6) осы заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлға акцияларының он және одан көп пайызы бар акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларын:
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілерінің және осындай баптар бойынша жойылмаған сотталғандығының болмауы;
істің жүргізілуі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден және өзге де мемлекеттік органдарының жүргізуіне жатқызылған және жасағаны үшін жауаптылыққа тарту Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағындағы қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
7) уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін, кедендік операциялар жасау кезінде кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстырып қарауға мүмкіндік беретін және кеден органдарының осындай мәліметтерге қол жеткізуін (оның ішінде қашықтықтан) қамтамасыз ететін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы. Комиссия тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын үлгілік талаптарды айқындауға құқылы;
8) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтiн әкімшілік және қылмыстық заңнамасының баптары туралы ақпаратты осындай әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамы мен санкциясын көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден органдары осындай баптардың жалпы тізбесін қалыптастыру және Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында оларды орналастыру үшін Комиссияға жібереді.
Көрсетілген баптардың жалпы тізбесінің форматын, оны қалыптастыру, жүргізу және одан мәліметтерді пайдалану тәртібін, сондай-ақ баптар туралы ақпарат ұсынудың тәртібі мен техникалық шарттарын, оның ішінде құрылымы мен форматын Комиссия айқындайды.
3. Екінші типтегі куәлікті бере отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген шарттар;
2) осы заңды тұлғаның қаржылық орнықтылығының осы баптың 6-тармағына сәйкес айқындалған мәнге сәйкестігі;
3) тауарларды уақытша сақтауға арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңдар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы. Егер өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне) қатысты жалға алу шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс;
4) аумағында тауарларды уақытша сақтау, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жүзеге асырылатын және (немесе) кедендік бақылау жүргізілетін құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөлiктерiне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның көлік құралдары мен жұмыскерлеріне Комиссия айқындайтын талаптарды сақтауы.
4. Егер тауарларды өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын және (немесе) тауарларды экспорттайтын заңды тұлғаның қаржылық орнықтылығы осы баптың 6-тармағына сәйкес айқындалған мәнге сәйкес келмеген жағдайда, өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша кемінде бір жүз елу мың еуроға баламалы мөлшерде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді беру екінші типтегі куәлік бере отырып, мұндай заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылады.
5. Үшінші типтегі куәлікті бере отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге дейін кемінде екі жыл ішінде бірінші немесе екінші типтегі куәлікті бере отырып, заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуі. Көрсетілген мерзімге куәліктің қолданылуы осы Кодекстің 534-бабы 1-тармағының 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 534-бабының 1-тармағына сәйкес куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезең енгізілмейді;
2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген шарттар.
6. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның қаржылық орнықтылығын және қаржылық орнықтылықты сипаттайтын және осы тізілімге енгізу үшін қажет мәндерді айқындау тәртібін Комиссия айқындайды және Комиссия көздеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
533-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу тәртібі
1. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу үшін заңды тұлға (бұдан әрі осы бапта - өтініш иесі) уәкілетті органға өтініш береді.
Көрсетiлген өтініштің нысанын, оны толтыру тәртiбін және онда мәлiмделген мәлiметтерді растайтын құжаттардың тiзбесін Комиссия айқындайды.
2. Уәкілетті орган бірінші немесе екінші типтегі куәлікті беру туралы өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде олардағы мәліметтерді тексереді және өтініш иесінің сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған, бірақ бірінші немесе екінші типтегі куәлікті беру туралы өтініш тіркелген күнге дейінгі осы Кодекстің 89 және 143-баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдерінен аспайтын кезең үшін осы Кодекстің 416-бабы 6-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан, сондай-ақ осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көзделген бірінші типтегі немесе осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларында, 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген екінші типтегі куәлік беріле отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарына өтініш иесінің сәйкестігіне осы Кодекстің 47-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді аумақтық кеден органына тапсырады.
Егер бұрын көшпелі кедендік тексеру жүргізілсе және осы Кодекстің 416-бабы 6-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталуы тексерілсе, бірінші немесе екінші типтегі куәлікті беруге өтінішке сәйкес мұндай талаптардың сақталуын тексеру алдыңғы көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап бірінші немесе екінші типтегі беруге өтініш тіркелген күнге дейін қамтылатын уақыт кезеңі үшін ғана көшпелі кедендік тексеру шеңберінде жүзеге асырылады.
Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті орган өтініш және көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей бірінші немесе екінші типтегі куәлікті беру не бас тарту себептерін көрсете отырып, мұндай куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Уәкілетті орган үшінші типтегі куәлікті беру туралы өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде ондағы мәліметтерді тексереді және бірінші немесе екінші типтегі уәкілетті экономикалық оператордың сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған, бірақ үшінші типтегі куәлікті беру туралы өтініш тіркелген күнге дейінгі осы Кодекстің 89 және 143-баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдерінен аспайтын кезең үшін осы Кодекстің 416-бабы 6-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан, сондай-ақ осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларында, 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген, үшінші типтегі куәлік беріле отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарына өтініш иесінің сәйкестігіне осы Кодекстің 47-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді аумақтық кеден органына тапсырады.
Егер бұрын көшпелі кедендік тексеру жүргізілсе және осы Кодекстің 416-бабы 6-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталуы тексерілсе, үшінші типтегі куәлікті беруге өтінішке сәйкес мұндай талаптардың сақталуын тексеру алдыңғы көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап үшінші типтегі куәлікті беруге өтініш тіркелген күнге дейін қамтылатын уақыт кезеңі үшін ғана көшпелі кедендік тексеру шеңберінде жүзеге асырылады.
Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті орган өтініш және көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей үшінші типтегі куәлік беру не бас тарту себептерін көрсете отырып, мұндай куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
4. Бірінші, екінші және үшінші типтегі куәліктерді беру туралы шешім куәліктің типіне сәйкес берілетін арнаулы оңайлатулар көрсетіле отырып, уәкілетті орган басшысының, ол уәкілеттік берген уәкілетті орган басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың бұйрығымен ресімделеді.
5. Өтінішке онда мәлiмделген мәлiметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.
Өтінішпен бірге уәкілетті органға құжаттар, егер мұндай құжаттар туралы мәлiметтерді және (немесе) олардағы мәліметтерді уәкілетті органның кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ ақпараттық өзара iс-қимыл шеңберiнде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен алуы мүмкін болса, ұсынылмауы мүмкін.
6. Бiрiншi және екінші типтегі куәлiктердi ала отырып, уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізу үшiн өтініш иесі бір өтiнiш беруге құқылы.
7. Уәкiлетті орган өтініш уәкiлетті органда тiркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті қарау туралы не оны қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өтінішті қараудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, уәкiлетті орган бұл туралы өтініш иесіне тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электрондық нысанда хабарлайды.
8. Уәкiлетті орган мынадай жағдайларда өтінішті қараудан бас тартады:
1) өтінішті белгіленген нысанға сәйкес толтырылмау не электрондық құжат түріндегі өтініштің құрылымы мен форматы мұндай өтініштің белгіленген құрылымы мен форматына сәйкес келмейді;
2) өтініште көрсетілуге тиіс мәліметтерді өтініште көрсетпеу;
3) өтінішті осы Кодекстің 534-бабы 7-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлға уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiмінен алып тасталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін беру.
9. Уәкiлетті орган өтінішті уәкiлетті органда тiркелген күнінен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзімде қарайды.
10. Осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, егер өтінішті берген кезде өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болмаса, ал онда көрсетілген мәліметтерді өтініш иесі құжатпен растамаса, уәкiлетті орган өтініш уәкiлетті органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай құжаттарды бір ай ішінде ұсыну қажеттігі туралы өтініш иесіне хабарлайды.
11. Өтінішті қарау мерзімінің өтуі осы баптың 10-тармағына сәйкес сұратылған құжаттар ұсынылған күнге дейін не оларды ұсыну мерзімі өткенге дейін тоқтатыла тұрады.
12. Өтініш иесі осы баптың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде құжаттарды ұсынбаған кезде уәкiлетті орган өтінішті қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
13. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, осындай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын тексеру мақсатында осы Кодекстің 445-бабына сәйкес кеден органы жіберетін, құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмесін ұсыну туралы сұрау салу өтініш уәкілетті органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Егер осы Кодекстің 445-бабында көзделген мерзімдер ішінде осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген шарттардың сақталмағаны туралы мәліметтер қамтылмаған жауап алынса не мұндай жауап алынбаса, кеден органына сұрау салу жіберілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте уәкiлетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің мұндай шарттары сақталды деп есептеледі.
14. Бiрiншi немесе екінші типтегі куәлiктi бере отырып, уәкiлетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша, егер уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз ету мұндай тiзiлiмге енгізудің шарты болып табылса, уәкілетті орган тұлғаны осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында немесе 3-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шарттарды сақтау туралы хабардар етеді не осындай тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
15. Уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар уәкiлетті орган көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.
Бұл ретте уәкiлетті орган көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар ұсынылған күнге дейінгі кезеңге өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.
16. Уәкiлетті орган уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін тиісінше растайтын құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өтініш иесін уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізу туралы шешім қабылдайды.
17. Егер осы баптың 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар ұсынылмаса не ұсынылған құжаттар уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін тиісінше растамаса, уәкiлетті орган көрсетілген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өтініш иесін уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
18. Екінші типтегі куәлiктi, егер уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз ету осындай тізілімге енгізудің шарты болып табылмаса не үшінші типтегі куәлiктi бере отырып, уәкiлетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкiлетті орган осы баптың 9-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей өтініш иесін уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізу туралы не осындай тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Кодекстің 532-бабында белгіленген шарттардың сақталмауы уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
534-бап. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау үшін негіздер
1. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы уәкілетті экономикалық оператордың өтініші;
2) уәкілетті экономикалық операторға қатысты банкроттық рәсімді қозғау;
3) уәкілетті экономикалық оператордың осы Кодекстің 541-бабында көзделген міндеттерді орындамауы;
4) егер уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуы уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің шарты болып табылса, мұндай қамтамасыз етудің осы Кодекстің 535-бабында көзделген мөлшерде болмауы;
5) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындамау не тиісінше орындамау, сондай-ақ өсімпұлдарды, пайыздарды белгіленген мерзімде төлемеу;
6) уәкілетті экономикалық оператордың Қазақстан Республикасынан басқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттерде кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндетінің бар екендігі туралы ақпарат;
7) осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес тауарларды есепке алу жүйесінің болмауы немесе осындай тауарларды есепке алу жүйесінің уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмеуі;
8) уәкілетті экономикалық оператордың қаржылай орнықтылығының осы Кодекстің 532-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалған мәндерге сәйкес келмеуі, егер уәкілетті экономикалық оператордың қаржылай орнықтылығының осы мәндерге сәйкес келмеуі уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылса;
9) уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды уақытша сақтауына арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңдар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалдауда болмауы, егер мұндай талаптарды сақтау уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылса;
10) құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөлiктерiне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне), уәкілетті экономикалық оператордың көлік құралдарына, жұмыскерлеріне осы Кодекстің 532-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Комиссия айқындаған талаптарды сақтамау, егер мұндай талаптарды сақтамау уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылса;
11) мұндай заңды тұлғалардың уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар акцияларының он және одан көп пайызы бар акционерлері, құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау;
мұндай заңды тұлғалардың уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар акцияларының он және одан көп пайызы бар акционерлері, құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларына қатысты, іс жүргізу кеден және өзге де мемлекеттік органдардың қарамағына жатқызылған және жасағаны үшін жауаптылыққа тарту Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттердің заңнамасында куәліктің қолданылуын тоқтата тұру үшін негіздер ретінде айқындалған қылмыс (қылмыстық құқық бұзушылық) жасау белгілері бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше кез келген өзге мемлекетте қылмыстық іс қозғау;
12) осы Кодекстің 532-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында белгіленген талаптарды орындамау;
13) осы Кодекстің 541-бабы 1-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау.
2. Кеден органы осы баптың 1-тармағында көзделген негіздердің бар екендігі туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
3. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған кеден органы оны қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті экономикалық операторды тоқтата тұру негіздерін көрсете отырып, мұндай шешім туралы хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы ақпаратты аумақтық кеден органдарына және осы Кодекстің 442-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарына жеткізеді.
Уәкілетті орган куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы ақпаратты уәкілетті экономикалық операторға жазбаша немесе электрондық нысанда жеткізеді.
4. Осы баптың 1-тармағы 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, уәкілетті экономикалық оператор кеден органына куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде куәліктің қолданылуын тоқтата тұрумен байланысты себептердің жойылғанын растауға міндетті.
5. Егер уәкілетті экономикалық оператор куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде куәліктің қолданылуын тоқтата тұрумен байланысты себептердің жойылғанын растаса, уәкілетті орган мұндай растауды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде куәліктің қолданылуын қайта бастайды және бұл туралы уәкілетті экономикалық операторға, аумақтық кеден органдарына және осы Кодекстің 442-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарына ақпарат береді.
Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешім уәкілетті орган басшысының, ол уәкілеттік берген басшы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың бұйрығымен ресімделеді.
6. Осы баптың 1-тармағы 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған куәліктің қолданылуы:
1) соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
2) соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) қылмыстық істі тоқтату туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қайта басталады.
7. Уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен өзін алып тастау туралы уәкілетті экономикалық оператордың өтініші;
2) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
3) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
4) уәкілетті экономикалық оператордың куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде куәліктің қолданылуын тоқтата тұрумен байланысты себептердің жойылғанын растамауы;
5) соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңды тұлғаны бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 527, 534, 543, 548, 549, 550, 551, 552 және 558-баптарына сәйкес екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту фактісін растайтын шешімінің күшіне енуі
6) осы заңды тұлғаның куәлік бар заңды тұлға акцияларының он және одан көп пайызы бар акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісін растайтын, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот үкімінің күшіне енуі;
осы заңды тұлғаның куәлік бар заңды тұлға акцияларының он және одан көп пайызы бар акционерлері болып табылатын жеке тұлғаларды, оның құрылтайшыларын (қатысушыларын), басшыларын, бас бухгалтерлерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінен алып тастау үшін негіз ретінде айқындалған қылмыс (қылмыстық құқық бұзушылық) жасағаны үшін жауаптылыққа тарту фактісін растайтын сот үкімінің күшіне енуі;
7) осы Кодекстің 541-бабында көзделген, уәкілетті экономикалық оператор міндеттерін күнтізбелік жыл ішінде екі және одан көп орындамауы.