4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар және мәдениет саласындағы өзге де іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға;
5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті бұзуға арандататын әрекеттерге жол бермеуге, айналадағыларға қауіп туғызатын құқыққа қарсы акциялар жасамауға міндетті.
3. Жеке тұлғаларға:
1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіруге;
2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта сахналарға, ареналарға, төсеніштерге, оркестр ұраларына, сондай-ақ көрермендер орналасқан орындарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген заттарды лақтыруға;
3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта шарбақтар мен қоршаулардың, турникеттердің шегінен өз бетімен шығуға;
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалануға тыйым салынады.
12-бап. Мемлекеттің азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
1. Мемлекет мәдени өмірге қатысу, мәдени құндылықтарға қол жеткізу, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша білім алу құқықтарын қамтамасыз ету жолымен азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарына кепілдік береді.
2. Мемлекеттік органдар бұқаралық ақпарат құралдарында және мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етеді.
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты және мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ
КӘСІБИ ЕМЕС (ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
13-бап. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Шығармашыл қызметкердің және мәдениет қызметкерінің құқықтары мен міндеттері
1. Шығармашыл қызметкердің:
1) жария етілуі немесе жоғалуы өзінің шығармашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін ақпаратты қорғауға;
2) өз қызметіне үшінші тұлғаларды тартуға;
3) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуға;
4) шығармашылық және кәсіби мүдделері бойынша қоғамдық бірлестіктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кіруге;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін архивтерге, кітапханаларға, музейлерге және басқа да мәдениет ұйымдарына кіруге;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы табыстары үшін көтермеленуге құқығы бар.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мәдениет қызметкерінің:
1) кәсіптік, шығармашылық одақтарға және басқа да қоғамдық бірлестіктерге кіруге;
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) кәсіби қызметін, оның ішінде қайырымдылық көмекті тарту есебінен де жүзеге асыру үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне;
3) егер мемлекеттік емес мәдениет ұйымының қызметкері болса, мемлекеттік бюджет немесе жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;
4) мемлекеттік бюджеттің немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайта даярлықтан өтуге;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақыға және үстемеақыға;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ, мемлекеттің мәдениет саласындағы міндеттерін шешуге қатысуға;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы табыстары үшін көтермеленуге құқығы бар.
Мәдениет ұйымы мәдениет қызметкерінің атқарып отырған лауазымы бойынша санатын жоғарылату мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге құқығы бар.
3. Шығармашыл қызметкер және мәдениет қызметкері өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
15-бап. Шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау
1. Қызметі зиянды (айрықша зиянды) еңбек жағдайларымен, қатерге бас тігумен және кәсіптік аурулар қаупімен байланысты шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және сақтандыру, сондай-ақ оларды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалады.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін қолдау мақсатында тиісті бюджеттер қаражатының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттың есебінен гранттар тағайындай алады.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары шығармашыл қызметкерлерге, шығармашыл қызметкерлердің ұжымдарына студиялар, шеберханалар, зертханалар және шығармашылық қызметке қажет өзге де жұмыс орындары үшін үй-жайлар беруге ықпал етеді.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Шығармашылық одақтар
1. Мәдениет саласындағы бірлескен күш-жігерді талап ететін шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін ерікті негізде шығармашылық одақтар құрылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасында республикалық, өңірлік және жергілікті шығармашылық одақтар құрылып, жұмыс істеуі мүмкін.
3. Қазақстан Республикасы облыстарының тең жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар шығармашылық одақ республикалық деп танылады.
4. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар шығармашылық одақтар өңірлік деп танылады.
5. Қызметі бір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана аумағында жүзеге асырылатын шығармашылық одақтар жергілікті шығармашылық одақтар деп танылады.
5-1. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Шығармашылық одақтардың халықаралық шығармашылық ұйымдармен қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттарымен реттеледі.
7. Шығармашылық одақтарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелік
1. Шығармашылық одақтың жарғысында белгіленген талаптарға сай келетін шығармашыл қызметкердің шығармашылық одаққа кіруге құқығы бар.
2. Шығармашылық одақтың жарғысында кандидаттарға және мүшелерге қойылатын талаптар азаматтардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарына нұқсан келтірмеуге, олардың құрамына тиісті шығармашылық кәсіптердің неғұрлым білікті өкілдерінің бірігуіне, олардың кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал етуге тиіс.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар
Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар азаматтардың, мәдениет ұйымдарының және басқа да заңды тұлғалардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бастамасы бойынша құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 4-тарау 18-1-баппен толықтырылды
18-1-бап. Мәдениет саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар
Автор мен орындаушының құқықтарын пайдалануға байланысты мәдениет саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Мәдениет ұйымдары
1. Мәдениет ұйымдары мәдениет саласындағы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Мәдениет ұйымдары қызметінің түрлерін өз құрылтайшылары айқындайды және олардың жарғыларында көрсетіледі.
4. Мәдениет ұйымдары мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін.
Мәдениет саласындағы қызметті халықаралық мәдениет ұйымдары жүзеге асыра алады.
5. Мәдениет ұйымдарына мыналар жатады:
театрлар;
концерттік ұйымдар (филармониялар);
цирктер;
кинематографиялық ұйымдар;
кітапханалар;
музейлер;
мәдени-демалыс ұйымдары;
көркемөнер галереялары (салондар);
студиялар;
шеберханалар;
мәдени-тарихи орталықтар;
мәдениет саласындағы зерттеу орталықтары (зерттеу институттары);
реставрациялау орталықтары;
музей-қорықтар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы;
мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да мәдениет ұйымдары.
6. Мәдениетті дамыту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын мәдениетті дамыту қорлары құрылуы мүмкін.
7. Мәдениет ұйымдары өздерінің қорларындағы мәдени құндылықтар туралы ақпаратты, сондай-ақ ағымдағы репертуардан алып тасталған театрлық қойылымдардың және (немесе) шығармашылық бағдарламалардың дыбыс-бейне жазбаларын электрондық ақпараттық ресурстарда орналастыру үшін жағдай жасайды.
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Салалық көркемдік кеңестер
2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында уәкілетті орган консультативтік-кеңесші органдарды - театр, музыка қызметі және концерттік қызмет, цирк өнері, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн, әдебиет және кітап басып шығару жөніндегі салалық көркемдік кеңестерді құрады.
Салалық көркемдік кеңестер құрамына мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, мамандар, шығармашылық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
2. Салалық көркемдік кеңестердің негізгі функциялары мәдениет пен өнердің жоғары көркем туындыларын - бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау мақсатында мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 19-2-баппен толықтырылды
19-2-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия
1. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі құратын және тарататын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Уәкілетті орган Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
20-бап. 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
20-1 бап. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау
1. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау олардың негізгі қызметінің тиімділігін бағалау және материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желілері мен құрылымдарын ретке келтіру үшін жүргізіледі.
2. Барлық мемлекеттік мәдениет ұйымдары бес жылда бір рет аттестаттауға жатады.
3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Мәдениет ұйымдарының мәртебесі
1. Мәдениет саласындағы қызметінің айрықша мемлекеттік және қоғамдық мәні бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берілуі мүмкін.
«Ұлттық» мәртебені Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
«Ұлттық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Өз саласында жетекші болып табылатын мемлекеттік мәдениет ұйымдарына жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға ұлттық мәдениет пен өнерді қалыптастырудағы, дамыту мен насихаттаудағы елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі «Академиялық» мәртебе береді.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларға беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кітапханаларына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен «Орталық» мәртебесін береді.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары иеліктен шығаруға жатпайды.
22-бап. Театрлар
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Театрлар - театрлық қойылымдарды жасауды, көпшілік алдында орындауды және (немесе) көпшілік алдында көрсетуді жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомима, сатира және юмор, балалар мен жасөспірімдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттік және өзгелері).
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Театр қызметінің негізгі міндеттері театр мәдениетінің өзіндік болмысын, ұлттық сана-сезімді және Қазақстан халқының тілдерін сақтау және дамыту, сондай-ақ, театрлық қойылымдарды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету, театр қызметінде инновациялық жобаларды іске асыру болып табылады.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Театрлар көркемдік бағыттарды, репертуарды таңдауда, театрлық қойылымдарды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету туралы шешімді қабылдауда, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында халықтың театр іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік театрларға бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік субсидиялар бөлінеді.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Театрдың бүкіл қызметіне тікелей басшылықты театр басшысы жүзеге асырады.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Театрлық қойылымды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Әрбір театрлық қойылымның қоюшы режиссерінің ұсынымдары негізінде мемлекеттік театрдың басшысы қоюшы топты құрады.
Әрбір театрлық қойылымның қоюшы тобы мемлекеттік театрдың шығармашыл қызметкерлері және (немесе) сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер арасынан қалыптастырылады.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Мемлекеттік театрларда әрбір театрлық қойылымның көпшілік алдында орындауға және (немесе) көпшілік алдында көрсетуге дайын екендігі туралы шешімді театрдың көркемдік кеңесінің ұсынымы бойынша театр басшысы қабылдайды.
Мемлекеттік театрдың көркемдік кеңесінің құрамын және ол туралы ережені театр басшысы бекітеді.
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Цирктер
1. Эстрадалық-цирк жанрындағы туындылардың сахналық көрсетілімдерін жүзеге асыратын театр-ойын-сауық ұйымдары цирктер болып табылады.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Цирктер көркемдік бағыттарды, репертуарды таңдауда, эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды жасау және сахнада көрсету туралы шешімдерді қабылдауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті болады.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды жасау және сахнада көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.
3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында мемлекеттік цирктерге бюджет қаражатынан халық үшін цирк іс-шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлінеді.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. Концерттік ұйымдар
1. Концерттік ұйымдар - әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Концерттік ұйымдардың негізгі міндеттері музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, көркемдігі жоғары шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлер жасау үшін жағдайларды қамтамасыз ету, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Концерттік ұйымдар шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлер жүргізуде, репертуар таңдауда дербестікке ие.
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлерді жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.
4. Республика азаматтарын мәдени өмір саласына тарту мақсатында республика халқының барлық жіктерінің концерттік іс-шараларға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер ұсынуға, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік концерттік ұйымдарға мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен субсидиялар бөлінеді.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Кітапхана ісі
1. Кітапхана ісі - міндеттеріне кітапханалар желісін құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхана мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, кітапханалардың дамуын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету кіретін мәдениет саласы.
2. Кітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдары, электронды жеткізгіштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мәдениет ұйымы.
Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжаттардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу, сыйға тарту және мемлекеттік тапсырыс бойынша басып шығарылған кітаптарды өтеусіз алу арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу жолымен де қалыптастырылады.
2-2. 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының аумағында әмбебап, салалық, салааралық, жасөспірімдер, балалар кітапханалары, сондай-ақ көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін арнайы кітапханалар құрылуы мүмкін.
4. Мемлекеттік кітапханалар ақысы міндетті сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
Мемлекеттік кітапханалар:
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
2) кемтар азаматтар үшін материалдар дайындауға;
3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуге және қосымша библиография жасауға;
4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды реставрациялауға;
5) көшпелі ақпараттық - көрме іс-шараларын ұйымдастыруға;
6) білім беру және аудармашылық қызметтерін көрсетуге;
7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасауға;
8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсынуға;
9) құжаттарды электронды жеткізуге, тақырыптық ақпарат іздестіріп, құрастыруға;
10) экскурсиялық қызмет етуге, фото, бейне түсірілімдер жасауға;
11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізуге құқығы бар.
Кітапханалар сирек және құнды басылымдарды беру кезінде салынған кепіл сомасын, кітапхана қорына пайдаланушылар келтірген залал өтемақысының түрлері мен мөлшерін белгілеуге құқылы. Мемлекеттік кітапханалар кітапхана қорына келтірілген залал үшін алынған өтемақы сомаларын тиісті бюджетке аударады.