290) кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары және кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламалар нысандарын әзірлеу және бекіту;
291) уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
292) уәкілетті экономикалық оператордың уақытша сақтаудағы тауарларымен бірлесіп, құрылыстарда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарда (ашық алаңдардың бөліктерінде) өзге де тауарларды сақтау және олардың тасымалдаушыдан тауарларды қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
293) кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарын алып қою қағидаларын және құжаттарды, құжаттарды сәйкестендіру құралдарын және тауарларды алып қою туралы актінің нысанын әзірлеу және бекіту;
294) өзге уәкілетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін кедендік сараптаманы тағайындау қағидаларын және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптама жүргізу үшін тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
295) тұрақты және уақытша рұқсаттамалардың нысандарын, тұрақты және уақытша рұқсаттамаларды тіркеу журналын әзірлеу және бекіту;
296) тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелеріне қойылатын техникалық талаптарды қоса алғанда, алдын ала ақпарат беру кезінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу және бекіту;
297) авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
298) салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
299) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын әзірлеу және бекіту;
300) кедендік бақылаудағы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырмай тасымалданатын тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
301) тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа қол жеткізу, алу және пайдалану қағидаларын, сондай-ақ осындай ақпаратты беру құрамы мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
302) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңіз арқылы тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін әзірлеу және бекіту;
303) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімді беру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
304) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен Қазақстан Республикасының тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
305) арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
306) нысанды киім үлгілерін, нысанды киім киіп жүру құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
307) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
308) кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздердің болуын растау қағидаларын, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну және оларды беруден бас тарту туралы шешімдер нысандарын әзірлеу және бекіту;
309) кедендік алымдар салудан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
310) кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
311) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
312) кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту;
313) көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, мемлекеттік кірістер органдарының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен, Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
314) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) әкеп соғатын мән-жайлардың туындағанын растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
315) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
316) жекелеген кедендік операциялардың тізбесін, жекелеген кедендік операцияларды жасау қағидалары мен орындарын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының орналасқан жерінен тыс және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс уақытынан тыс жекелеген кедендік операцияларды жасау жағдайларын әзірлеу және бекіту;
317) мемлекеттік кірістер органдары қызметінің аймақтарын айқындау;
318) кедендік бақылауды жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидаларын бекіту;
319) көрсеткіштері тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын есепке алу аспаптарының орналасқан жерлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
320) кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын кодтардың сыныптауышын әзірлеу және бекіту, сәйкестендіру кедендік нөмірін, мәміленің сипатын, сыртқы экономикалық мәміленің ерекшеліктерін қалыптастыру;
321) бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеудің құрылымын, форматын және нысанын, сондай-ақ оны толтыру және оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
322) кедендік тексеріп қарауды және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
323) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабарламаның күні мен уақытын тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
324) кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай-ақ тауарларды жеткізу орнын өзгерту қағидаларын, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін ұсынылатын құжаттарды беруді тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
325) кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
326) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
327) патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын әзірлеу және бекіту;
328) салық төлеуші – жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын және жер салығын жинауға арналған түбіртектің нысандарын әзірлеу және бекіту;
329) мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысанын әзірлеу және бекіту;
330) резиденттікті растайтын құжаттың және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманың нысандарын әзірлеу және бекіту;
331) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын әзірлеу және бекіту;
332) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Министрлікке уәкілетті банктерден Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына баламалы Америка Құрама Штаттарының 50 000 долларынан астам сомаға валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы алынған ақпаратты беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
333) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлардың электрондық саудасы бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту;
334) мемлекеттік кірістер органының уәкілетті мемлекеттік органдарға кірістері мен мүлкі туралы ұсынылған декларациялар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
335) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымын әзірлеу және бекіту;
336) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиандардың, орталық депозитарийдің, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын брокерлердің және (немесе) дилерлердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, филиалдарының мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтер ұсыну қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
337) ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімі мен нысанын, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға келген шетелдіктер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
338) уәкілетті мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын әзірлеу және бекіту;
339) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді, өзге де мәліметтер мен олардың нысандарын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
340) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша нотариустардың мәмілелер мен шарттар бойынша, сондай-ақ жеке тұлғалардың мұраға құқығы туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтер ұсыну нысанын, қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
341) құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
342) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту;
343) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, Министрліктің валюталық бақылауды жүзеге асыру және оларды кейіннен валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
344) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
345) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша операциялар бойынша мәліметтерді арнайы мобильдік қосымшаға беру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі уәкілетті банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
346) құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттікке өту шарттарын қамтитын шарттар бойынша мәліметтерді ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту;
347) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдары рәмізінің сипаттамасын және оны пайдалану қағидаларын және айырым туы мен айырым белгісінің сипаттамасын және оны қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
348) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын табысын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалардың осындай қызмет бойынша ақпаратты ұсыну қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын бекіту;
349) салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкін, сонымен қатар салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары кідірткен тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау;
350) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және екінші деңгейдегі банктердің валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны ұсыну тәртібі мен нысанын бекіту;
351) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және екінші деңгейдегі банктердің валюталық түсімді айырбастау туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын бекіту;
352) салық тіркелімдерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
353) салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
354) салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту;
355) білім алушы адамның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге нақты шығыстардың нормаларын белгілеу;
356) тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын әзірлеу және бекіту;
357) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін іріктеп салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
358) мониторингке жататын салық төлеушілердің, ірі салық төлеушілердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
359) деңгейлес мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
360) деңгейлес мониторинг туралы келісімнің нысанын әзірлеу және бекіту;
361) деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
362) деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілердің санаттарын белгілеу;
363) тексерудің стандартты файлының нысанын және оны жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
364) трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептіліктердің нысандарын және оларды толтыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
365) еларалық есептілік нысандарын және халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті және оларды толтыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
366) қосылған құн салығының асып кету сомасының және тәуекел дәрежесі өлшемшарттарының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
367) қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
368) бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
369) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
370) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
371) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын әзірлеу және бекіту;
372) халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы мәліметтердің нысанын бекіту әзірлеу және бекіту;
373) екінші деңгейлі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
374) фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) енгізу (алып тастау) қағидаларын, сондай-ақ фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
375) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану қағидаларын әзірлеу;
376) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
377) өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын әзірлеу және бекіту;
378) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбелерін бекіту;
379) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, оларға өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асыру;
380) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;
381) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;
382) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
383) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
384) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
385) есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсыну; Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қорғауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
386) біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
387) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
388) мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
389) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграциясын қамтамасыз ету;
390) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша, оның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
391) мемлекеттік сатып алу екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
392) Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
393) Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
394) арнаулы мемлекеттік органдардың бюджетті атқару рәсімдерін келісу;
395) Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін, оның ішінде тиісті салалардың уәкілетті органдарымен келісу бойынша сатып алу мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
396) тармақша 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
396) Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлар тізбесін әзірлеу және бекіту;
397) Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарының офтейк-келісімшарт жасасу және оны орындау тәртібін келісу;
398) Ұлттық әл-ауқат қорының және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарының сатып алуды жүзеге асыру тәртібін келісу;
399) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жүктелген функцияларды орындауға қажетті жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз ететін мүліктің тізбесін бекіту әзірлеу және бекіту;
400) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға берілетін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері активтерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
401) мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын әзірлеу және белгілеу;
402) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салық төлеушілердің – тіркеу есебінде дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар ретінде тұрған жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың санаттары мен тізімін, екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беру қағидаларын, нысанын және мерзімдерін әзірлеу және белгілеу;