71-1) ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
72) ішкі істер органдарының жүйесі үшін кадрлар даярлауды және оқытуды ұйымдастырады, кадрларға қажеттілікті және Министрліктің білім беру ұйымдарының түлектерін ішкі істер органдары бөлімшілеріне бөлу тәртібін айқындайды;
73) құрылымдар мен штаттарды, оның ішінде үлгі, штаттық нормативтерді, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің жүктеме нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
74) лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын, конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, қызметке кірер алдындағы конкурс пен тағылымдама өткізудің шарттары мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;
74-1) полиция қызметкерінің стандартын әзірлейді және бекітеді;
75) ішкі істер органдарының жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
76) ішкі істер органдарында мемлекеттік құпияларды қорғауды, құпиялық режимінің сақталуын ведомстволық бақылауды қамтамасыз етеді;
77) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерге және ішкі істер органдары жүйесінде құпияландыруға жататын мәліметтерге билік етеді, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік мәліметтердің тізбесін жариялау туралы бекітеді;
78) ішкі істер органдарында басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
79) ішкі істер органдарының қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
79-1) Ішкі істер органдарында нысанды киіммен қамтамасыз ету, сақтау, есепке алу және есептен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
79-2) Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киім кию қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасы мен айырым белгілерін әзірлейді және бекітеді;
79-3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
79-4) Бекітілген заттай нормаларға сәйкес ішкі істер органдарының теңгеріміндегі (пайдалануындағы) арттехқару-жарақ мүлкін есепке алу, беру, пайдалану, санаттау, жою, тасымалдау, сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
80) мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында Министрліктің қарамағындағы олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асырады;
81) ішкі істер органдарының жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
82) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар әзірлейді және бекітеді;
83) Министрліктің соттағы, өзге де мемлекеттік органдардағы мүдделерін қорғауды және осы жұмысты жергілікті жерлерде үйлестіруді қамтамасыз етеді;
84) азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың жазбаша арыздарын, өтініштерін және ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады;
85) бағынысты органдар мен ішкі істер бөлімшелерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
86) Министрлік жүйесінің өзіндік қауіпсіздігін, ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, сондай-ақ олардың қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді;
87) барлық деңгейдегі басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша жұмыстың жай-күйі және қарамағандылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасағаны үшін дербес жауапкершілігін қамтамасыз етеді;
88) Министрліктің арнайы мемлекеттік мұрағатына құжаттар қабылдауды, оларды сақтауды, есепке алуды және пайдалануды жүзеге асырады;
89) ведомстволық және жедел есептерді құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
90) ақпараттық және ақпараттық-талдау жүйелерін құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
91) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, арнаулы, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бөлімшелерін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
92) дербес деректерді өңдеу кезінде заңнама және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, Министрліктің ақпараттық ресурстарына ішкі істер органдары бөлімшелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
93) ведомстволық статистикалық, мұрағаттық және өзге де ақпаратты жинауды, жинақтауды, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынуды жүзеге асырады;
94) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыруға қатысады;
95) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
95-1) ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95-2) ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95-3) өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асырады;
95-4) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
95-5) - 95-40) ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95-41) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, сондай-ақ бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін бекітеді;
95-42) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кинологиялық қызметі жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-43), 95-44) және 95-45) тармақшалар 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
95-43) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95-44) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95-45) Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
95-46) Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-47) уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік қамауға алынған адамдарды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-48) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-49), 95-50), 95-51), 95-52), 95-53), 95-54) және 95-55) тармақшалары 2019 ж. 19 сәуірде қолданысқа енгізілді
95-49) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;
95-50) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
95-51) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
95-52) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
95-53) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
95-54) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
95-55) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
95-56) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясын қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолдану қағидаларын бекітеді;
95-57) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әуе-десанттық даярлық қағидаларын бекітеді;
95-58) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы және әскери тасымалдауын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
95-59) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерін (бөлімшелерін) қызметтік-жауынгерлік қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
95-60) теңбіл берет пен теңбіл түсті тельняшканы киіп жүру құқығына біліктілік сынақтарын өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
95-61) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы штабтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
95-62) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-63) денсаулық сақтау органдарына есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың теріс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу бойынша психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiгін қамтамасыз етуде жәрдемдеседi;
95-64) ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 962 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95-65) уәкілетті органдармен бірлесіп, есірткінің, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
95-66) өз құзыретi шегiнде қылмыстарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
95-67) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырады;
95-68) iшкi iстер органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асырады;
95-69) заңнамада белгiленген тәртiппен қылмыс жасаған адамдарды ұстау жөніндегі жедел-iздестiру және бөгеу iс-шараларын, операцияларды жүргiзедi, сондай-ақ оларды өзге де құқық қорғау және арнаулы мемлекеттiк органдардың жүргiзуiне және жүзеге асыруына жәрдем көрсетедi;
95-70) қылмыстарды ашу және қылмыскерлер мен олардың байланыстарын анықтау үшiн ақпараттық-талдамалық жүйелерді пайдаланады;
95-71) борышкерлердi, қылмыс жасаған, анықтау, тергеу немесе сот органдарынан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаларын өтеуден, әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалған және өзге де адамдарды iздестiрудi, танылмаған мәйiттердi сәйкестендiрудi жүзеге асырады;
95-72) арнаулы, құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп, терроризм актілерінің жолын кесу бойынша терроризмге қарсы және арнайы операцияларға қатысады;
95-73) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттермен экстрадицияланатын және сотталған адамдарды қабылдау-тапсыруды ұйымдастырады;
95-74) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің халықаралық практикасын талдайды және қорытындылайды, есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына, олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл жасау шараларын, сондай-ақ осы саладағы заңнаманың қолданылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
95-75) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды;
95-76) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен шет мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарының қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету жөнiндегi сауалдарын орындайды;
95-77) жедел-iздестiру iс-шаралары мен арнайы операциялардың өткiзiлуiн, сондай-ақ жедел-iздестiру iс-шараларын өткiзуге құқығы бар iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi мен қызметкерлерiн бақылауды жүзеге асырады;
95-78) әскери-тергеу органдарының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
95-79) әскери қылмыс жасаған адамдарды іздестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
95-80) әскери қылмыстар жөніндегі жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдарының тергеулігіне жататын қылмыстарды тергейді;
95-81) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;
95-82) құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарын жабу жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
95-83) жедел есепке алуды қалыптастыруды, жүргізуді жүзеге асырады;
95-84) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.
95-85) бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
95-86) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзету қағидаларын бекітеді;
95-87) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзетудің инженерлік-техникалық құралдарымен жабдықтау қағидаларын бекітеді;
95-88) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын келіседі;
95-89) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-90) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердегі (ұйымдардағы) тиісті контингентке медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімділігін белгілейді;
95-91) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
95-92) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
95-93) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен келісу бойынша бекітеді;
95-94) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
95-95) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді, бекітеді, олардың күшін жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
95-96) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;
95-97) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекітеді;
95-98) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және орындайды;
96) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ведомстволардың функциялары:
1) құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу жөнiндегi профилактикалық қызметтi қамтамасыз етеді;
2) заңнамаға сәйкес лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
3) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялау және рұқсаттар беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) лицензиаттардың қызметіне, оның ішінде олардың қойылатын біліктілік талаптарға сай келуіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
5) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, ретке келтірумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді және жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік күзетуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады;
7) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды жүзеге асырады;
8) күзет қызметі субъектілерінен олардың «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы ақпарат сұратады;
9) ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың мінез-құлқымен жұмыстың жай-күйін бақылауды ұйымдастырады;
10) қамаудағылар мен сотталғандарды айдауылдау мен күзетуді бақылауды ұйымдастырады;
11) қорғалуы халықаралық шарттарға сәйкес мемлекетке жүктелген объектілердің күзетілуін қамтамасыз етеді;
12) режимдік және ерекше күзетілетін объектілердің күзетілуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының марапаттық қаруды сақтауына және алып жүруіне рұқсаттар беруді жүзеге асырады.
Заңды тұлғаларға экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензиялар алу үшін өтінішті келіседі (азаматтық пиротехникалық заттар және олар қолданылып жасалған бұйымдар);
15) әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі профилактикалық қызметті қамтамасыз етеді;
16) қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді;
16-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
16-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;
16-3) жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
16-4) өз құзыреті шегінде балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
16-5) балаларға тыйым салынған ақпарат қамтылған ақпараттық өнім кәмелетке толмағандарға таратылған кезде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
17) белгiленген тәртiппен көлiк құралдарына iлесiп жүрудi ұйымдастырады;
18) жүргізуші куәліктерін беруді, сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды ұйымдастырады;
19) жол қозқғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ұйымдастыруға қатысады;
20) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық электрлік көлік желілерін, тұрғын үй кешендерін және жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жаңа көлік құралдары үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссияларға қатысады;
21) жол жүрісін реттеуді ұйымдастырады;
22) мүгедектерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келіседі;
23) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді бақылауды ұйымдастырады;
24 ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;
27) жол қозғалысы және оны қамтамасыз ету саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелер құрады және пайдаланады;
27-1) облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде келіседі;
28) халықты құқықтық тәрбиелеу бойынша шараларды iске асыруды қамтамасыз етеді, құқықтық тәртiп пен iшкi iстер органдары қызметiнiң жай-күйi туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
29) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін, педагогтерді, тәрбиешілерді, оқытуды, тәрбиелеуді және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге де мекеменің басқа да қызметкерлерін анықтауды ұйымдастырады және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады;
30) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды белгіленген тәртіппен қарайды және оларға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
31) ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жіберу немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресімдеу бойынша қызметті ұйымдастырады;
32) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
33) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат іс-әрекеттері, оған итермелейтін себептер мен жағдайлар туралы мүдделі органдар мен мекемелерді хабардар етеді;
34) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкілдерін құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына жәрдемдеседі;
35) қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін қорғауды, олардағы жедел жағдайды бақылауды, қызметшілердің, күдіктілердің, сезіктілердің және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, оларды айдап жүруді жүзеге асырады;
35-1) бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді;
35-2) қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзетуді қамтамасыз етеді;
35-3) қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзету қағидаларын әзірлейді;
35-4) қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзетудің инженерлік-техникалық құралдарымен жабдықтау қағидаларын әзірлейді;
36) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы арыздарын қарауды, оларды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асырады;
37) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
39) ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 962 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
40) - 47) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
48) қылмыс жасағаны немесе күдіктілігі бойынша ұсталғандар мен тұтқындалғандарды, белгілі тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің атқарылуын ұйымдастырады;