықтау жөніндегі жұмыс жүргізу;
60) жедел-іздестіру қызметін Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
61) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
62) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеден органдарының лауазымды адамдарын және олардың отбасы мүшелерін заңсыз іс-қимылдардан қорғау;
63) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыру;
64) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;
65) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
66) тәуекелдерді бағалау және оларды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
67) мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер бойынша және кеден органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша консультациялар беруді жүзеге асыру;
68) келіп түсетін кеден ісі саласындағы сұрау салулар мен ұсыныстардан туындайтын жауаптарды уақтылы қарау және беру немесе өзге де іс-қимылдарды қамтамасыз ету;
69) оларға қатысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарынан сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын қазақстандық тауарларды қайта экспорттауға рұқсат беру;
70) Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 70-1) - 70-28) тармақшалармен толықтырылды
70-1) - 70-7) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізілді
70-1) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тексеру;
70-2) экономикалық және қаржылық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру;
70-3) өз құзыретінің мәселелері бойынша жалпы республикалық, өңірлік жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асыру және жүргізу, қолда бар күш пен құралдарды пайдалану жөнінде оңтайлы шешімдер тұжырымдау, мемлекеттік кірістер аумақтық органдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету, оң жұмыс тәжірибесін жинақтау мен тарату;
70-4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, анықтау және алдын ала тергеу, мемлекеттік кірістер органдарының жедел-іздестіру, әкімшілік, тергеу қызметі мен анықтау практикасына талдау жасау, республикадағы жедел жағдайға болжам жасау, мемлекеттік кірістер органдарының араласуын талап ететін мәселелер бойынша жедел әрекет ету шараларын қабылдау;
70-5) мемлекеттік кірістер органдарының қарамағына жатқызылған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша адамдарды, соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесіне орай қойылған талап-арыздар бойынша жауапкерлердің жүрген жері белгісіз болған кезде оларды іздестіруді жүзеге асыру;
70-6) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар қызметінде шетелдік мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасасу және өз құзыреті шегінде қатысу;
70-7) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
70-8) - 70-28) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізілді
70-8) кеден өкілінің кеден органдарына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілік ұсыну тәртібін бекіту;
70-9) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту және кеден органдарына осындай тауарларды, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тасымалдау туралы есептілік ұсыну;
70-10) сақталатын тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту және кеден органдарына олар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну;
70-11) кеден қоймасында сақталатын тауарларды есепке алу тәртібін бекіту және кеден органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну;
70-12) кеден органдарының еркін қоймалардың иелерімен өзара қарым-қатынас тәртіптерін бекіту;
70-13) кеден органдарының арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен өзара қарым-қатынас тәртіптерін бекіту;
70-14) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексімен және Кеден одағының Кеден кодексімен реттелмеген бюджеттен артық (қате) төленген кеден баждарының, салықтардың, өсімпұлдардың немесе артық өндіріліп алынған сомаларын бюджетке аудару, қайтару қағидаларын бекіту;
70-15) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексімен реттелмеген бөлігінде бюджетке кеден баждарының, салықтардың, кеден салымдарының және өсімпұлдардың түсімдерін есепке алу тәртібін, сондай-ақ төлеушінің жеке шоттарын жүргізуді бекіту;
70-16) кеден баждарын, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді кеден органдарында есепке алу тәртібін бекіту;
70-17) әкелінетін кеден баждарының артық (қате) төленген немесе артығымен өндіріліп алынған сомаларын, салық және кеден салымдарын, аванстық төлемдер сомаларын, кеден баждарын төлеуді қамтамасыз ету сомаларын, салықтарды қайтару (есептеу) тәртібін бекіту;
70-18) әкетілетін кеден баждарының артық (қате) төленген немесе артығымен өндіріліп алынған сомаларын қайтару (есептеу) тәртібін бекіту;
70-19) кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және оларды қолдану тәртібін бекіту;
70-20) кедендік бақылау мақсаты үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін бекіту;
70-21) кедендік бақылауда тұрған тауарларды есепке алу тәртібі мен нысанын бекіту;
70-22) Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін бекіту;
70-23) ұсталған тауарларды сақтау бойынша шығыстардың орнын толтыру тәртібін бекіту;
70-24) тауарларды іске асыру, жою немесе өзге де пайдалану тәртібін бекіту;
70-25) кедендік сүйемелдеу тәртібін бекіту;
70-26) тауарлардың сынамалары мен үлгілерін кеден органдары лауазымды адамдарының іріктеуі тәртібін бекіту;
70-27) кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазарту жасауы тәртібін бекіту;
70-28) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату тәртібін бекіту;
71) өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіруді және түсініктеме беруді жүзеге асыру;
72) мынадай:
салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
салық нысандарын қабылдау;
камералды бақылау;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен бесінші абзацы жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
салықтық тексеру;
ірі салық төлеушілердің мониторингі;
салықтық тексерістер;
бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;
акцизделетін тауарларды бақылау;
трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
мемлекеттің меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;