205) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, анықтау және алдын ала тергеу, мемлекеттік кірістер органдарының жедел-iздестіру, әкiмшiлiк, тергеу қызметi мен анықтау практикасына талдау жасау, республикадағы жедел жағдайға болжам жасау, мемлекеттік кірістер органдарының араласуын талап ететін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қабылдау;
206) мемлекеттік кірістер органдарының қарамағына жатқызылған қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша адамдарды, соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне орай қойылған талап-арыздар бойынша жауапкерлердiң жүрген жерi белгісiз болған кезде олардың iздестіруiн жүзеге асыру;
207) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар қызметінде шетелдік мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау және өз құзыреті шегінде қатысу;
208) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасау;
209) өз құзыретi шегiнде салықтық мiндеттеменiң туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсiндiрудi және түсiнiктеме берудi жүзеге асыру;
210) салықтық бақылауды жүзеге асыру;
211) тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалану;
212) есепке алуды жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайда, жанама әдiстер (активтер, мiндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негiзiнде салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындау;
213) жоспардан тыс тексерулерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асыру;
214) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;
215) бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмін, бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзу (мемлекеттiк тiзiлiмнен шығару) жолымен жүргiзу;
216) салықтық әкiмшiлендiру бизнес-процестерінің жаңғыртуын және қайта инжинирингтеуді жүзеге асыру;
217) салық берешегiн, кедендік төлемдер мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар, өсімпұлдар, пайыздар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша мәжбүрлеп өндiрiп алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
218) кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждардың толық алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
219) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық және (немесе) төлемақыларды төлеу жөнiндегi салықтық мiндеттемені орындау мерзiмдерiн өзгертуге бақылауды жүзеге асыру;
220) халықаралық шарттардың ережелерiн 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінде және тиiстi халықаралық шартта белгiленген тәртiппен қолдану;
221) салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
222) трансферттiк баға белгiлеуді қолдану бойынша келісім жасасуға мәміле қатысушысының өтінішін қарау;
223) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша соттарға мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті мен міндеттеріне сәйкес өзге де талаптар қою;
224) нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген құзыреттер шегiнде салықтық және салыққа жатпайтын түсiмдердiң есепке жатқызылуын және/немесе қайтарылуын жүзеге асыру;
225) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтерді көрсету;
226) салық органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) салық төлеушiлердiң және салық агентiнiң салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шағымдарын қарау;
227) салық заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
228) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруда этил спиртiн, алкоголь өнiмдерiн және темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу, мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
229) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
230) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы, темекi бұйымдарын өндiру жөніндегі қызметті лицензиялау;
231) алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
232) Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алкоголь өнiмiн сол немесе өзге түрге жатқызу;
233) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімін бақылауды, есепке алу мен талдауды жүргізу;
234) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiруіне және олардың айналымына бақылауды жүзеге асыру;
235) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
236) автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлеу;
237) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келісу;
238) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпаратты салыстыру үшін ұсыну;
239) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу;
240) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқор жүргізуді жүзеге асыру;
241) мұнай өнімдерінің айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;
242) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
243) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын әзірлеу;
244) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
245) мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын әзірлеу;
246) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлеу;
247) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлеу;
248) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын - акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұнын және қорғау элементтерін әзірлеу;
249) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін әзірлеу;
250) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын әзірлеу;
251) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
252) этил спирті және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлеу;
253) этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлеу;
254) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) тәртібін әзірлеу;
255) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең темен бөлшек сауда бағаларын әзірлеу;
256) өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
257) темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
258) темекі бұйымдарының өндірілуі мен айналымына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысанын, тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
259) темекі бұйымдарының қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету тәртібі мен нысанын әзірлеу;
260) темекі бұйымдарына арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
261) биоотын айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;
262) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
263) биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;
264) биоотынға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібін әзірлеу;
265) этил спиртi, алкоголь өнiмдерi, темекi бұйымдары өндiрісіне және олардың айналымына, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның жекелеген түрлерiнiң айналымына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
266) өз құзыреті шегінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру;
267) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу;
268) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау міндеті жүктелмеген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
269) патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын әзірлеу;
270) салық төлеуші жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинауға арналған түбіртектің және салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақша қабылдау үшін қатаң есептілік бланкінің нысандарын әзірлеу;
271) акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарлар әкелу қағидаларын әзірлеу;
272) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын әзірлеу;
273) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің валюталық бақылауды жүзеге асыру және кейіннен валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажетті мәліметтердің тізбесі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну қағидаларын әзірлеу;
274) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеу;
275) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының нышанының сипаттамасы мен пайдаланылу қағидаларын, танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолданылу қағидаларын әзірлеу;
276) салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің мүлкін кедендік төлемдері, салықтары, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын әзірлеу;
277) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін әзірлеу;
278) ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық салық төлеушілер туралы мәлiметтердi ұсыну қағидаларын, мерзімі мен нысанын, сондай-ақ келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын әзірлеу;
279) уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;
280) концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша алатын тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде тіркелген активтерді концедентке беру кезінде ІІ, ІІІ және ІV топтарының концессионерінің құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидаларын әзірлеу;
281) тұруға және білім алатын адамға ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормаларын белгілеу тәртібін әзірлеу;
282) тауарлардың импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын әзірлеу;
283) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларын әзірлеу;
284) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобалардың іске асырылуын көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуы тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді ұсыну қағидалары мен олардың нысандарын әзірлеу;
285) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін әзірлеу;
286) - 291) тармақшалары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
286) деңгейлес мониторингті жүргізу қағидаларын әзірлеу;
287) деңгейлес мониторинг туралы келісім нысанын әзірлеу;
288) деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларын әзірлеу;
289) деңгейлес мониторинг туралы келісім жасасқан салық төлеушілердің санаттарын әзірлеу;
290) стандартты файл нысаны мен оны жасау қағидаларын әзірлеу;
291) жергілікті және (немесе) негізгі есептілікті ұсыну туралы нысанын әзірлеу;
292) еларалық есептілік пен халықаралық топқа қатысу туралы өтініш нысандары мен оларды толтыру қағидаларын әзірлеу;
293) жанама салықтар бойынша төлеу мерзімін өзгертуге құқығы бар адамдарды айқындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу;
294) қосылған құн салығының асып кету сомалары мен тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу;
295) қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын әзірлеу;
296) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
296) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші мен жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама нысандарын әзірлеу;
297) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
297) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті екінші деңгейдегі банктерден алған Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты уәкілетті органға беру қағидалары мен мерзімдерін және оның нысандарын әзірлеу;
298) екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлармен электрондық саудасы бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банк шоттарының бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
299) резиденттікті растайтын құжаттың және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтамалардың нысандарын әзірлеу;
300) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш нысанын әзірлеу;
301) салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметті қоса алғанда, Қазақстан Республикасында тұрған мүлікті өткізу кезіндегі мәмілеге қатысушылар және параметрлері және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акциялар, қатысу үлестері туралы мәліметтер нысанын әзірлеу;
302) мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
303) шартты түрде шығарылған тауарларды ұсынудың не кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаты мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді сақтауды растау үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде олардың тұрған жерін растау ерекшелігін, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мерзімділігін және жүргізуге қойылатын өзге де талаптарды әзірлеу;
304) ішінара салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;
305) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
305) құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу;
306) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын әзірлеу;
307) тауарлармен электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын адамдардың мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын әзірлеу;
308) салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын әзірлеу;
309) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ ресімдеу және олардың құжат айналымы тәртібін әзірлеу;
310) қосылған құн салығының сомалары бойынша дайындаушы ұйымдар алған бюджеттік субсидия сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімі мен нысанын әзірлеу;
311) коллекторлық агенттіктермен жасалған талап ету құқығын беру шарттары бойынша мәліметтерді ұсыну нысанын әзірлеу;
312) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде электронды нысандағы шот-фактураны жазып беру қағидаларын әзірлеу;
313) уәкілетті мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын әзірлеу;
314) бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларын әзірлеу;
315) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторының беру қағидаларын әзірлеу;
316) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін әзірлеу;
317) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын әзірлеу;
318) халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы мәліметтердің нысанын әзірлеу;
319) екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты беру қағидаларын әзірлеу;
320) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау тәртібін әзірлеу;
321) мыналардың:
бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуға байланысты шығыстарға;
республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының, кредиттердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың пайдаланылуына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша;
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына, бюджеттік кредиттер беруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыруға, сондай-ақ олардың пайдаланылуына;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына;
тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асыру;
322) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру;
323) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
324) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
325) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудитті жүргізу;
326) аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті түрде орындауға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру;
327) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс аудитті жүзеге асыру;
328) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
329) заңнамада белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштерді қарау;
330) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындысының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдау;
331) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;
332) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік аудит объектілеріне мәліметтер мен қажетті материалдар ұсыну туралы талаптар жіберу;
333) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру;
334) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті орналастыру, сондай-ақ келісілген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
335) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында:
ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек ұсынуды қамтамасыз ету;
жүргізілген мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есепті ақпаратына талдау жүргізу;
ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекелі бар объектілер бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жіберу;