тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады, үйлестіреді және жүзеге асырады;
373) ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерді, нормативтік құжаттарды, ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
374) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
375) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген азық қоспаларының мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
376) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық құжаттар береді;
377) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды мен қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
378) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды және мониторингті жүзеге асырады;
379) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
380) мыналарды:
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін бекітеді;
381) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар береді;
382) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізеді;
383) ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын келіседі;
384) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
385) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
386) республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды;
387) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
388) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
389) республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
390) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын тиісті саладағы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
391) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
392) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
393) республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
394) республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
395) республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
396) республикалық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілейді;
397) республикалық мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
398) республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
399) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
400) Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын іске асыру туралы шешімінің жобасын әзірлейді;
401) акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтары өзіне берілген жағдайларда, мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал мемлекет қатысатын өзге де акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде директорлар кеңестеріне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсынады;
402) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілін мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің немесе мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына енгізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз етеді немесе қабылдайды;
403) мәліметтерді, оның ішінде өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындайды;
404) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуын қоспағанда) иеліктен шығаруына немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуіне, филиалдарды (өкілдіктерді) құруына келісім беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
405) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешімді келіседі;
406) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
407) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестерді құрады;
408) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат береді;
409) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
410) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
411) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
412) тиісті салада іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
413) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді және тиісті салада олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
414) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөнінде есептерді бекітеді;
415) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысады;
416) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлеуге қатысады;
417) ғылым саласындағы уәкілетті органға «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына қосу үшін кандидатуралар жөнінде ұсыныстар енгізеді;
418) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысады;
419) ғылым саласындағы уәкілетті органға «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
420) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысады;
421) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жеткізу үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;
422) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді және оның нәтижелерін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
423) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихаттау және насихаттауға қарсы қызметті жүргізеді;
424) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
425) ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;
426) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
427) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
428) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
429) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
430) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі жолданымдарын қарайды;
431) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдайды;
432) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
433) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;
434) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру жөніндегі шаралар қабылдайды;
435) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
436) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде берілуін қамтамасыз етеді;
437) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;
438) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат береді;
439) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
440) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
441) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі шаралар қабылдайды;
442) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
443) агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері бойынша ақпаратты беруді қамтамасыз етеді;
444) өз құзыреті шегінде тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квоталарды бөледі;
445) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салады және сандық шектеулер енгізеді;
446) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сандық шектеулерді бөлуді жүзеге асырады;
447) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде квоталардың мөлшерін және квоталардың қолданылу мерзімін айқындайды;
447-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар береді;
447-2) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
447-3) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;
448) өз құзыреті шегінде экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне ұсыныстар енгізеді;
449) өз құзыреті шегінде Министрлік айқындаған тәртіпке сәйкес тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын жүзеге асырады;
450) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
451) «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың және Министрліктің архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
452) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;
453) электрондық ақпараттық ресурстардың толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді;
454) Министрліктің архитектурасын бекітеді және оны іске асыру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
455) «электрондық үкiметтi» дамытуға қатысады;
456) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың Министрліктің қарауындағы ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
457) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;
458) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және өзектілендіруді жүзеге асырады;
459) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (бар болса), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді;
460) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады;
461) электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;
462) өз интернет-ресурстарында Министрліктің ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты орналастырады;
463) интернет-ресурсты Министрліктің интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және өзектендірілуін қамтамасыз етеді;
464) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
465) кәсіби стандарттарды әзірлеу және бекіту кезінде тиісті қызмет салалары мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;
466) операторға «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;
467) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындайды;
468) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлерін ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік бере отырып, жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;
469) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, операторға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;
470) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
471) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді;
472) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекітеді;
473) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген, әзірленіп жатқан құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;
474) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсынады;
475) реттелетін салада мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
476) ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларға және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерге жария талқылау жүргізуді жүзеге асырады;
477) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларға түсіндірме жазбалармен және салыстырма кестелермен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) олар мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін жария талқылау үшін орналастыруды жүзеге асырады;
478) ақпарат берудің сапасы мен уақтылылығына ішкі бақылау жүргізеді;
479) реттелетін салада біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
480) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
481) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, оларды рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
482) реттелетін кәсіптер бойынша сәйкестікті растау және мамандардың біліктілігін беру тәртібін айқындайды;
483) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және қайта қарайды;
484) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге кәсіптік стандарттарды әзірлейді, бекітеді, ауыстырады және қайта қарайды;
485) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстар дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
486) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
487) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
488) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
489) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
490) қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын қарайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және уәжді жауаптар береді;
491) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
492) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындайды;
493) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептердің нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
494) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді;