302-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру
303-бап. Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу
304-бап. Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу
305-бап. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру
306-бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету
307-бап. Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру
308-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту
309-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық
310-бап. Дәрiлiк немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау
311-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату
312-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту
313-бап. Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату
314-бап. Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау
315-бап. Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою
316-бап. Жануарларға қатыгездiк жасау
12-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
317-бап. Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы
318-бап. Клиникалық зерттеулер жүргiзу тәртiбiн және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдану тәртiбiн бұзу
319-бап. Заңсыз түсік жасау
320-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу
321-бап. Дәрiгерлiк құпияны жария ету
322-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретiн рецептілердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не оларды қолдан жасау
323-бап. Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу
13-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
324-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу
325-бап. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
326-бап. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
327-бап. Ветеринариялық қағидаларды немесе өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды бұзу
328-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу
329-бап. Атмосфераны ластау
330-бап. Теңiз ортасын ластау
331-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу
332-бап. Жердi бүлдiру
333-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу
334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану
335-бап. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу
336-бап. Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу
337-бап. Заңсыз аңшылық
338-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу
339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу
340-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
341-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу
343-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шаралар қолданбау
14-тарау. КӨЛIКТЕГI ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
344-бап. Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу
345-бап. Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы
346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру
347-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу
348-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару
349-бап. Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру
350-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру
351-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу
352-бап. Пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату
353-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу
354-бап. Магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
355-бап. Құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату
356-бап. Құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату
357-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi
358-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру немесе осындай адамның басқаруына жол беру
359-бап. Басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру
360-бап. Халықаралық ұшу қағидаларын бұзу
15-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ МҮДДЕЛЕРIНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
361-бап. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану
362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктердi асыра пайдалану
363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерiн иемденіп алу
364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
366-бап. Пара алу
367-бап. Пара беру
368-бап. Парақорлыққа делдал болу
369-бап. Қызметтiк жалғандық жасау
370-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк
371-бап. Салғырттық
16-тарау. БАСҚАРУ ТӘРТIБIНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
372-бап. Мемлекеттік рәміздерді қорлау
373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау
374-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу
375-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау
376-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау
377-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметіне кедергi жасау
378-бап. Билік өкiлiн қорлау
379-бап. Билік өкіліне бағынбау
380-бап. Билік өкiлiне қатысты күш қолдану
381-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның заңды талаптарын орындамау
382-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету
383-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды иемдену немесе өткiзу
384-бап. Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi жымқыру, жою, бүлдіру немесе жасыру
385-бап. Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу
386-бап. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу
387-бап. Әскери қызметтен жалтару
388-бап. Жұмылдыруға шақырылудан жалтару
389-бап. Өзiнше билiк ету
390-бап. Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу
391-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын заңсыз көтеру
392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту
393-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау
394-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру
395-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу
396-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын құқыққа қайшы өзгерту
397-бап. Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану398-бап. Байланыс желiлерi мен құрылыстарын, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу
398-бап. Байланыс желiлерi мен құрылыстарын, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу
399-бап. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану
400-бап. Жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу
401-бап. Соғыс уақытында немесе төтенше жағдай кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, ұйымның жұмысына кедергi жасау
402-бап. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер
403-бап. Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың қызметiне заңсыз араласуы
404-бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бiрлестiктер құру, олардың қызметiне басшылық ету және қатысу
405-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу
406-бап. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарына жәрдем көрсету
17-тарау. СОТ ТӨРЕЛIГIНЕ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТIБIНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау
407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау
408-бап. Сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның өмiрiне қол сұғу
409-бап. Сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi
410-бап. Сотты құрметтемеу
411-бап. Судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу
412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
413-бап. Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату
414-бап. Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау
415-бап. Айғақтар беруге мәжбүрлеу
416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау
417-бап. Парамен коммерциялық сатып алуға не парақорлыққа арандату
418-бап. Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн шығару
419-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу
420-бап. Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма
421-бап. Куәнің немесе жәбiрленушiнiң айғақтар беруден бас тартуы
422-бап. Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу
423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерiн жария ету
424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету
425-бап. Тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер
426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзетпен ұстаудан қашу
427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару
428-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау
429-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу
430-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау
431-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару
432-бап. Қылмысты жасырып қалу
433-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру
434-бап. Қылмыс туралы хабарламау
435-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау
436-бап. Азаматтың алқаби міндетін орындауына кедергі жасау
18-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
437-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу
439-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттерi
440-бап. Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынасының жарғылық қағидаларын бұзу
441-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
442-бап. Қашқындық
443-бап. Әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту
444-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару қағидаларын бұзу
445-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бұзу
446-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу
447-бап. Iшкi қызмет атқарудың немесе гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзу
448-бап. Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзу
449-бап. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу
450-бап. Билiктi терiс пайдалану
451-бап. Билiктi асыра пайдалану
452-бап. Биліктің әрекетсіздігі
453-бап. Қызметке салғырт қарау
454-бап. Батып бара жатқан әскери корабльді тастап кету
455-бап. Соғыс жүргiзу құралдарын қарсыласқа беру немесе қалдырып кету
456-бап. Тұтқынға өз еркiмен берiлу
457-бап. Морадерлік
458-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтер жеткізгіштерді жоғалту
459-бап. Әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру
460-бап. Әскери мүлiктi абайсызда жою немесе бүлдiру
461-бап. Әскери мүлiктi жоғалту
462-бап. Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу
463-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу
464-бап. Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу
465-бап. Корабль жүргiзу қағидаларын бұзу
466-бап. Адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, әскери ұшу аппаратын басқаруы, әскери техниканы осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
467-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Жалпы бөлік
1-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы Қазақстан Республикасының осы Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске енгiзілгеннен кейiн ғана қолданылуға жатады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады. Осы Кодекстің конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын нормалары заңдық күшін жояды және қолданылуға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының құрамдас бөлігі болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетіннен басқа жағдайларда олар тікелей қолданылады.
2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi
1. Осы Кодекстiң мiндеттерi: адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қандай қауiптi іс-әрекеттердің қылмыстық құқық бұзушылықтар, яғни қылмыстар немесе қылмыстық теріс қылықтар болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi.
3-бап. Осы Кодексте қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру
Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағыналары бар:
1) адамды қанау -
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кiнәлi адамның мәжбүрлi еңбекті, яғни адам оны орындау үшiн өз қызметтерiн ерiктi түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы талап етiлетiн кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы;
кiнәлi адамның алынған табыстарды иемденiп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелiкпен айналысуын немесе ол көрсететiн өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кiнәлi адамның осы мақсатты көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;
адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлiктi сұрауға байланысты қоғамға жат іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу;
кiнәлi адам және (немесе) басқа адам үшiн жұмыстарды және (немесе) көрсетiлетiн қызметтердi орындаудан өзiне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншiк иесiнің өкiлеттiктерiн кiнәлi адамның жүзеге асыруына байланысты өзге де әрекеттер;
2) айтарлықтай залал және айтарлықтай мөлшер - 198 және 199-баптарда - айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын залал мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілері даналарының немесе өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетiстiктер немесе интегралдық микросхемалар топологиялары қамтылған тауарлардың құны; 202-бапта - айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомадағы залал; 214-бапта - құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар саны; 218-бапта - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қылмыстық жолмен алынған ақша және (немесе) өзге мүлік; 233-бапта - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомада келтірілген залал; 325, 326, 328, 335, 337 және 342-баптарда - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі; өзге баптарда - айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомадағы залал мөлшері; 366 және 367-баптарда - елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны;
3) аса ірі залал және аса ірі мөлшер - 188, 189, 190, 191, 192, 194, 197, 202 және 204-баптарда - айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 214-бапта - сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 215 және 216-баптарда - азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен бес мың есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен елу мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 217-бапта - сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 229, 230-баптарда - айлық есептік көрсеткіштен жиырма мың есе асатын сомадағы залал; 234-бапта - он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, алып өткізілген тауарлардың құны; 245-бапта - елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 253-бапта - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 307-бапта - сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 337 және 343-баптарда - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі; 365-бапта - азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада келтірілген залал; 366 және 367-баптарда - он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; өзге баптарда - айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын сомадағы залал мөлшері;
4) ауыр зардаптар - осы Кодексте көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайлардағы мынадай зардаптар:
адам өлiмi; екі немесе одан да көп адамның өлiмi; жәбірленушінің немесе оның жақынының (жақындарының) өзiн-өзi өлтiруі; денсаулыққа ауыр зиян келтіру; екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру; адамдардың жаппай сырқаттануы, ауру жұқтыруы, сәулеленуі немесе улануы; халық денсаулығы мен қоршаған орта жай-күйінің нашарлауы; қаламаған жүктіліктің болуы; техногендік немесе экологиялық зілзаланың, төтенше экологиялық ахуалдың туындауы; ірі немесе аса ірі залал келтіру; жоғары қолбасшылық қойған міндеттерді орындамай қалдыру; мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіру, апаттар немесе авариялар; әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеті деңгейінің ұзақ уақыт төмендеуі; жауынгерлік міндеттерді орындамай қалдыру; жауынгерлік техниканың істен шығуы; келтірілген зиянның ауырлығын куәландыратын өзге де зардаптар;
5) әкімшілік-шаруашылық функциялар - ұйымның балансындағы мүлікті басқаруға және оған билік етуге Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен берілген құқық;
6) әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар - осы Кодекстің 18-тарауында көзделген, әскери қызмет атқарудың белгiленген тәртiбiне қарсы бағытталған, шақыру бойынша не келiсiмшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ запастағы азаматтар жиындардан өтуi кезiнде жасаған іс-әрекеттер;
7) банда - қаруды не қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып немесе қолдану қатерін төндіріп азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
8) басқа механикалық көлік құралдары - тракторлар, мотоциклдер, өздігінен жүретін машиналар (экскаваторлар, автокрандар, грейдерлер, катоктар);
9) билік өкілі - мемлекеттiк қызметте жүрген, қызмет бабымен өзіне тәуелді емес адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен билік ету өкілеттіктері берілген адам, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның, әскери полиция органының қызметкері, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын әскери қызметші;
10) болмашы мөлшер - 187-бапта - ұйымға тиесілі мүліктің он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын немесе жеке тұлғаға тиесілі мүліктің екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын құны;
11) денсаулыққа ауыр зиян - адамның денсаулығына, оның өміріне қауіпті зиян не денсаулыққа: көру, сөйлеу, есту қабілетінен немесе қандай да бір ағзадан айырылуға; ағзаның өз функцияларын жоғалтуына; бет-әлпетінің қалпына келмейтіндей бұзылуына; жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты түрде жоғалтумен ұласқан денсаулықтың бұзылуына; кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалтуға; жүктілікті үзуге; психиканың бұзылуына; нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыруға әкеп соққан өзге де зиян;