2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 438-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
438-бап. Iстердi талап етіп алдырудың және заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қарау негiздерi
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кассациялық соттың судьялары азаматтық істі кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдырады.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары не олардың тапсырмасы бойынша облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры азаматтық істі кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.
Азаматтық істі прокурордан талап етіп алдыру жағдайында кассациялық сатыдағы соттың кассациялық шағым түсуіне байланысты істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуы іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде прокурордың орындауына жатады.
2. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сот iстi талап етіп алдыру туралы сұрау салуды ол сотқа келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей орындайды.
Прокурор істі талап етіп алдырған жағдайда, кассациялық наразылық келтiру туралы өтiнiшхатты прокурор iс прокуратураға келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
5. Заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
6. Мыналар:
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қабылданған қаулының орындалуы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соғуы мүмкін болатын жағдайларда;
2) қабылданған қаулы адамдардың әлдеқандай тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын жағдайларда;
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайларда, осы Кодекстің 434-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
439-бап. Наразылық келтіру
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры наразылық келтіреді және оны iспен және өтiнiшхатпен бiрге кассациялық сотқа жібереді.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы наразылықтың көшiрмелерiн iске қатысатын адамдарға жібереді.
440-бап. Наразылықтың мазмұны
Наразылықта:
1) наразылық келтірілетін соттың атауы;
2) наразылық келтірілетін сот актiлерiне нұсқау;
3) сот актiлерi шығарылған iстiң мәнi жазылуға;
4) заңсыз сот актiсiн шығаруға әкелген материалдық не процестік құқық нормаларының елеулi бұзылуы нені білдіретініне нұсқау;
5) наразылық келтірген лауазымды адамның ұсынысы немесе түйіндері болуға тиіс;
6) осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша наразылық келтірілген жағдайларда, наразылықта сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің айрықшалығы неде екені көрсетілуге тиiс;
7) наразылыққа осы Кодекстің 439-бабының екінші бөлігі талаптарының орындалғанын растайтын құжат қоса беріледі.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 441-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
441-бап. Сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағымның және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттың мазмұны
1. Кассациялық сотқа берілетін сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағымда және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларына берілетін кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатта:
1) кассациялық шағым немесе өтінішхат жіберіліп отырған соттың немесе лауазымды адамның атауы;
2) кассациялық шағымды немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатты беретін тұлғаның және олар мүддесі үшін беріліп отырған тұлғаның атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері және істегі процестік жағдай;
3) іске қатысатын тұлғалардың тұрғылықты жерлері немесе орналасқан жерлері көрсетіліп, оларды санамалау;
4) істі бірінші, апелляциялық сатыларда қараған соттарға нұсқау және олар қабылдаған шешімдердің мазмұны;
5) қайта қарауға, наразылық келтіруге жататын сот актісіне нұсқау;
6) материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуы неде екендігіне және шағымды немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатты беретін тұлғаның өтініші неден тұратындығына нұсқау қамтылуға тиіс;
7) осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша наразылық келтіру туралы өтінішхат берілген жағдайда, өтінішхатта сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің айрықшалығы неде екендігі көрсетілуге тиіс;
8) өкіл берген кассациялық шағымда, наразылық келтіру туралы өтінішхатта талап негізделетін заң нормасына сілтеме қамтылуға тиіс.
2. Егер кассациялық шағым немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат іске қатыспаған тұлғаның мүддесі үшін берілсе, оларда дау айтылып отырған сот актісінде осы тұлғаның қандай құқықтарының бұзылғаны көрсетілуге тиіс.
3. Егер кассациялық шағым бұрын кассациялық сатыдағы сотқа берілсе және қайтарылған болса, шағымда оның қайтарылу себептері көрсетілуге тиіс.
4. Кассациялық шағымды немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатты берген тұлға оларға қол қоюға тиіс. Шағым немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат электрондық құжат нысанында берілген кезде олар беретін тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Кассациялық шағымға, наразылық келтіру туралы өтінішхатқа өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат қоса беріледі. Электрондық құжат нысанында берілетін шағымға немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатқа құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса беріледі.
5. Сот актісіне дау айту туралы кассациялық шағымға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 442-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
442-бап. Кассациялық шағымды немесе прокурордың наразылығын қайтару
1. Кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы мынадай негіздер бойынша:
1) кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы осы Кодекстің 435-бабы 1-1-бөлігінің, 440 және 441-баптарының талаптарына сәйкес келмесе;
2) кассациялық шағымды немесе прокурордың наразылығын осы Кодекстің 435-бабына сәйкес заңды күшіне енген осы сот актісіне дау айтуға, наразылық келтіруге құқығы жоқ тұлғалар берсе;
3) кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы осы Кодекстің 436-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе және оны қалпына келтіру үшін дәлелді себептер болмаса;
4) кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы қаралғанға дейін олар кері қайтарылып алынса;
5) кассациялық шағымнан бас тартуға байланысты кассациялық сатыдағы сотта іс бойынша кассациялық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда;
6) кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы кассациялық сатыдағы сотқа осы Кодексте белгіленген шағым жасау тәртібі бұзыла отырып берілсе;
7) кассациялық сатыдағы соттың осы процеске қатысушының шағымы бойынша кассациялық шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулысы болса;
8) сот актісіне дау айту туралы кассациялық шағымға мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілмесе, оларды берген тұлғаларға қайтарылуға жатады.
2. Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағымды немесе прокурордың наразылығын осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қайтару туралы қаулы шығарады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген қалған жағдайларда шағым немесе наразылық бес жұмыс күні ішінде судьяның хатымен қайтарылады.
3. Кассациялық шағымды немесе прокурордың наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған кезде олар жалпы негіздер бойынша қайтадан берілуі мүмкін.
4. Егер өтініш беруші осы құқықты іске асырмаса, осы Кодекстің 112-бабының бірінші бөлігінде санамаланған адамдар осы Кодекстің 441-бабының талаптарын сақтай отырып өтінішхат берген жағдайлардан басқа ретте, прокурор кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатты өтініш берушіге сот актісін тікелей кассациялық сатыдағы сотта кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым беруі үшін қайтаруға құқылы.
443-бап. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
444-бап. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
445-бап. Кассациялық сатыдағы соттың сот отырысын тағайындау
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Кассациялық сатыдағы сот істі алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай әрекеттерді жасайды:
1) тараптарға кассациялық сатыда қарау үшін кассациялық шағымның, прокурор наразылығының қабылданғаны туралы хабарлама жібереді;
2) іске қатысатын тұлғаларға кассациялық шағымның, наразылықтың және оларға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін не олардың электрондық көшірмелерімен соттың интернет-ресурсы арқылы танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді;
3) тараптарға ұсыну мерзімін көрсете отырып, кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында пікір беру тәртібін түсіндіреді;
4) осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес тараптарды татуласу рәсімдеріне қатысу құқығы туралы хабардар етеді.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Іс ақылға қонымды мерзімде, бірақ сотқа келіп түскен күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қаралуға тиіс.
3. Кассациялық сатыдағы соттың істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған іске қатысатын адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 446-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
446-бап. Сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір
1. Іске қатысатын тұлға сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына пікірін қайта қаралуға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, іске қатысатын басқа да адамдарға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді.
Өкіл сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына пікірін қайта қаралуға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қарсылықтарға негіз болған дәлелдемелер мен заң нормаларына сілтеме жасап, іске қатысатын басқа да тұлғаларға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді.
Іске қатысатын басқа да тұлғаларға пікірдің көшірмелері жіберілгенін растайтын құжатта пікірге қоса беріледі.
2. Пікір сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымның немесе прокурор наразылығының көшірмесі алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
3. Пікірге іске қатысатын тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Пікір электрондық құжат нысанында берілген кезде ол оны беретін тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Пікірге өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат қоса беріледі. Электрондық құжат нысанында берілетін пікірге құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
447-бап. Татуласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Кассациялық шағым немесе наразылық берілгеннен кейін жасалған тараптардың татуласу келісімі, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім кассациялық сатыдағы сотқа жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс.
Сотқа қатысып отырған екі тарапта татуласу туралы өтініш берген жағдайда, татуласу рәсімін алқалы құрам судьяларының бірі өтінішхат берілген күні өткізеді.
Тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді сот осы Кодекстің 179 және 181-баптарының қағидаларына сәйкес қабылдайды.
Сот отырысында сот тараптардың татуласу келісімін, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіткенге дейін тараптарға олардың процестік әрекеттерінің салдарларын түсіндіреді.
2. Тараптардың татуласу келісімін, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту кезінде кассациялық сатыдағы сот сот актілерінің күшін жояды және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 448-бап өзгертілді
448-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы кассациялық сот төрағасының ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры кассациялық тәртіппен тексеру үшін сот актісінің орындалуын алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Сот актісінің орындалуын тоқтата тұру қажеттілігі өткен соң тоқтата тұру туралы қаулының күші жойылады.
Сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы немесе тоқтата тұрудың күшін жою туралы қаулы әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және тараптарға жіберіледі (тапсырылады).
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 449-бап өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
449-бап. Істi кассациялық тәртіппен қарау нысанасы және шектерi
1. Iстi кассациялық тәртiппен қарау кезiнде сот iстегі материалдар бойынша кассациялық шағымның, наразылықтың дәлелдерi шегiнде соттар шығарған сот актiлерiнiң заңдылығын тексередi.
2. Кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесiнде кассациялық шағымның немесе наразылықтың шегiнен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы.
450-бап. Істi кассациялық сатыдағы соттың қарау тәртібі
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Төрағалық етушi сот отырысын ашады және қарауға жататын істі, соттың құрамын және іске қатысатын, сот отырысы залында отырған адамдарды жариялайды, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген кассациялық шағым берген адамның, прокурордың болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мәлімделген өтінішхаттар шешілгеннен кейін сот кассациялық шағым, наразылық берген адамды тыңдайды.
4. Кассациялық сатыдағы сот прокурорға кассациялық сатыда қаралуға жататын барлық істер туралы уақтылы хабарлайды.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Кассациялық шағым берген адам, прокурор өздерінің пiкiрi бойынша дау айтылатын сот актісі заңсыз болып табылатын уәждер мен дәлелдерді жазып бередi. Төрағалық етушi содан кейiн сот белгiлейтін тәртiппен iске қатысатын басқа да тұлғаларға сөз бередi. Олар сөз сөйлегеннен кейiн прокурор, егер ол сот отырысына қатысып отырған болса, iс бойынша қорытынды бередi.
451-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кассациялық шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша кассациялық сатыдағы сот қаулы шығарады.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кассациялық сатыдағы сот бөтен адамдардың болуын және кеңес құпиясының жария етілуін болғызбайтын жағдайларда мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымын, қаулысын - күшінде, ал кассациялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымының, қаулысының күшiн жояды және бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын, шешімін күшінде қалдырады;
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстің 427-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауға жібереді;
4) 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) бірінші сатыдағы сот ұйғарымының, шешімінің, апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымы мен қаулысының күшін толық не бір бөлігінде жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді не, егер іс апелляциялық сатыдағы сотта немесе мәні бойынша қаралмаған болса, бірінші сатыдағы сотқа жібереді;
6) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін толық не бір бөлігінде жояды және татуласу келісімінің, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің бекітілуіне байланысты осы Кодекстің 277-бабында белгіленген негіздер бойынша iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады не осы Кодекстің 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арызды қараусыз қалдырады;
7) бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың шағым жасаудың процестік мерзімдерін қалпына келтіру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарының күшін жояды және апелляциялық шағымды қарау үшін істі апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді;
8) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімін, ұйғарымын, қаулысын өзгертеді немесе бiрiншi сатыдағы сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының немесе апелляциялық сатыдағы сот қаулысының, ұйғарымының күшін толық не бір бөлігінде жоя отырып, егер істің мән-жайын бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот толық және дұрыс анықтаған, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей жаңа сот актісін шығарады;
9) кассациялық қаулы осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша қайта қаралған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінің 1) - 8) тармақшаларында көзделген процестік шешімдердің бірін қабылдай отырып, оны өзгеріссіз қалдырады, оның күшін жояды не өзгертеді.
3. Сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға жіберілген кезде кассациялық сатыдағы сот белгілі бір дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі туралы, бір дәлелдеменің басқалардың алдындағы басымдығы туралы, материалдық құқықтың қандай нормасы қолданылуға тиіс екендігі туралы, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешім шығарылуға тиіс екені туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес.
4. Кассациялық сатыдағы сот сот актілерінде көрсетілмеген не ол жоққа шығармаған мән-жайларды белгілеуге немесе дәлелденген деп есептеуге құқылы емес.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 4-1-бөлікпен толықтырылды
4-1. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында жазылған процестік әрекеттерді жасау қажеттігі туралы нұсқаулар сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға берілген жағдайда істі жаңадан қарайтын сот үшін міндетті.
5. Егер сот дұрыс шешім қабылдаған, бірақ осы Кодекстің 427-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген бұзушылықтарға жол берілген жағдайда, қаулыда уәждер, материалдық және процестік құқық нормалары көрсетіледі, оларға сәйкес сот актілері өзгеріссіз қалдырылады.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Қаулының қарар бөлігі сот отырысы залында жария етіледі.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қаулы түпкілікті нысанда он жұмыс күні ішінде дайындалуға тиіс.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібере отырып, кассациялық сатыдағы қаулының күшін жойған жағдайда істі кассациялық сатыда қарау осы баптың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
452-бап. Кассациялық сатыдағы сот қаулысының мазмұны
1. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысына iс бойынша шешiм қабылдаған барлық судьялар қол қояды.
2. Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 235 және 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселені қарауға, кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарған қаулыны түсiндiруге құқылы, бұл туралы ұйғарым шығарылады, ал осы Кодекстің 236-бабында көзделген жағдайда және тәртіппен қосымша қаулы шығарылады.
453-бап. Кассациялық сатыдағы сот қаулысының заңды күшiне енуi
Кассациялық сатыдағы сот қаулысы ол жарияланған күнінен бастап заңды күшiне енедi.
454-бап. Сот шешiмiнiң, ұйғарымының, қаулысының күшi жойылғаннан кейiн iстi қарау
1. Кассациялық тәртiппен сот актiлерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жалпы тәртiппен қаралуға жатады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бұрын жасалған сот актiлерiнің апелляциялық немесе кассациялық тәртiппен күшi жойылғаннан кейiн шығарылған жаңа сот актiлерiне кассациялық шағым, наразылық, прокурордың өтінішхаты олардың күшiн жою уәждеріне қарамастан, жалпы негiздерде берiлуi, келтiрiлуi мүмкiн.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 54-1-тараумен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
54-1-тарау. Сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
454-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауының негіздері
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер:
1) қабылданған сот актілері адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкелуі мүмкін болса;
2) қабылданған сот актілері тұлғалардың айқындалмаған тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзса;
3) қабылданған сот актілері соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін.