қайта өңдеуге әкету кезінде - тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат, Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды нысанында ресімдейді.
7. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы әкетілетін бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдар құрамын бақылау:
экспортты лицензиялаудың рұқсат беру рәсімдері кезінде бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдар құрамы туралы құжаттарды ұсыну;
Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды беру;
Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру;
құрамында бағалы металдар бар әкетілетін шикізат тауарларының әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.
Құрамында бағалы металдар бар әкетілетін шикізат тауарларынан олардағы бағалы металдар құрамын мемлекеттік бақылау мақсатында көрсетімдік сынамаларды іріктеу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша сынамаларды іріктеу туралы акт ресімделе отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік техникалық құжаттамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Мемлекеттік бақылау мақсатында бағалы металдар құрамы туралы құжатты аккредиттелген сынақ зертханасы береді және онда құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәлімет қамтылуға тиіс.
8. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мемлекеттік бақылау:
1) бағалы металдарды, оның ішінде бағалы металдардан жасалған монеталарды әкелу және (немесе) әкету кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты;
2) жеке тұлғалардың бағалы металдарды және (немесе) асыл тастарды, оның ішінде зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуі және (немесе) әкетуі кезінде;
3) бағалы металдар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың радиоактивтік және тұрақты изотоптарын әкелу және (немесе) әкету кезінде;
4) құрамында бағалы металдар және (немесе) асыл тастар бар мәдени құндылықтарды әкету кезінде жүзеге асырылмайды.
7-бап. Бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету ерекшеліктері
1. Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде уәкілетті орган бағалы металдар құрамы туралы құжаттар келісімшарт талаптарына және нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асыруға өтінім жібереді.
2. Кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операциялар жасалғанға дейін асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде сараптама жүргізіледі және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.
3. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге әкету кезінде сараптама жүргізіледі және мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.
4. Бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға хабар беруге міндетті.
Қызметтің басталғаны туралы хабарлама негізінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға уәкілетті орган арнайы есепке қойылғаны туралы құжат береді.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
5. Өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Кимберлий процесінің сертификаттау схемасына сәйкес жүзеге асырылады.
8-бап. Бағалы металдарды өндіру
1. Бағалы металдардың аффинаждауға жатпайтын саф түрлерін қоспағанда, бағалы металдар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау үшін бағалы металдарды өндіру субъектілеріне келіп түсуге тиіс.
2. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге ниеті бар тұлға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, уәкілетті орган бекітетін тізбедегі бағалы металдарды өндірудің барлық субъектілерінен тиісті бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алуға міндетті.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған бағалы металдарды өндіру субъектілерінің уәкілетті орган белгіленген шарттарды орындамауы да - осы тармақтың мақсатындағы бас тарту болып табылады.
Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылуы мүмкін:
1) қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың технологиялық тұрғыдан мүмкін болмауы, оның ішінде құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәндерге сәйкес келмеуі;
2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының ұсынылатын көлемін қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау үшін өндірістік қуаттылықтың болмауы немесе жеткіліксіз болуы;
3) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыз болуы.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қажетті қайта өңдеуден өткен бағалы металдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүзеге асырылатын аффинаждау бағалы металдарға меншік құқығының ауысуына әкеп соқпайды.
9-бап. Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығы
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтерін толықтыру үшін мемлекет бағалы металдарды өндіру субъектілерімен және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалармен аффинирленген алтынды сатып алу жөнінде мәмілелер жасасуға басым құқыққа ие болады.
2. Бағалы металдарды өндіру субъектілері және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерде өндірілген аффинирленген алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне басым тәртіппен өткізеді.
3. Бағалы металдарды өндіру субъектілері және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аффинирленген алтынды өндіру және сату болжамының графиктерін алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына - ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аффинирленген алтынды өндіру және сату болжамын, ақша нарығының жай-күйін, ақша-кредит саясатының және халықаралық қаржы нарықтары конъюктурасының көрсеткіштерін негізге ала отырып, алдағы жартыжылдыққа басым құқықты іске асыру шеңберінде сатып алу лимитін бекітеді не алдағы кезеңге (бір айдан жарты жылға дейін) басым құқықты тұтастай іске асырмау туралы шешім қабылдайды.
Бекітілген сатып алу лимиті шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аффинирленген алтынды өндіру және сату болжамының графигін ұсынған әрбір бағалы металдарды өндіру субъектісінен немесе қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иесіне айналған тұлғадан алдағы жартыжылдықта сатып алынатын аффинирленген алтынның көлемін айқындайды.
Сатып алу көлемі не алдағы кезеңге аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырудан бас тарту туралы шешім бағалы металдарды өндіру субъектілерінің және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалардың назарына алдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында - ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жеткізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағалы металдарды өндіру субъектілерінің және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалардың назарына жеткізілген сатып алу көлемін толығымен сатып алуға міндетті.
Егер аффинирленген алтынды өндірудің және сатудың күтілетін көлемі осы баптың 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылған аффинирленген алтынды өндіру және сату көлемінен асып түскен жағдайда, бағалы металдарды өндіру субъектілері және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аффинирленген алтынды өндіру және сату болжамының өзгертілген графиктерін қосымша ұсынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аффинирленген алтынды өндіру және сату болжамының өзгертілген графиктерін алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде аффинирленген алтынды сатып алудың тиісінше өзгертілген көлемін бағалы металдарды өндіру субъектілерінің және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалардың назарына жеткізеді немесе өзгертілген графиктерге сәйкес жаңа көлемді сатып алудан бас тартуды жіберу арқылы бұрын назарына жеткізілген аффинирленген алтынды сатып алу көлемін өзгеріссіз қалдыру туралы хабарлайды.
5. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иесіне айналған тұлғалардың аффинирленген алтынды зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру үшін шикізат ретінде Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын лимитке жеткенге дейін сатуы бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде аффинирленген алтынды сатып алу көлік шығыстары, өткізуге жұмсалатын шығындар және Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы қабылдаған және «Лондондық сапалы өнім беру» («London good delivery») стандарты ретінде осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сай келмейтін аффинирленген алтынды сатып алған жағдайда қолданылатын сапа үшін жеңілдік шегеріле отырып, халықаралық нарықта қалыптасқан бағалар пайдаланыла отырып есептелген баға бойынша жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде аффинирленген алтынды сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бағалы металдарды өндіру субъектісімен немесе қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иесіне айналған тұлғамен жасасқан бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алу лимитіне қол жеткізілген жағдайларда және (немесе) осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес алдағы кезеңге басым құқықты іске асырмау туралы қабылданған шешім болған кезде бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырудан бас тартуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бағалы металдарды өндіру субъектілеріне және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғаларға қатысты олардың назарына жеткізілген аффинирленген алтынды сатып алу көлемі шегінде қолданылмайды.
9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағалы металдарды өндіру субъектілерінен немесе қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалардан аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырудан бас тартқан жағдайда, осы аффинирленген алтын үшінші тұлғаларға өткізілуі мүмкін.
10-бап. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждау
1. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қабылдап алған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтеріне аффинирленген алтынның құймаларын есепке жатқыза отырып аффинаждауға жатады.
2. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген аффинирленген алтын құймаларының құны бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеуге байланысты шығындар шегеріле отырып, бюджетке аударылады.
11-бап. Инвестициялық алтын айналымының ерекшеліктері
1. Инвестициялық алтын айналымы мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалар санаты үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған металл шоттары пайдаланылуы мүмкін.
2. Инвестициялық алтынмен мәмілелерді жүзеге асырған кезде төлем мәміле жүргізу кезінде халықаралық нарықта қалыптасқан бағалар пайдаланыла отырып есептелген бағалар бойынша жүргізіледі.
12-бап. Сараптама жүргізу тәртібі
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сараптама жүргізу қағидаларына, сондай-ақ стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес сараптама өтеулі негізде жүргізіледі.
2. Жеке және заңды тұлғалар сараптама жүргізу үшін уәкілетті ұйымға ерікті тәртіппен, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында және осы Заңның 7-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда міндетті тәртіппен жүгінеді.
3. Уәкілетті ұйым сараптама нәтижелері бойынша жеке немесе заңды тұлға жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама қорытындысын береді.
12-баптың 4-тармағы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындағандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдар уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатады.
13-бап ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
13-бап. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізудің ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі барлық меншікті зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуге жол берілмейді.
Зергерлік және басқа да бұйымдарға көз ретінде жасанды жолмен алынған материалдар пайдаланылған кезде затбелгілерде осы тастың асыл тас емес екені көрсетілуге тиіс.
2. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
15-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 12-бабының 4-тармағын және 13-бабын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қаңтардың 14-і.
№ 444