2) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғылардың, радиациялық қондырғылардың жобалау және пайдалану құжаттамасы;
3) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғыларды, радиациялық қондырғыларды техникалық жаңғыртуға арналған жобалау құжаттамасы;
4) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғыларды, радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару жөніндегі жобалау және пайдалану құжаттамасы.»;
16) 26-бапта:
тақырыптағы «, радиациялық және» деген сөздер «қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «, радиациялық және» деген сөздер «қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «, радиациялық және» деген сөздер «қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уәкілетті орган ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді.»;
8-тармақ алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бірінші - төртінші және алтыншы абзацтарын және 3-тармағы 8) тармақшасының екінші - жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 25 ақпан
№ 12-VІІ ҚРЗ