Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар болмаған кезде, кедендік баждардың, салықтардың сомаларын кеден органы кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің неғұрлым жоғары шамасын, сондай-ақ кеден органының қолда бар мәліметтерінің негізінде айқындалуы мүмкін тауарлардың санын және (немесе) құнын негізге ала отырып айқындайды.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Кеден органдары камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік декларациядағы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін тұлғаға оларды өз бетінше жою құқығы беріледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламадағы талаптарды орындау, оның ішінде тексерілетін тұлғаның кедендік декларацияны және (немесе) кедендік декларациялардың кедендік құнын түзетуді ұсынуы арқылы, қажет болған кезде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомаларын өтеу жөніндегі төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып орындау камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою деп танылады.
Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда тексерілетін тұлға осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен мұндай хабарламаға шағым жасай алады.
7. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 220-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
220-1-бап. Камералдық кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу
1. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексеруді аяқтау нысаны болып табылатын камералдық кедендік тексеру актісі жасалады. Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылады.
Камералдық кедендік тексеру актісінің және бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысандарын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Камералдық кедендік тексеруді аяқтау күні камералдық кедендік тексеру актісінің екі данада ресімделген және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қолы қойылған күн деп есептеледі.
Камералдық кедендік тексеру актісінің бірінші данасы камералдық кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы кедендік тексеруді аяқтау күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға тапсырылады немесе алғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
3. Камералдық кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
4. Камералдық кедендік тексеру актісі арнайы камералдық кедендік тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.
5. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексеру актісімен бір мезгілде жіберіледі және (немесе) табыс етіледі.
6. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға қолын қойғыза отырып, жеке өзіне немесе тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы табыс етілуге тиіс. Тексерілетін тұлғаға тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы жіберілген бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға пошта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп саналады.
7. Осы бапта көрсетілген құжаттарды тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмауы себебінен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осындай құжатты қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кеден органы осындай тұлғаның орналасқан жері бойынша куәгерлерді (екі адамнан кем емес) тарта отырып, зерттеп-қарауды жүргізеді.
Зерттеп-қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
актіні жасаған кеден органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қараудың нәтижелері туралы ақпарат.
Куәгерлер ретінде кеден органдарының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша нақты болмауы анықталған жағдайда, осы бапта көрсетілген құжаттарды табыс ету күні зерттеп-қарау актісін жасаған күн болып табылады.
8. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органынан бөлек кеден органы шығарған кеден декларацияларына қатысты камералдық кедендік тексеру жүргізілген кезде, камералдық кедендік тексеру актісі мен бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның көшірмелері бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, тауарларды шығару жүргізілген кеден органына жіберілуге тиіс.
221-бап. Көшпелі кедендік тексеру
1. Көшпелі кедендік тексеруді кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне, жеке кәсіпкердің қызметті жүзеге асыратын жеріне және (немесе) олардың қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын жерге (бұдан әрі - тексерілетін тұлғаның объектілері) бару арқылы жүргізеді.
2. Көшпелі кедендік тексеру жоспарлы немесе жоспардан тыс болуы мүмкін.
Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру кеден органдары әзірлейтін жоспарлы тексерулер негізінде жүзеге асырылады.
3. Көшпелі кедендік тексеру ұйғарымның негізінде жүргізіледі.
4. Ұйғарымға кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қоюға тиіс. Ұйғарымның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5. Ұйғарым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен прокуратура органдарында тіркеледі.
6. Кеден органының ұйғарымында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) ұйғарымды кеден органында тіркеу күні және ұйғарымның нөмірі;
2) ұйғарымды шығарған кеден органының атауы;
3) тексерілетін тұлғаның толық атауы;
4) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
5) белгіленген тексерудің мәні;
6) кеден органының тексеретін тұлғаларының және кедендік тексеруге тартылған өзге де бақылаушы мемлекеттік органдардың тексеретін адамдарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
7) тексеруді жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
9) тексерілетін кезең.
7. Бір ұйғарымның негізінде тексерілетін тұлғаға бір ғана тексеру жүргізіледі.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
8. Көшпелі кедендік тексерудің мерзімі ұзартылған, сондай-ақ ол тоқтатыла тұрған жағдайда, ұйғарымға тиісті жазбалар енгізіледі және тексерілетін тұлға хабардар етіледі.
Бұл ретте көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертiлген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерілетін кезең өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар болған жағдайда) көрсетіледі.
9. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулерді белгілеу үшін мыналар:
1) кеден органдарының және мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының дерекқорындағы Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуының ықтималдығын куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер;
2) Кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ықтимал бұзушылық туралы куәландыратын деректердің болуы;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) тұлғаның, оның ішінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алуға, сондай-ақ қосымша арнайы оңайлатуды алуға өтініші;
4) осы баптың 11-тармағына сәйкес қарсы көшпелі тексеру жүргізу қажеттілігі;
5) шетелдік ұйымдармен сыртқы экономикалық мәмілелер жасаған тұлғаға тексеру жүргізу туралы шет мемлекеттің құзыретті органының өтініші (сұрау салуы);
6) мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары ұсынған, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын бұзуды куәландыратын мәліметтерді алу;
7) шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпараттық алмасу нәтижесінде алынған мәліметтерді тексеру;
8) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген жағдайлар;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
9) кедендік тексерулер нәтижелері бойынша шығарылған актілердің орындалуын бақылау, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын бақылау;
10) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан және Кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу ықтималдығы туралы куәландыратын өзге де адамдардан ақпараттар мен өтініштер алу;
11) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында тексерілетін тұлға азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
12) тұлғаның кедендік тексеру жүргізу туралы бастамамен жүгінуі;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
13) тексерілетін тұлғаның қайта ұйымдастырылуы және (немесе) тексерілетін тұлғаның банкроттыққа (таратылуға) арналған құжаттарды беруі;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
14) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымда жазылған мәселелер бойынша тексеру жүргізу қажеттігі;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
15) төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің талаптарын сақтауына тексерулер жүргізу қажеттігі;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
16) дебиторлар тiзiмiнің ұсынылмауы не болмаса дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтердің және (немесе) төлеушімен, дебитормен өзара есеп айырысулардың салыстыру актілерінің ұсынылмауы негіздемелер болып табылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Көшпелі кедендік тексеру кедендік бақылаудың өзге де нысандарын қолдану, сондай-ақ камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша, оның ішінде тексерілетін тұлға бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамаған жағдайда тағайындалуы мүмкін.
11. Тексерілетін тұлға ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растау қажет болған жағдайда кеден органы тауарлармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша тексерілетін тұлғамен байланысқан тұлғаларға қарсы көшпелі кедендік тексеру жүргізуі мүмкін.
Қарсы көшпелі кедендік тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер тексерілетін бір тұлғаға қатысты жылына бір реттен артық жүргізілмейді.
Уәкiлеттi экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелi кедендiк тексерулердi кеден органдары үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізеді.
Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі бойынша шектеу қойылмай жүзеге асырылады.
13. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру үшін тексерілетін тұлғаларды іріктеп алу:
1) кеден органдарының ақпараттық ресурстарын пайдалана отырып;
2) алдыңғы тексерулердің, оның ішінде камералдық тексерулердің нәтижелері бойынша;
3) мемлекеттік органдардан;
4) банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;
5) Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден және (немесе) өзге де бақылаушы мемлекеттік органдарынан;
6) бұқаралық ақпарат құралдарынан;
7) ресми жолмен өзге көздерден алынған ақпаратты пайдалана отырып жүргізіледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында кеден органдары тексерілетін тұлғаға жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы хабарламаны тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жібереді немесе мұндай хабарламаны оны алу фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.
Хабарламада жоспарлы көшпелі кедендік тексеру мерзімі, күні, жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі (тексерілетін кезеңге қатысы бар құжаттар және есепке алу жазбалары), көшпелі кедендік тексеру жүргізілген кезде тексерілетін тұлғалардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі.
Почта жөнелтімінің тексерілетін тұлғаның тұрған жерінде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағанын куәландыратын белгімен қайтып келуі жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізудің күшін жою үшін негіздеме болып табылмайды.
Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру тексерілетін тұлға хабарламаны алған күннен бастап кемінде он бес күнтізбелік күннен кейін не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгісі бар почта жөнелтімінің кеден органына түскен күнінен басталуы мүмкін.
15. Тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру туралы ұйғарымның көшірмесін тапсырған күн көшпелі кедендік тексеру жүргізу басталған күн болып саналады.
Кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін тексерілетін тұлғаға кеден органының лауазымды адамы тапсырады не тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жібереді.
Кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін табыс ету кезінде тексерілетін тұлғаның басшысы не оның өкілі кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның түпнұсқасына онымен танысқаны туралы, сондай-ақ кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алған күні және уақыты туралы белгі қояды.
Кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алудан бас тартқан жағдайда, кеден органының лауазымды адамы кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымға бұл туралы тиісті жазба жасайды.
Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алудан бас тартуы, сондай-ақ почта жөнелтімінің тұлғаның тұрған жерінде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағандығын куәландыратын белгімен қайтып келуі көшпелі кедендік тексеру жүргізудің күшін жою үшін негіздеме болып табылмайды. Бұл жағдайда ұйғарымда кедендік тексеруді жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алудан бас тарту туралы жазба жазылған күн не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгі қойылған почта жөнелтімі кеден органына келіп түскен күн тексеру басталатын күн болып саналады.
Тексерілетін тұлғаның объектісінде көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында кеден органының лауазымды адамдары тексерілетін тұлғаның басшысына не оның өкіліне қызметтік куәліктерін көрсетуге міндетті.
16. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлға оның қызметіне байланысты тексерілетін құжаттарға өзгерістер және толықтырулар енгізуге құқылы емес.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді
17. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі екі айдан аспауға тиіс. Тексерілетін тұлғаға құжаттар мен мәліметтерді табыс ету туралы талаптар қойылған күн мен мұндай құжаттар мен мәліметтерді алу күні арасындағы уақыт кезеңі көрсетілген мерзімге қосылмайды.
Тексеруді жүзеге асыратын кеден органының шешімі бойынша көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі тағы бір айға ұзартылуы мүмкін.
Зерттеулер немесе сараптамалар жүргізу, Кеден одағына мүше мемлекеттердің немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сауалдар жолдау, тексерілетін тұлғаның тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды қалпына келтіруі, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларға әсер ететін тексерілетін кезеңге қатысты қосымша құжаттарды табыс ету қажет болған кезде тексеруді жүргізу кеден органы басшысының (оны алмастыратын адамның) немесе шексіз мерзімге ол уәкілеттік берген адамның шешімі бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.
Бұл ретте прокуратура органына хабарлай отырып, көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға қолын қойғызып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.
18 - 28. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 221-1-баппен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 221-1-бап жаңа редакцияда
221-1-бап. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау
1. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері кедендік тексеру актісімен ресімделеді.
2. Көшпелі кедендік тексеру актісінде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
1) кедендік тексеру жүргізу орны және оны толтырған күні;
2) тексеру жүргізген кеден органының атауы;
3) кедендік тексеру нысаны;
4) кеден органының тексеруді жүргізген лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
5) тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не тұлғаның толық атауы, тексерілетін тұлғаның орналасқан жері және қызметін іс жүзінде жүзеге асыратын орны туралы мәліметтер, оның сәйкестендіру нөмірлері;
6) тексерілетін тұлғаның банк шоттарының деректемелері;
7) тексерілетін тұлға басшысының және тексерілетін тұлғаның кедендік және қаржылық есептілікті жүргізуге, кеден органдары алатын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
8) тексерілетін кезең және тексерілген, оның ішінде тексерілетін тұлға ұсынған құжаттар туралы мәліметтер;
9) алдыңғы тексеру және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұрын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтер;
10) нормативтік құқықтық актілердің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды куәландыратын анықталған фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы;
11) көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша түйіндер.
3. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын көшпелі кедендік тексеру актісі жасалған күн көшпелі кедендік тексеру аяқталған күн деп есептеледі.
Көшпелі кедендік тексеру актісін кедендік тексеруді жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.
Көшпелі кедендік тексеру актісінің бірінші данасы кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы есеп-қисаптары қоса беріле отырып, көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілетін тұлғаға табыс етіледі немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
4. Егер көшпелі кедендік тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
5. Көшпелі кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
6. Көшпелі кедендік тексеру актісі кедендік тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналда тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.
7. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
8. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша оны жүргізу кезінде анықталған Кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 221-2-бабында көзделген тәртіппен табыс етіледі.
Хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
9. Осы тармақта көрсетілген құжаттарды тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмауы себебінен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осындай құжаттарды қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кеден органы осындай тұлғаның орналасқан жері бойынша куәгерлерді (екі адамнан кем емес) тарта отырып, зерттеп-қарауды жүргізеді.
Зерттеп-қарау пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мынадай құжаттарды қайтарған кезде жүргізіледі:
көшпелі кедендік тексеру актісі;
тексеру нәтижелері туралы хабарлама.
Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша зерттеп-қарау актісі жасалады, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
актіні жасаған кеден органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжатының атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат.
Кеден органдарының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша нақты болмауы анықталған жағдайда осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс ету күні зерттеп-қарау актісін жасаған күн болып табылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 221-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
221-2-бап. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендiк тексеру актiсi тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жiберiледi.
2. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға оның әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғанына қарамастан жіберіледі.
3. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада:
1) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
2) төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе толық атауы және заңды мекенжайы;
3) кеден органының атауы;
4) хабарламаның тіркеу күні мен нөмірі;
5) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасы;
6) хабарлама берілген күнгі өсімпұлдар сомасы;
7) кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау туралы талап;
8) хабарламаны жіберу үшін негіздеме;
9) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешекті өтеу кезінде өсімпұлды есептеу тәртібі;
10) шағым жасау тәртібі;
11) кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпеген бұзушылықтарды жою бойынша талап;
12) тауарларға арналған декларацияны түзетуді ресімдеу жөніндегі талап көрсетілуге тиіс.
4. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға қолын қойғыза отырып, жеке өзіне табыс етілуге немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілуге тиіс. Тексерілетін тұлғаға хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген тексеру нәтижелері туралы хабарлама, егер осы Кодекстің 221-1-бабында өзгеше белгіленбесе, тексерілетін тұлға пошта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп саналады.