2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының ақпарат саласындағы уәкілетті органға енгізілген заң бұзушылықты жою туралы ұсынымымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желісі арқылы таратылған жағдайларда, ақпарат саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу бойынша дереу шаралар қабылдауға міндетті.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, оның орынбасарлары немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтары не оларды алмастыратын адамдар кейіннен байланыс, ақпарат саласындағы уәкілетті органдарды және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, жедел-іздестіру қызметінің барлық субъектілерінің мүддесінде байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұруға құқылы.
Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Заңды күшіне енген сот шешімінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізу мақсатында байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысына, байланыс қызметтерін көрсетуге, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуге тыйым салынады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары және (немесе) ақпарат саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды алған кезден бастап бір сағат ішінде байланыс операторларына және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке оны орындау бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама жібереді.
3. Байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет:
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ақпарат саласындағы уәкілетті органнан және (немесе) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген ұсынуды немесе шешімді орындау жөнінде шаралар қолдану туралы нұсқаманы алғаннан кейін оны байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жолымен екі сағаттан аспайтын уақыт ішінде орындауға міндетті;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарымен бірлесіп байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланатын адамды анықтайды.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз құзыреті шегінде осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген ақпаратты таратқан адамды анықтау және жауаптылыққа тарту бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау және қылмыстық-процестік шараларын қабылдайды.
Ақпарат саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты таратқан адамның мекенжайына хабарламаны алған кезден бастап алты сағат ішінде оны жою бойынша шаралар қабылдау талап етілген хабарлама жібереді.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Егер, байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланған адам оны алып тастаған жағдайда, онда ол бұл туралы ақпарат саласындағы уәкілетті органға хабарлама жібереді.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан және оның анықтығын тексергеннен кейін ақпарат саласындағы уәкілетті орган байланыс операторына және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманың күшін жою туралы тапсырма береді.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет ақпарат саласындағы уәкілетті органнан осы баптың 5-тармағында көрсетілген тапсырманы алғаннан кейін оны дереу орындауы тиіс.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, байланыс операторлары және мемлекеттік техникалық қызмет байланыс желілерінің және (немесе) байланыс құралдарының жұмысын тоқтата тұрудың, сондай-ақ интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұрудың осы бапта айқындалған тәртібін орындамағандары үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.
42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі туралы
1. Осы Заң, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 26-бабының 3-тармағын, 5-тармағының 2) тармақшасын және 6-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. «Байланыс туралы» 1999 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 12, 396-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 10-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының