Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 926 және 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылы 1 тамыздағы № 800 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 396 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитарийін құру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 926 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 444-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитарийін құру және жүргізу ережесінде:
2 және 3-тармақтарда «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер» деген сөздер «техникалық регламенттер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 365-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесінде:
3-тармақтың 1) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарында:
«техникалық реттеу саласындағы» деген сөздер алынып тасталсын, «нормативтік құқықтық кесімдер» және «нормативтік құқықтық кесімдердің» деген сөздер тиісінше «техникалық регламенттер» және «техникалық регламенттердің» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 тамыздағы № 800 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 429-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |