5) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша кері қайтарып алады.
2. Куәландырушы орталық тіркеу куәлігін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде кері қайтарып алады.
3. Тіркеу куәлігін жою кезінде куәландырушы орталық тіркеу куәлігінің иесін хабардар етуге және тиісті ақпаратты алған кезден бастап кемінде бір күн мерзімде тіркеу куәліктерінің тіркеліміне өзгерістер енгізуге міндетті.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Шетелдiк тiркеу куәлiктерiн тану
Шетелдiк тiркеу куәлiгi мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес;
2) шетелдік куәландырушы орталықтар Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейін;
3) шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптары Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейiн куәландырушы орталық берген, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын тiркеу куәлiгiмен қатар танылады.
5-тарау. Куәландырушы орталық
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi
1. Куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады.
2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымының бірнеше жүйесiне қызмет көрсете алады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай:
1) шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының;
2) куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының;
3) «электрондық үкіметке», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 20-2-баппен толықтырылды
20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу
1. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарға қатысты жүзеге асырады.
2. Егер куәландырушы орталықтың өтінішінде анағұрлым қысқа мерзім көрсетілмесе, куәландырушы орталықты аккредиттеу үш жыл мерзімге тегін негізде жүзеге асырылады.
21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары
1. Куәландырушы орталық:
1) электрондық цифрлык қолтаңбаның жабық кілттерін заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың өтініші бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның кілттерін жасайды;
2) тіркеү күәліктерін береді, тіркейді, кері қайтарып алады, сақтайды,белгіленген тәртіппен берілген тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) тіркеу куәлігінің әрбір үлгісі үшін тіркеу куәлігін қолдану қағидаларын бекітеді;
3) қолданылып жүрген және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін есепке алуды жүзеге асырады;
4) куәлаңдырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растайды;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Куәлаңдырушы орталық сақтауда тұрған электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілттері жоғалуының, модификациялануының және қолдан жасалуының алдын алу ұшін қажетті барлык шараларды қолдануға міндетті.
3. Куәлаңдырушы орталық осы баптың 2-тармағында көзделген міндетті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметін тоқтату
1. Куәландырушы орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
2. Куәландырушы орталық қызметін тоқтатқан жағдайда өз қызметін тоқтатудан отыз күн бұрын өзі қызмет көрсететін электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың бәрін және уәкілетті органды бұл туралы хабардар етуге міндетті.
3. Куәландырушы орталықтың қызметін токтату кезінде ол берген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері, тіркеу куәліктерінін иелері туралы мәліметтер тіркеу куәлігінің иесімен келісіле отырып, басқа куәландырушы орталықтарға беріледі.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған мерзім өткеннен кейін басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық колтаңбаның тиісті кілттері қолданылуын тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталуға тиіс.
23-бап. Тіркеу куәліктерінің иелері, электрондық цифрлық колтаңбаның жабық және ашық кілттері туралы мәліметтерді қорғау
1. Куәландырушы орталық тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда ашады.
2. Тараптардың келісіміне сәйкес жасырын болып табылатын тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтер тіркеу куәліктерінің жалпы қол жететін тіркеліміне енгізілмейді.
6-тарау. Қорытынды ережелер
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Қазакстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.
25-бап. Дауларды қарау
Электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен қаралуға тиіс.
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2003 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының